Freedom Finance Global-ға ITS халықаралық алаңында сауда-саттыққа қатысушылардың мәртебесі берілді

Фридом жаңалықтары

7 маусым 2023, 15:09

2023 ж. 7 маусым, Алматы

Freedom Finance Global-ға ITS халықаралық алаңында сауда-саттыққа қатысушылардың мәртебесі берілді.

ITS сауда-саттығына шығу мүмкіндігі бұл - АҚШ, Еуропа және Азия елдерінен күніне 16 сағат және аптасына бес күн бойы 1600-ден астам акциямен, депозитарлық қолхаттармен және халықаралық ETF қорларымен мәмілелер жасай алатын клиенттер үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер.

Сергей Лукьянов, «Freedom Finance Global» ЖК директорлар кеңесінің Төрағасы:
«Жаңа платформа негізінен классикалық мағынада биржа болып саналмайды, ол NYSE, NASDAQ, HKEX биржаларындағы листингпен АҚШ, Еуропа және Азия елдерінен бағалы қағаздар ұсынылатын көпжақты сауда алаңы болып табылады. Мұндай платформаның қажеттілігі уақытпен белгіленеді және Қазақстанның қор нарығындағы бәсекелестіктің күшеюін білдіреді. ITS командасымен біз жақын арада клиенттерімізге платформаның мүмкіндіктеріне қол жеткізу үшін үлкен ортақ жұмыс тындырдық. ITS сауда-саттығына қатысушы мәртебесін алу бұл – Freedom Finance Global дамуының маңызды кезеңі, ол біздің клиенттерімізге үздік сервис пен мінсіз сауда жағдайларын, олардың арасында сауда-саттыққа қол жеткізудің кеңейтілген уақытын, сондай-ақ шексіз өтімділікті қамтамасыз етуге арналған. Бұл портфельді әртараптандыруға және кез келген нарықтық жағдайда сәтті сауда жасауға мүмкіндік береді».

Шыңғыс Қанапьянов, ITS Басқармасының Төрағасы:
«Біз ITS платформасында жаһандық нарықтың инвестициялық өнімдерінің кең ауқымына мүмкіндік алған Freedom экожүйесінің клиенттерін көргенімізге қуаныштымыз. Freedom командасының кәсібилігі ITS технологияларымен бірге инвесторларға әлемдік нарықтағы үздік бағамен мәмілелер жасауға және әртүрлі инвестициялық стратегияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз Freedom командасына нәтижелі ынтымақтастық және ITS технологияларын Freedom тобының инвестициялық қызметтеріне ойдағыдай біріктіргені үшін алғыс айтамыз».


Анықтамалық ақпарат:

Freedom Finance Global бұл – бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуге мамандандырылған жаңа мүмкіндіктері бар брокер. Компания АХҚО-да тіркелген, AFSA-ның лицензиясы бар және ағылшын құқығының элементтері бар қызметті жүзеге асырады. Freedom Finance Global клиенттері халықаралық қаржы нарықтарындағы биржалық операцияларға (NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), KASE және AIX, сондай-ақ холдингтің ең танымал және сұранысқа ие қызметі - бастапқы орналастыруларға қатысуға (IPO) тікелей қол жеткізе алады. 
Компания Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары (15.10.2019 ж.) Nasdaq Capital Market-те FRHC белгісімен орналастырылды. Freedom Holding Corp. қызметін бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SES, АҚШ) реттейді.

ITS туралы ақпарат
ITS - Қазақстаннан және басқа елдерден келген инвесторларға жаһандық қаржы нарығының мыңдаған инвестициялық өнімдеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін өтімділіктің халықаралық хабы. ITS сауда-саттығында АҚШ, Еуропа және Азия елдерінен акциялар, депозитарлық қолхаттар және халықаралық ETF-қорлар ұсынылады.
ITS best execution қағидаты мен smart order routing технологиясына негізделген бизнес-модельдің арқасында саудаланатын қағаздар бойынша терең өтімділікті қамтамасыз етеді, бұл инвесторларға ITS-те бағалы қағаздармен мәмілелерді жаһандық қаржы нарығының үздік бағасымен және кез келген көлемде жасауға мүмкіндік береді.
ITS-тегі ұзақ сауда сессиясы Астана уақыты бойынша келесі күні сағат 11:00-ден 03:00-ге дейін аптасына бес күн тәулігіне 16 сағатты құрайды, жетекші азиялық, еуропалық және америкалық биржалық алаңдардың жұмыс уақытын қамтиды. 
ITS қызметін оған MTF (multilateral Trading facility) лицензиясын берген «Астана» халықаралық қаржы орталығы реттейді.



БАҚ үшін байланыстар
:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 

E-mail: [email protected]

ITS баспасөз-қызметі
+77777500008
[email protected]




Қазақстан Республикасы Freedom Broker, 050040, Алматы қаласы, Аль-Фараби 77/7 даңғылы, «Esentai Tower» БО, 3 және 7 қабаттар

+7 727 355 75 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555 * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: [email protected]

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді