Бизнеске арналған қаржылық шешімдер

Компанияларға өтімділікті тиімді басқаруға, капиталды инвестициялауға және қаржыландыру тартуға көмектесеміз

Бизнеске арналған қаржылық шешімдер
Валюталық құралдар

Валюталық құралдар

Халықаралық мөлшерлемелерге байланысты қаражатты орналастырамыз. Жоғары табыстылық, әртараптандыру және валюталық тәуекелдерді хеджирлеу.

Ықтимал табыстылық
  • Жылына USD валютасында 6%-ға дейін
  • Жылына EUR валютасында 3,2%-ға дейін
Шарттар
  • Инвестиция мерзімі: 1 күннен бастап
  • Табыстылық: халықаралық SOFR және EURIBOR мөлшерлемелеріне байланысты
  • Табысты есептеу: күн сайын немесе мерзім соңында

Жаһандық нарықтардағы инвестициялар

Бизнес міндеттерін, мерзімдерін және тәуекел деңгейін ескере отырып портфельдер құрамыз. Бос қаражатты 1 күннен бастап орналастыру.

Қазақстандық және халықаралық эмитенттердің облигациялары

  • Әртүрлі валюталарда жоғары әлеуетті табыстылық
  • Купондық төлемдердің тұрақты төленуі: ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылда бір рет
  • Екінші нарықтағы жоғары өтімділік
Қазақстандық және халықаралық эмитенттердің облигациялары

ҚР Ұлттық Банкінің ноталары

  • Табыстылық базалық мөлшерлеме деңгейінде
  • 28 күнге қысқа мерзімді орналастыру, пролонгация мүмкіндігімен
  • Міндеттемелердің орындалуына ҚР Ұлттық Банкі 100% кепілдік береді
  • Жеңілдікті салық салу
ҚР Ұлттық Банкінің ноталары

Акциялар және қорлар

  • Халықаралық компаниялардың акциялары, соның ішінде “blue chips”
  • ETF және сенімді құралдардан құралған дайын портфельдер
  • АҚШ, Еуропа және Азия нарықтарына қолжетімділік
Акциялар және қорлар

Бағалы қағаздарды кепілге қою арқылы қаржыландыру

Инвестициялық портфельді сатпай және табыстылықты сақтай отырып өтімділікке қол жеткізіңіз.

Бұл қалай жұмыс істейді

1

Инвестиция жасайсыз: Сенімді бағалы қағаздарды сатып аласыз

2

Кепілмен қарыз аласыз: Осы бағалы қағаздарды кепілге қойып қаржы аласыз

3

Қаражатты пайдаланасыз: Ақшаны бизнесіңіздің кез келген мақсаттарына бағыттай аласыз

Неліктен бұл тиімді

Жылдамдық

  • Бағалы қағаздар портфеліңізді кепілге қойып, жедел қаржыландыру алыңыз
  • Қарапайым және жылдам — қосымша келісулер мен өтінімдерсіз

Төмен құн

  • Инвестициялық позицияңызды жоғалтпайсыз (барлық купондар, дивидендтер және т.б. сақталады)
  • Қаражат тарту құны нарықтағы несиелерге қарағанда едәуір төмен

Икемділік

  • Қаржыландыру мерзімі — 1 күннен бастап өз қалауыңыз бойынша
  • Қарызды мерзім соңында өтеу мүмкіндігі
  • Валюталық тәуекелдерді хеджирлеу

Бизнеске капитал тарту

Компанияларға капитал нарықтары арқылы қаржыландыру тартуға көмектесеміз — бағалы қағаздарды орналастырудың толық процесін ұйымдастырамыз.

Акцияларды шығару және орналастыру

Акционерлік қоғамдарға (АҚ) бастапқы және қайталама орналастыру рәсімдері қолжетімді — IPO және SPO.

Капитал тартудың тиімді тәсілдерінің бірі — бизнестегі үлесті жеке және заңды тұлғалардан тұратын кең ауқымды инвесторларға сату.

Сондай-ақ стратегиялық инвесторларды іздеуге және тартуға көмектесеміз.

Облигацияларды шығару және орналастыру

АҚ немесе ЖШС нысанындағы компанияларға қолжетімді.

Банктерді айналып өтіп, қарыз қаражатын тарту мүмкіндігі: инвесторлар тұрақты купондық табыс алады, ал компания негізгі соманы мерзім соңында қайтарады.

Икемді шарттары бар банктік несиелерге балама.

Бизнесіңіздегі міндеттерді бірге талқылайық

Өз жағдайыңыз туралы айтыңыз — өтімділікті басқару мен инвестициялар бойынша ең тиімді шешімді ұсынамыз.

Бизнесіңіздегі міндеттерді бірге талқылайық

Жиі қойылатын сұрақтар

Компания үшін брокерлік шотты қандай сомадан бастап ашуға болады?

Ең төменгі шек белгіленбеген — шот бос күйінде ашылады, кейін оған кез келген қажетті соманы енгізуге болады.

Тегін. Абоненттік төлем жоқ. Комиссиялар тек мәмілелер жасалған кезде алынады.

Ең төменгі шек белгіленбеген — шот бос күйінде ашылады, кейін оған кез келген қажетті соманы енгізуге болады.

Жеке кәсіпкер (ЖК) брокерлік шот аша ала ма?

Иә, жеке тұлға ретінде. Ашылу рәсімі Freedom Broker мобильді қосымшасы арқылы жеке тұлғаларға арналған стандартты тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының бейрезиденті брокерлік шот аша ала ма?

Иә, ҚР бейрезиденті болып табылатын заңды тұлға брокерлік шот аша алады, АҚШ резиденттігін қоспағанда.

Брокерлік шартпен және басқа құжаттармен қайдан танысуға болады?

Брокерлік қызмет көрсету шарттары мен басқа да пайдалы құжаттар компания сайтында қолжетімді: https://fbroker.kz/documents

Кеңес алу

Инвестордың деректері

Freedom logo

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!