Дербес деректерді өңдеу саясаты
1-тарау. Жалпы ережелер - Осы Дербес деректерді өңдеу саясаты ("Саясат") деректерді қорғау саласындағы "Астана" халықаралық қаржы орталығы ("АХҚО") заңнамасының талаптарына және Freedom Finance Global PLC Жария компаниясының ("Компания") ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленді.
- Осы Саясатта қолданыстағы заңнамада, Компанияның ішкі нормативтік құжаттарында көзделген негізгі ұғымдар мен қысқартулар, сондай-ақ мынадай шартты белгілер пайдаланылады:
-
- Дербес деректер – осы ақпарат негізінде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта тіркелген кез келген ақпарат;
- ДД Субъектісі - Дербес деректердің көмегімен тікелей немесе жанама айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлға;
- Құпия ДД - нәсілдік немесе этникалық шығу тегін, қауымдық тегін, саяси тәуелділіктерін немесе көзқарасын, діни немесе философиялық нанымдарын, соттылығын, кәсіподаққа мүшелігін, денсаулығын немесе жыныстық өмірін ашатын Дербес деректер немесе оларға тікелей де, жанама да қатысты мәліметтер;
- Комиссар - АХҚО 2017 жылғы 20 желтоқсанда қабылдаған № 10 Деректерді қорғау жөніндегі ережеге сәйкес Деректерді қорғау жөніндегі Комиссар (CommissionerofDataProtection) ретінде тағайындалған жеке тұлға;
- Лицензия - АХҚО қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Компанияға берген реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға 2020 жылғы 20 мамырдағы № AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясы.
- Дербес деректер – осы ақпарат негізінде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта тіркелген кез келген ақпарат;
- ДД Субъектісі - Дербес деректердің көмегімен тікелей немесе жанама айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлға;
- Құпия ДД - нәсілдік немесе этникалық шығу тегін, қауымдық тегін, саяси тәуелділіктерін немесе көзқарасын, діни немесе философиялық нанымдарын, соттылығын, кәсіподаққа мүшелігін, денсаулығын немесе жыныстық өмірін ашатын Дербес деректер немесе оларға тікелей де, жанама да қатысты мәліметтер;
- Комиссар - АХҚО 2017 жылғы 20 желтоқсанда қабылдаған № 10 Деректерді қорғау жөніндегі ережеге сәйкес Деректерді қорғау жөніндегі Комиссар (CommissionerofDataProtection) ретінде тағайындалған жеке тұлға;
- Лицензия - АХҚО қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Компанияға берген реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға 2020 жылғы 20 мамырдағы № AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясы.
3. Саясат мыналарды белгілейді:
-
- Дербес деректерді өңдеу қағидаттары;
- Дербес деректерді өңдеудің мақсаттары мен мерзімдері;
- Дербес деректер мен ДД Субъектілерінің жіктелуі;
- Компанияны сәйкестендіретін мәліметтер және өзге де мәліметтер туралы ДД Субъектіні хабардар ету рәсімі;
- Компания жасаған немесе оның атынан жасалған Дербес деректерді өңдеуге қатысты операциялар бойынша жазбалар жүргізу рәсімі;
- Құпия ДД өңдеу жөніндегі операциялар және Дербес деректермен жасалатын өзге де операциялар туралы Комиссарды хабардар ету тәртібі.
2-тарау. Дербес деректерді өңдеу қағидаттары
- Компания Дербес деректерді әділдік, заңдылық және қауіпсіздік қағидаттарына сәйкес өңдейді.
- Дербес деректерді Компания Субъектінің келісімі негізінде оның құқықтарына сәйкес белгілі, айқын және заңды мақсаттар үшін өңдейді.
- Дербес деректерді өңдеу кезінде, олар жиналатын немесе одан әрі өңделетін мақсаттарға қатысты, олардың барабарлығы мен өзектілігі қамтамасыз етіледі. Өңделетін Дербес деректер мәлімделген өңдеу мақсаттарына қатысты артық болмауы тиіс.
- Компания өзі өңдейтін Дербес деректердің:
- дәл екендігіне және қажет болған жағдайда жаңартылатынына;
- Дербес деректердің жиналған немесе одан әрі өңделетін мақсаттар үшін қажет болғаннан аспайтын мерзімде, ДД Субъектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда сақталатынана кепілдік береді.
- Компания алған Дербес деректерді өңдеу, барлық жағдайларда Компанияның нұсқауы бойынша не қолданылатын заңнаманың тиісті талабы негізінде жүзеге асырылады.
- ДД Субъектісі сұрау салу бойынша Компаниядан өзіне қатысты жиналатын және өңделетін Дербес деректер туралы мәліметтерді алуға, сондай-ақ Компаниядан Дербес деректерді түзетуді, жоюды немесе бұғаттауды талап етуге құқылы.
3-тарау. Дербес деректерді өңдеудің мақсаттары мен мерзімдері
- Дербес деректерді өңдеу, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе онсыз жасалатын, Дербес деректерге қатысты кез келген әрекетті (операцияны) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығын, оның ішінде жинауды, жазуды, жүйелеуді, сақтауды, бейімдеуді немесе өзгертуді, алуды, пайдалануды, беру арқылы ашуды, таратуды немесе өзге де беруді, реттеуді немесе құрамдастыруды, бұғаттауды, иесіздендіруді немесе жоюды білдіреді.
- Компания Дербес деректерді келесі мақсаттардың әрқайсысы үшін жинайды және өңдейді:
- Компанияның Директорлар кеңесінің ("Регламент") шешімімен мезгіл-мезгіл бекітілетін Компанияның Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне қосылу;
- Компанияның клиентке регламент талаптарына сәйкес Лицензияда көзделген қызметтерді көрсету;
- клиенттің (оның агенттері мен өкілдерінің), онымен қашықтықтан іскерлік қатынастар орнатқан кезде, сондай-ақ Компания Регламент талаптарына сәйкес электрондық қызметтер көрсеткен кезде, биометриялық сәйкестендірілу;
- Регламент талаптарына сәйкес Компания клиентке көрсететін қызметтерді ішкі бақылау, мониторинг жүргізу және есепке алу;
- Компанияның қаржылық мониторинг субъектісі ретінде клиентті (оның агенттері мен өкілдерін), іскерлік қатынастар орнату және Клиенттің мәмілелерді жүзеге асыру кезінде, қолданылатын заңнаманың талаптарына сәйкес, тиісті тексеруді жүзеге асыру;
- Компанияға және оның үлестес тұлғаларына қолданылатын заңнамалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Компания және оның үлестес тұлғалары ұсынатын қызметтерді әзірлеу және жақсарту;
- Компанияның және оның үлестес тұлғаларының маркетингтік мақсаттар үшін, акциялар өткізу, клиентке кез келген ақпараттық материалдарды ұсыну (жіберу) үшін маркетингтік және жарнамалық акцияларды әзірлеу;
- Қолданыстағы заңнамаға және тиісті шарттардың талаптарына сәйкес, рұқсат етілмеген операциялардың тәуекелін азайту мақсатында, Компанияның клиентті (оның агенттері мен өкілдерін) сәйкестендіруге/аутентификаттауға/авторландыруға және клиент/Компания ұсынған/пайдаланатын мәліметтердің/деректердің/ алгоритмдердің/кодтардың/ таңбалардың/сәйкестендіргіштердің/нөмірлердің нақтылығын (дұрыстығын) тексеруге байланысты, іс-шараларды (міндеттерді) жүзеге асыру және т. б. (оның ішінде Компанияға қолжетімді Дербес деректерді және өзге де мәліметтерді алу/салыстыру арқылы);
- клиенттің және Компанияның өзара қарым-қатынасы шеңберінде жасалған (жасалуы мүмкін) кез келген мәмілелерді/операцияларды жасасуға және/немесе орындауға және/немесе оларға қызмет көрсетуге қатысы бар және/немесе болуы мүмкін үшінші тұлғалармен Компанияның өзара әрекеттестігі;
- Компанияның уәкілетті мемлекеттік органдарға, АХҚО органдарына, аудиторлық, консалтингтік, бағалау және өзге де кәсіптік ұйымдарға, Компанияның үлестес тұлғаларына, дерекқор операторларына, байланыс операторларына, Компанияның контрагенттеріне есептілік және/немесе ақпарат беруі, сондай-ақ Компанияның аталған тұлғалардан есептілік және/немесе ақпарат алу;
- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін, қолданылатын құқық талаптарын ескере отырып, ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық активтерді интеграциялау саласындағы ынтымақтастықты іске асыру мақсатында Компанияның үлестес тұлғаларына және үшінші тұлғаларға дербес деректерді ұсыну;
- Регламент бойынша құқықтарды ықтимал беру;
- Компанияның мәліметтер мен ақпаратты сақтау және есепке алу жөніндегі қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау;
- Регламентте көзделген міндеттемелерді орындауға байланысты даулар туындаған жағдайда, оның ішінде Компания қызметтерін көрсету мәселелері бойынша үшінші тұлғалармен даулар туындаған жағдайда, Компания құқықтарын сот арқылы және соттан тыс қорғауды іске асыру;
- клиенттің өтініштерін, шағымдарын, ұсыныстарын қарауға және оларға жауаптар беруге байланысты, оның ішінде пошта, курьерлік қызметінің қызметтері арқылы жөнелту (жеткізу немесе алу) үшін хат-хабарларды (поштаны) беру (алу) кезінде ақпарат алмасу;
- Компанияның клиентке телефон байланысын, электрондық поштаны, сондай-ақ тікелей маркетингті қоса алғанда, кез келген басқа да қолжетімді байланыс арналарын пайдалана отырып, хабарлама арқылы кез келген ақпараттық материалдарды, оның ішінде Компанияның өнімдері мен қызметтері туралы ұсыну;
- Компания қызметкерлерінің ішкі тексерулер мен тергеулер жүргізу;
- Компанияның қолданыстағы заңнаманың кез келген өзге талаптарын орындауы.
- Дербес деректерді Компания ДД Субъектісі мен Компания арасындағы Регламент негізінде туындайтын құқықтық қатынастардың барлық мерзімі ішінде өңдейді және Компания ДД Субъектісінің Компаниямен құқықтық қатынастары тоқтатылғаннан кейін үш жыл бойы кез келген тасымалдағышта (электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта сақтайды.
4-тарау. Дербес деректер мен ДД Субъектілерінің жіктелуі
- Компания Дербес деректер мен құпия ДД-ді ажыратады, бұл ретте Компания Құпия ДД-ді өңдеуді жүзеге асырмайды.
- Компания ДД Субъектілерінің келесі санатының Дербес деректерін өңдеуді жүзеге асырады:
- Компанияның Интернет-ресурсын (ffin.global) пайдаланушылар болып табылатын жеке тұлғалар;
- Регламентке қосылуға ниет білдірген жеке тұлғалар;
- Компанияның клиенттері болып табылатын жеке тұлғалар және олардың өкілдері;
- Компанияның қызметкерлері болып табылатын жеке тұлғалар және олардың жақын туыстары;
- жұмыстарды орындауды немесе қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын және Компаниямен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалар;
- Компанияның басқару органдарына кіретін жеке тұлғалар;
- Дербес деректері көпшілікке қолжетімді, ал оларды өңдеу олардың құқықтарын бұзбайтын және қолданылатын заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке тұлғалар;
- Компанияның үлестес тұлғалары болып табылатын жеке тұлғалар;
- Компанияға өз Дербес деректерін өңдеуге келісім берген өзге де жеке тұлғалар.
5-тарау. ДД Субъектісінің келісімі
- Компания, өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде, осы Саясатта белгіленген Дербес деректерді өңдеу қағидаттарын, сондай-ақ қолданылатын заңнаманың талаптарын ескере отырып, Компанияның мынадай іс-әрекеттеріне ДД Субъектілерінің келісімін алуды қамтамасыз етеді:
- Компанияның Дербес деректерді қағаз нұсқасында да, электрондық форматта да, ауқымдарда (қандай да бір шама (параметр) бойынша тиісті деректерді табуға мүмкіндік беретін деректер жиынтығы) және (немесе) дерекқорларында жинауы және өңдеуі;
- Компанияның Дербес деректерді Компанияның үлестес ұйымдарына және өзге де үшінші тұлғаларға беруі, егер оларды беру қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес немесе аталған үшінші тұлғалармен шарт бойынша міндеттемелерді орындау талап етілсе, бұл ретте Компания аталған тұлғалардан берілген Дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуді талап етуге міндеттенеді; және
- қажет болған жағдайда Компанияның Дербес деректерді трансшекаралық беруі, яғни Дербес деректерді шет мемлекеттердің, оның ішінде 2018 жылғы 22 қаңтарда АХҚО қабылдаған № 1 Деректерді қорғау жөніндегі қағидаларда белгіленген барабар қорғау дәрежесі бар юрисдикциялар тізіміне кірмейтін мемлекеттердің аумағына беруі.
6-тарау. ДД Субъектісін хабардар ету
- Компания, ДД Субъектісіне мұндай ақпарат бұрыннан белгілі деп санайтын жағдайларды қоспағанда (мысалы, оны ДД Субъектісі таныс болған Регламентке енгізуге байланысты), Компания ДД Субъектісіне Дербес деректерді жинау басталғаннан кейін дереу келесі ақпаратты ұсынады:
- Компанияны сәйкестендіретін мәліметтер;
- Дербес деректер жиналатын өңдеу мақсаттары;
- Дербес деректерді әділ өңдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат (Дербес деректерді жинаудың нақты мән-жайларын ескере отырып), оның ішінде, мысалы:
- Дербес деректерді алушылар немесе олардың санаттары;
- сұрақтарға жауаптар міндетті немесе міндетті емес екендігі туралы нұсқау;
- ДД Субъектісінің Дербес деректер туралы мәліметтерді алу, Дербес деректерді түзету, жою немесе бұғаттау құқықтары;
- Дербес деректер тікелей маркетинг мақсатында пайдаланылатыны туралы ақпарат;
- өңдеу кезінде Дербес деректерді өңдеуге қойылатын жалпы талаптар немесе Құпия ДД өңдеуге қойылатын талаптардың сақталатындығы.
- ДД Субъектісін жоғарыдағы 1-тармақта көрсетілген мәліметтер туралы хабардар ету, Компанияның Интернет-ресурсында (ffin.global) немесе Регламентте айқындалған тәсілдермен тиісті ақпарат беру жолымен жүзеге асырылады.
7-тарау. Дербес деректермен операциялар бойынша жазбалар жүргізу
- Компания, Компания жасаған немесе оның атынан жасалған Дербес деректерді өңдеуге қатысты операциялар туралы, келесі жазбаларды сақтайды:
- Дербес деректерді өңдеу жөніндегі операциялардың сипаттамасы;
- Дербес деректерді өңдеу жөніндегі операциялардың мақсатын түсіндіру;
- Дербес деректер жататын ДД Субъектілерінің жеке басы немесе егер операциялар ДД Субъектілерінің класына қатысты болса, ДД Субъектілер класының сипаттамасы;
- өңделетін Дербес деректер класының сипаттамасы;
- Компания Дербес деректерді беріп жатқан немесе беретін АХҚО аумағынан тыс юрисдикциялардың тізімі, сондай-ақ, осындай юрисдикциялардың әрқайсысы бойынша, АХҚО 2017 жылғы 20 желтоқсанда қабылдаған № 10 Деректерді қорғау жөніндегі ереженің талаптарына сәйкес, осы юрисдикцияның Дербес деректерді қорғаудың барабар дәрежесі бар-жоғы туралы мәліметтер.
8-тарау. Комиссарды хабардар ету
- Компания Комиссарға, Компания немесе оның атынан жасалған немесе жасалатын Дербес деректерді өңдеу жөніндегі мынадай операциялардың егжей-тегжейлері туралы хабарлауға міндетті:
- Құпия ДД өңдеу бойынша кез келген операция (немесе осындай операциялар жиынтығы);
- АХҚО аумағынан тыс юрисдикция аумағындағы алушыға Дербес деректерді беруді көздейтін, Дербес деректерді өңдеу жөніндегі кез келген операция (немесе осындай операциялар жиынтығы) егер мұндай юрисдикцияда, 2017 жылғы 20 желтоқсанда АХҚО қабылдаған № 10 Деректерді қорғау жөніндегі ереженің талаптарына сәйкес, Дербес деректерді қорғаудың барабар дәрежесі болмаса.
- Дербес деректерді өңдеу жөніндегі операцияларға қатысты хабарлама мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
- Дербес деректерді өңдеу жөніндегі операциялардың жалпы сипаттамасы;
- Дербес деректерді өңдеу жөніндегі операциялардың мақсатын түсіндіру;
- Дербес деректер жататын ДД Субъектілерінің жеке басы немесе, егер операциялар ДД Субъектілерінің класына қатысты болса, ДД Субъектілер класының сипаттамасы;
- өңделетін Дербес деректер класының сипаттамасы;
- Компания Дербес деректерді беріп жатқан немесе беретін АХҚО аумағынан тыс юрисдикциялар, сондай-ақ, осындай юрисдикциялардың әрқайсысы бойынша, АХҚО 2017 жылғы 20 желтоқсанда қабылдаған № 10 Деректерді қорғау жөніндегі ереженің талаптарына сәйкес, осы юрисдикцияның Дербес деректерді қорғаудың барабар дәрежесі бар-жоғы туралы мәліметтер.
- Положения по защите данных № 10, принятого МФЦА 20 декабря 2017 года.
- Дербес деректерді өңдеу жөніндегі операциялар туралы хабарлама Комиссарға операциялар басталғаннан кейін күнтізбелік 14 күннен кешіктірілмей берілуге тиіс, және, егер мұндай операциялар хабарланған күннен бастап бір жылдан астам уақытқа созылған жағдайда, әрбір келесі жылы бірінші хабарлама берілген күні.
- Компания Комиссарға, хабарламасы Комиссарға жіберілген Дербес деректерді өңдеу жөніндегі операциялар туралы мәліметтердің өзгергені туралы, олар өзгерген күннен бастап 14 күннен кешіктірмей хабарлайды.
9-тарау. Қорытынды ережелер
- Осы Саясаттың талаптарын тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік, Компанияның өзінің лауазымдық міндеттерін орындау шеңберінде Дербес деректерге қол жеткізе алатын барлық қызметкерлеріне жүктеледі.
- Осы Саясатпен реттелмеген мәселелер, қолданылатын құқық нормаларына және/немесе Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес шешілуге жатады.
Freedom Finance Global PLC Дербес деректерді өңдеу саясатына Қосымша
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
Мен, өз еркіммен және өз мүддеммен еркін әрекет ете отырып, өз қызметін "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - "АХҚО") заңнамасына сәйкес және реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған 2020 жылғы 20 мамырдағы № AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясы (бұдан әрі – "Лицензия") негізінде жүзеге асыратын FreedomFinanceGlobalPLC жария компаниясына, БСН 200240900095, (бұдан әрі – "Компания"), мерзімсіз негізде, Компанияның мынадай іс-әрекеттеріне өзімнің сөзсіз, нақты, ақпараттандырылған және саналы келісімімді беремін:
- Компанияның менің Дербес деректерімді (яғни маған қатысты кез келген деректерді) қағаз нұсқасында да, электрондық форматта да, ауқымдарда (қандай да бір шама (параметр) бойынша тиісті деректерді табуға мүмкіндік беретін деректер жиынтығы) және (немесе) Компанияның дерекқорында жинауы және өңдеуі, соның ішінде маған қатысты келесі деректерді жинау және өңдеу:
- тегі;
- аты;
- әкесінің аты;
- туған күні;
- төлқұжат деректері;
- тіркеу мекен-жайы;
- нақты тұрғылықты мекен-жайы;
- Компанияның Интернет-ресурстарында болған кезімде автоматты түрде берілуі мүмкін деректерді, оның ішінде мынадай деректерді жинау және өңдеу:
- IP адресі;
- cookies ақпараты;
- шолғыш туралы ақпарат (немесе жарнаманы көрсетуге қол жеткізетін басқа бағдарлама);
- қол жеткізу уақыты;
- Жарнама блогы орналасқан беттің адресі;
- реферер (алдыңғы беттің мекен-жайы);
бұл ретте мен, жоғарыдағы 1) және 2) тармақтардағы деректер, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де деректерді сақтайтын және өңдейтін ақпараттық талдамалық жүйелерге берілуі мүмкін екенін және IP-адресі туралы статистиканы жинау техникалық мәселелерді анықтау және шешу, сондай-ақ жүргізілетін қаржылық төлемдердің заңдылығын бақылау мақсатында пайдаланылуы мүмкін екенін түсінемін;
3. Компания менің Дербес деректерімді Компанияның үлестес ұйымдарына және өзге де үшінші тұлғаларға беруі, егер оларды беру қолданыстағы заңнаманың талаптарына немесе аталған үшінші тұлғалармен шарт бойынша міндеттемелерді орындауға сәйкес талап етілсе, Компания аталған тұлғалардан берілген Дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуді талап етуге міндеттенген жағдайда;
4. Компанияның менің Дербес деректерімді трансшекаралық беруі, яғни менің Дербес деректерімді шет мемлекеттердің, оның ішінде 2018 жылғы 22 қаңтардағы АХҚО қабылдаған № 1 Деректерді қорғау туралы Қағидаларда белгіленген барабар қорғау дәрежесі бар юрисдикциялар тізіміне кірмейтін мемлекеттердің аумағына беруі.
Осы арқылы мен бұл туралы хабарланғанымды растаймын:
- Дербес деректерді өңдеу, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе онсыз жасалатын, дербес деректерге қатысты кез келген әрекетті (операцияны) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығын, оның ішінде жинауды, жазуды, жүйелеуді, сақтауды, бейімдеуді немесе өзгертуді, алуды, пайдалануды, беру арқылы ашуды, таратуды немесе өзге де беруді, реттеуді немесе құрамдастыруды, бұғаттауды, иесіздендіруді немесе жоюды білдіреді;
- менің Дербес деректерімді Компания келесі мақсаттардың әрқайсысы үшін жинайды және өңдейді:
- Компанияның Директорлар кеңесінің ("Регламент") шешімімен мезгіл-мезгіл бекітілетін Компанияның Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне қосылу;
- Компанияның маған, Лицензияда көзделген қызметтерді, Регламент талаптарына сәйкес көрсету;
- клиенттің (оның агенттері мен өкілдерінің), онымен қашықтықтан іскерлік қатынастар орнатқан кезде, сондай-ақ Компания Регламент талаптарына сәйкес электрондық қызметтер көрсеткен кезде, биометриялық сәйкестендірілу;
- Регламент талаптарына сәйкес Компания маған көрсететін қызметтерді ішкі бақылау, мониторинг жүргізу және есепке алу;
- Компанияның қаржылық мониторинг субъектісі ретінде клиентті (оның агенттері мен өкілдерін), іскерлік қатынастар орнату және Клиенттің мәмілелерді жүзеге асыру кезінде, қолданылатын заңнаманың талаптарына сәйкес, тиісті тексеруді жүзеге асыру;
- Компанияға және оның үлестес тұлғаларына қолданылатын заңнамалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Компания және оның үлестес тұлғалары ұсынатын қызметтерді әзірлеу және жақсарту;
- Компанияның және оның үлестес тұлғаларының маркетингтік мақсаттар үшін, акциялар өткізу, клиентке кез келген ақпараттық материалдарды ұсыну (жіберу) үшін маркетингтік және жарнамалық акцияларды әзірлеу;
- Қолданыстағы заңнамаға және тиісті шарттардың талаптарына сәйкес, рұқсат етілмеген операциялардың тәуекелін азайту мақсатында, Компанияның клиентті (оның агенттері мен өкілдерін) сәйкестендіруге/аутентификаттауға/авторландыруға және клиент/Компания ұсынған/пайдаланатын мәліметтердің/ деректердің/ алгоритмдердің/ кодтардың/ таңбалардың/ сәйкестендіргіштердің/ нөмірлердің нақтылығын (дұрыстығын) тексеруге байланысты, іс-шараларды (міндеттерді) жүзеге асыру және т. б. (оның ішінде Компанияға қолжетімді Дербес деректерді және өзге де мәліметтерді алу/салыстыру арқылы);
- клиенттің және Компанияның өзара қарым-қатынасы шеңберінде жасалған (жасалуы мүмкін) кез келген мәмілелерді/операцияларды жасасуға және/немесе орындауға және/немесе оларға қызмет көрсетуге қатысы бар және/немесе болуы мүмкін үшінші тұлғалармен Компанияның өзара әрекеттестігі;
- Компанияның уәкілетті мемлекеттік органдарға, АХҚО органдарына, аудиторлық, консалтингтік, бағалау және өзге де кәсіптік ұйымдарға, Компанияның үлестес тұлғаларына, дерекқор операторларына, байланыс операторларына, Компанияның контрагенттеріне есептілік және/немесе ақпарат беруі, сондай-ақ Компанияның аталған тұлғалардан есептілік және/немесе ақпарат алу;
- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін, қолданылатын құқық талаптарын ескере отырып, ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық активтерді интеграциялау саласындағы ынтымақтастықты іске асыру мақсатында, Компанияның үлестес тұлғаларына және үшінші тұлғаларға дербес деректерді ұсыну;
- Регламент бойынша құқықтарды ықтимал беру;
- Компанияның мәліметтер мен ақпаратты сақтау және есепке алу жөніндегі қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау;
- Регламентте көзделген міндеттемелерді орындауға байланысты даулар туындаған жағдайда, оның ішінде Компания қызметтерін көрсету мәселелері бойынша үшінші тұлғалармен даулар туындаған жағдайда, Компания құқықтарын сот арқылы және соттан тыс қорғауды іске асыру;
- клиенттің өтініштерін, шағымдарын, ұсыныстарын қарауға және оларға жауаптар беруге байланысты, оның ішінде пошта, курьерлік қызметінің қызметтері арқылы жөнелту (жеткізу немесе алу) үшін хат-хабарларды (поштаны) беру (алу) кезінде ақпарат алмасу;
- Компанияның маған телефон байланысын, электрондық поштаны, сондай-ақ тікелей маркетингті қоса алғанда, кез келген басқа да қолжетімді байланыс арналарын пайдалана отырып, хабарлама арқылы кез келген ақпараттық материалдарды, оның ішінде Компанияның өнімдері мен қызметтері туралы ұсыну;
- Компания қызметкерлерінің ішкі тексерулер мен тергеулер жүргізу;
- Компанияның қолданыстағы заңнаманың кез келген өзге талаптарын орындауы;
- менің дербес деректерімді Компания, Компаниямен құқықтық қатынастарым тоқтатылғаннан кейін үш жыл бойы, кез келген тасымалдағышта (электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта) сақтайтын болады;
- Компания алған менің дербес деректерімді өңдеу, барлық жағдайларда Компанияның нұсқауы бойынша не қолданылатын заңнаманың тиісті талабы негізінде жүзеге асырылатын болады;
- мен Компаниядан, маған қатысты жиналатын және өңделетін дербес деректерім туралы мәліметтерді сұрату бойынша алуға, сондай-ақ Компаниядан [email protected] электрондық пошта мекенжайына тиісті сұрау немесе талап беру арқылы менің дербес деректерімді түзетуді, жоюды немесе бұғаттауды талап етуге құқылымын.
Осы Келісімді мен, пошта байланысы арқылы жазбаша өтінішті келесі мекен-жайға: 010016, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16 ғимарат, 2 ішкі бөлмесі немесе [email protected] электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы, кез келген уақытта қайтарып ала аламын.