Freedom Broker компаниясы Алиса-да дағдыны іске қосты. Инвесторлар енді компаниямен өзара іс-қимылды дауыстық көмекшісі бар кез келген құрылғы арқылы жасап, осылайша пайдалы ақпарат ала алады.
Дағды деген не? Дағды Алиса-сы бар құрылғыларға арналған қолданбаларға ұқсайды. Олар пайдаланушыларға сервистермен және компаниялармен табиғи түрде, яғни дауыстың көмегімен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.
Дағдыны мынадай пәрмен бойынша іске қосуға болады: «Алиса, Фридом Брокердің дағдысын іске қос». Бұл ретте пәрменді баяу әрі түсінікті айту қажет.
Қазіргі уақытта дағдыда мынадай мүмкіндіктер қолжетімді:
- Бір жолмен қор нарығының өзекті жаңалықтары.
- Freedom Broker-мен жұмыс жасау жөніндегі нұсқаулықтар: мысалы шотты қалай ашып, толықтыруға болады.
- Қор нарығы мен қаржы туралы білімді тексеруге арналған тест.
Болашақта компания мүмкіндіктер аясын кеңейтіп, дағдыға жаңа пайдалы функцияларды қосуды жоспарлап отыр.
Дағдыға қосылып, инвестициялауға жаңа мүмкіндіктерді Freedom Broker-мен және Алиса-мен бірге ашыңыз.