Брокерлік шотты автоматты түрде толтыру
Инвестициялауды әдетке айналдырыңыз

Freedom Broker платформасындағы жаңа функциямен
Тұрақты инвестиция жасау оңайырақ болды
Автоматтты түрде
Параметрлерді бір рет баптаңыз – әрі қарай шот сіздің қатысуыңызсыз толықтырылады

Сіздің кестеңізбен
Өзіңізге ыңғайлы кезеңділікті таңдаңыз: апта сайын немесе айына бір рет

Ыңғайлы сомаға
Тұрақты толтыру сомасы мен валютасын өзіңіз таңдаңыз

Сіздің бақылауыңызда
Функцияны кез келген уақытта өшіріп, қайта қосуға болады

Freedom Broker қолданбасында
Freedom Broker қолданбасында

«Мәзір» → «Тапсырмалар» → «Қаражат» → «Тұрақты инвестициялар» бөлімін ашыңыз

Валютаны, соманы және толтыру жиілігін көрсетіңіз

Картаны таңдаңыз немесе қосыңыз да, қостырғаныңызды растаңыз

Веб-платформада
«Кабинет» → «Қаражат» → «Тұрақты инвестициялар» бөлімін ашыңыз. Баптап, тапсырманы жіберіңіз
Маңызды шарттары
Ең аз сома
500 KZT, 1 USD немесе 1 EUR
Ең үлкен сома
9 999 USD немесе басқа қолжетімді валютадағы баламасы
Тек шот иесінен толықтыру
Үшінші тұлғалардан аударымдар қабылданбайды.
Стандартты комиссия
Freedom Bank карталарынан 0%, басқа банктердің карталарынан 2%
Жиі қойылатын сұрақтар
Брокерлік шот автоматты түрде қалай толтырылады?
Банк картасынан толтыру сомасы мен жиілігін бір рет баптайсыз. Одан кейін ақша белгіленген кестемен таңдалған брокерлік шотқа автоматты түрде аударылады.
Шотты автоматты түрде қаншалықты жиі толтыруға болады?
Екі жолы бар: апта сайын немесе ай сайын.
Апта сайын толтырған кезде, ақша әр дүйсенбі, ал ай сайын толтырған кезде әр айдың 1-і күні алынады.
Шот алғаш рет қашан толтырылады?
Қызметті қосқаннан кейін бірінші рет ақша бірден алынады. Кейін ақша таңдалған кестеге сай алынады.
Толықтыруға қосымша лимит бар ма?
Иә. Толтыру кезінде карта эмитенті мен эквайер-банктің лимиттері мен шектеулері де қолданылады.
Толтыру операциясы қабылданбауы мүмкін бе?
Иә, ақша алу операциясын карта эмитенті банкі, төлем жүйесі немесе эквайер-банк қабылдамауы мүмкін. Сондай-ақ заңнама талаптары мен компанияның ішкі рәсімдеріне сәйкес санкциялық және AML-тексеру нәтижелері бойынша операция тоқтатылуы немесе қабылданбауы мүмкін.
Ақша алынбаған жағдайда не болады?
Жүйе ақша сәтті алынғанша немесе сіз қызметті өшіргенше, күніне бір рет ақша алуға әрекет жасайды.
Компания қосымша құжаттар сұрата ала ма?
Иә. Лимитке жеткен жағдайда компания қаражаттың қайдан алынғанын растайтын құжаттар мен мәліметтерді сұрата алады.
Шотты толтырғаннан кейін бағалы қағаздар автоматты түрде сатып алына ма?
Жоқ, бұл қызмет брокерлік шотты автоматты түрде толтырады, бірақ мәмілелер жасамайды. Қандай активтерді сатып алу және қаражатты қашан инвестициялау керегін өзіңіз шешесіз.
Шотты автоматты түрде толтыру функциясын өшіруге бола ма?
Иә. Қызметті қолданбада өзіңіз өшіре аласыз.
Қауіпсіздік сессиясы деген не және оны қалай ашуға болады?
Қауіпсіздік сессиясы шотыңызды рұқсатсыз жасалған операциялардан қорғайды, ол жеке басыңызды және шотқа қолжетімділігіңізді растауға көмектеседі. Сессия ашық болған кезде Freedom Broker платформасында сауда жасап, тапсырмалар бере аласыз.
Қауіпсіздік сессиясын бірнеше жолмен ашуға болады:
- Freedom Broker қолданбасындағы push-хабарламадан келген кодпен;
- SMS-кодпен;
- Қолданбадағы Face ID немесе Touch ID арқылы;
- Компьютеріңіздегі веб-платформада — қолданба арқылы QR-кодты сканерлеу арқылы.
Аз жұмыс — мол инвестиция
Автоматты түрде толтыруды 5 минутта баптап, әр жолы бөлек ақша аударуға алаңдамаңыз

Кеңес алу
Инвестордың деректері
