Трейдер жазылымы

Сауда туралы эфирлер | Оқыту | Инвест-қоғамдастық 

• Шынайы уақытта орта мерзімді және күн ішіндегі сауданы қадағалаңыз
• Тәлімгер белсенді трейдинг кезінде капиталды жоғалтпауды үйретеді
• Пікірлестер командасынан көмек алыңыз

Трейдер жазылымы

Трейдер жазылымына нелер кіреді

Күнделікті сауда туралы эфирлері

Жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 18:10 | Мәскеу уақыты бойынша сағат 16:10 қосылыңыз 

Тәлімгермен бірге сауда жасаңыз. Шынайы уақытта оның сауда шешімдерін қалай қабылдайтынын бақылап, іс жүзінде орта мерзімді және қысқа мерзімді сауда әдістерін пайдалануды үйренесіз

Тәлімгер өзінің іс-әрекетін жан-жақты түсіндіріп, мұндай мәмілелерді өз бетінше қалай табуға болатынын айтып береді.

Трейдинг бойынша авторлық бейнекурс

Біліміңізді шыңдайсыз

Трейдингті сенімді бастау үшін қажетті барлық базалық және қолданбалы ақпаратты алыңыз

Сіз акцияларда да, опциондарда да қысқа мерзімді және орта мерзімді сауданың қалай жұмыс істейтінін      түсінесіз. Шешім қабылдауды, тәуекелдерді түсінуді және сауда стратегиясын құруды үйренесіз

Мессенджер-арна және командалық қолдау

24/7 қолжетімді

Ашық      сөйлесі қателіктерге жол бермеуге, қиын сәттерде      көмек алып, Тәлімгермен және Командамен мақсатқа қарай жылжуға мүмкіндік береді

Егер сауда туралы эфирге қатысуға мүмкіндік болмаса, сіз мәмілелердің барлығын жабық арнада бақылай аласыз. Онда мәмілелердің барлық параметр     і нақты көрсетілген сауда әрекеттері қайталанады. Трансляциядан кейін Тәлімгер ағымдағы нарықтық ахуал мен орта мерзімді      портфелді егжей-тегжейлі талдауды қамтитын қысқа бейнебаян жібереді.

Жазылым кімдерге қолайлы болады

Белсенді сауда жасауға тырыссаңыз

Күн ішіндегі трейдинг - биржалық сауданың күрделі түрлерінің бірі. Жаңадан бастаушылардың өз бетінше нәтижеге жету мүмкіндігі аз. Ақшаңыз бен уақытыңызды жоғалтпаңыз, тәжірибелі Тәлімгердің қолдауымен сауда жасаңыз!

Трейдингті негізгі қызметпен біріктіргіңіз келсе

Орта мерзімді сауда портфелінің едәуір түсуіне жол бермей, нарық өзгерістеріне уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді

Тәлімгер аптасына бірнеше сағат бойы сауда жасай отырып, бұл әдісті қалай қолдану керектігін көрсетеді

Саудада тәртіп жетіспесе

Сауда жүйесін бірлесіп ұстану, Тәлімгердің ұстамдылығының нақты мысалдары мен командалық орта эмоцияны бақылауға көмектеседі және қиын сәттерде қолдайды.

Трейдингте айқын нәтиже болмаса

Эфирлерге қатысу Тәлімгерм ен тұрақты түрде байланыста болуға және қателерді бірлесіп талдауға мүмкіндік береді. Сіз проблемалық жайттарды анықтап, шешімдер тауып, нәтижелерді жақсарта аласыз.

Командада сауда жасағыңыз келсе

Тәжірибе алмасу, нарықтық жағдай туралы пікірталастар және командалық өзара іс-қимыл сіздің сауда стратегияларыңызды дамыту және бірегей практикалық дағды алу үшін қолайлы орта қалыптастырады.

Белсенді трейдинг жасап көруді ойлап жүрсеңіз

Тәлімгер теориядан нақты практикаға дейінгі жолды қысқартуға көмектеседі. Жазылымдағы ай сайынғы шеберлік сабақтары барлық қажетті базалық білімді береді. Эфирде Тәлімгер теорияны істе қалай қолдануға болатынын көрсетеді және авторлық тәсілдерін үйретеді.

Виктор Степанович

Виктор Степанович

2015 жылдан бастап қаржы нарықтарында сауда жасайды
Жаңадан бастаушы скальперден бастап акциялар мен опциондарда кәсіби интрадей трейдерге дейін жол өткерді.

Техникалық және іргелі талдау негізінде авторлық сауда тәсілін пайдаланады.

5 жылдан астам уақыт бойы күнделікті өз саудасын онлайн эфирде көрсетті.

Виктор өзінің сауда тәсілі жайлы былай дейді:
«Менің трейдер ретінде мансабым студенттік кезеңнен басталды. Жастық шақта қан қызуымен мен өзіммен күресудің барлық сатыс     ынан өттім. Ең үлкен тәжірибені өз қателерімнен алдым. Одан әрі талдау және негізі тәртіп, психология және тәуекел-менеджмент болып табылатын нақты сауда тәсілін жасау. Мен капиталдың оң өсуіне тек сауда      қағидаларын сақтай отырып қана қол жеткізуге болатынына сенімдімін, ол алай-дүлей сезімді еңсеруге және нарықтың құбылмалылығын капитал пайдасына айналдыруға көмектеседі».

Ален Достанов

Ален Достанов

2020 жылдан      бері қаржы нарықтарында сауда жасайды
Опциондардағы үздік алыпсатарлық мәміле кірістіліктің 6000%-ын әкелді

100-ден астам адамға өзінің авторлық әдістемесін үйретті

2022 жылдан бері дейтрейдингтің күрделі дағдысын үйретіп келеді және өзінің нақты мәмілелерін көрсетеді

Ален өзінің сауда тәсілі жайлы былай дейді:
«Мен трейдингтегі мансабымды бастағанда, әрине, шығынға ұшырадым. Алайда білім мен тәжірибе осы саланы игеріп, табыс табуға көмектесетінін түсіндім. Түрлі дереккөз     ден ақпарат іздеп, нәтиже беретін әдістерді таптым. Өзімнің білімім мен алған тәжірибемнің негізінде мен сауданың авторлық жүйесін әзірледім. Айта кету керек, трейдингте табысқа жету үшін шыдамдылыққа ие болу керек, ең бастысы тәуекелді басқаруды үйрену керек, өйткені бұл трейдер әсер ете алатын жалғыз нәрсе».

Жандос Касжанов

Жандос Касжанов

2020 жылдан бері қаржы нарықтарында сауда жасап келеді
Криптовалюта нарығындағы скальперден Америка қор биржасындағы кәсіби орта мерзімді трейдерге дейін жол өткерді

Өтінімдер стақаны мен принт таспасын талдау негізінде өзінің авторлық сауда тәсілін пайдаланады

Трейдинг бойынша 3 жылдан астам авторлық шеберлік сабақтарын өткізді, өз саудасын тікелей эфирде көрсетеді

Жандос өзінің сауда тәсілі туралы былай дейді:
«Адамдардың көбі      сияқты      қателерім мен сәтсіздіктерім болды     . Алдымен трейдингтің барлық қыр-сырларын үйрену, содан кейін ғана алаңға шығу маңызды екенін тез түсіндім. Маған тәжірибелі тәлімгерлер мен трейдерлер қауымдастығы көмектесті. Күнделікті жасалған сауданың 5 жылында мен нарықтың шағын құрылымын тиімді талдауды үйрендім және осының негізінде өзімнің авторлық сауда тәсілімді қалыптастырдым».

Трейдер жазылымының апта сайынғы нәтижелері

Gallery 1
Gallery 2
Gallery 3

Тәлімгерлер стратегиясы

Нарық бағытына қарамастан

Қазір нарықтың өсіп келе жатқаны немесе құлдырап жатқаны маңызды емес. Тәлімгерлердің алыпсатарлық стратегиялары кез келген жағдайда позиция ашуға мүмкіндік береді.

Позицияларды бір күннен бірнеше айға дейін ұстап қалу

NYSE және NASDAQ биржаларында ұсынылған барынша өтімді акциялар, ETF қорлары және опциондар пайдаланылады. Позициялардың көлемі орташа есеппен капиталдың 20%-ын құрайды. Залалдың пайдаға арақатынасы екіге кемінде бірді құрайтын мәмілелер іске асырылады.

Жаңалықтар аясын техникалық талдау және бағалау

Жаңалықтар аясын ескере отырып, болашағы зор «ойындағы акциялар» іріктеліп алынады. Бұдан әрі авторлық тәсілдермен толықтырылған графиктерді классикалық талдаудың көмегімен залалдың пайдаға берілген арақатынасына сәйкес келетін кіру нүктесі іздестіріледі

Көрсетілім кестесі

 

22 мамыр 26 мамыр 27 мамыр 28 мамыр 29 мамыр

18:10 Астана бойынша

16:10 Мәскеу бойынша

 

 

 

 

Трейдер жазылымын қалай қосуға болады

1

Өтінім қалдырыңыз

Жұмыс күні ішінде Әкімші сізге хабарласып, сұрақтарыңызға жауап береді.

2

Трейдер жазылымы тарифін қосыңыз

Freedom Broker Қазақстан-дағы брокерлік шотыңызға Трейдер жазылымы тарифін қосыңыз. Сізге Әкімші көмектеседі – бұл 3 минуттан аспайды.

3

Оқуға және эфирге қол жеткізіңіз

Әкімші эфирлер өтетін, мәмілелер және барлық шеберлік сағат ының жазбалары туралы ақпарат жарияланатын Telegram-арнаға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Хабарландыруларды қосуды ұмытпаңыз!

Трейдер жазылымын қосыңыз

Күнделікті эфирде өз мәмілелерімізді көрсетеміз және сіздің сауда-саттығыңыздың нәтижелерін жақсартуға көмектесеміз.

Өтінім қалдырып, Тәлімгерлердің қолдауымен сауда жасаңыз!

Трейдер жазылымын қосыңыз

Қосылу туралы жиі қойылатын сұрақтар

Трейдер жазылымын қалай қосуға болады?

Трейдер жазылымын қосу үшін өтінім қалдырыңыз. Сіздің электрондық поштаңызға нұсқаулық келіп түседі және жұмыс күні ішінде Әкімші Сізге хабарласады. Ол сұрақтарыңызға жауап беріп, тарифті қосуға көмектеседі.

«Трейдер жазылымы» тарифінде мынадай шарттар бар: ай сайынғы абоненттік төлем 35 АҚШ доллары, сондай-ақ халықаралық нарықтар бойынша комиссия (сауда алаңын қоспағанда) — мәміле сомасының 0,2% және ішінара немесе толық орындалған әрбір тапсырма (бұйрық) үшін 1,2 АҚШ доллары.

Трейдер жазылымының шарттары қандай?

Трейдердің жазылымы айына 35 АҚШ доллары тұрады. Онда:

1) Тәлімгерлермен және басқа инвесторлармен чатқа қол жеткізу. Онда сұрақтар қойып, Тәлімгерлерден жауап алуға болады

2) Тәлімгерлермен күнделікті сауда жасау туралы эфирлері, онда сіз нақты уақытта олармен жасалатын мәмілелерді қайталай аласыз

3) Трейдинг бойынша шеберлік сабақтары. Оларға тәлімгерлер трейдерлік құралдарды қалай пайдалануға болатынын көрсетеді

Барлық кірген адамдар үшін өткен шеберлік сағаттарының кітапханасы қолжетімді

Халықаралық нарықтар жөніндегі комиссия (сауда алаңын қоспағанда) — мәміле сомасының 0,2% және ішінара немесе толық орындалған әрбір тапсырма (бұйрық) үшін 1,2. АҚШ доллары

Трейдер жазылымын қалай төлеуге болады?

Жазылым құны брокерлік шоттан әрбір күнтізбелік айдың бірінші жұмыс күні алынады.

Егер айдың бірінші күні қосылмасаңыз, комиссия келесі күні алынады. Ол айда қалған күндер санына барабар алынады.

Мысалы, егер сіз тарифті 10 қаңтарда қосатын болсаңыз, келесі күні сізден қалған 21 күн үшін 23.71 АҚШ доллары алынады.

Тәлімгерлермен тікелей эфирлер қайда өтеді?

Эфирлер жабық Telegram-арнада өтеді. Трейдер Жазылымын қосқаннан кейін Әкімші сізді оған қосады.

Эфирге Telegram мессенджері бар кез келген құрылғыдан қосылуға болады.

Эфир жазыла ма?

Иә. Эфир жазбаларын      жабық Telegram арнасында орналастырамыз. Әкімші Трейдер Жазылуын қосқаннан кейін сізді оған қосады.

Қаласаңыз, жазылымға қосылғанға дейін өткен барлық алдыңғы эфир     ді қайта қарай аласыз.

Трейдинг бойынша өткен шеберлік сабақтарын қайдан көруге болады?

Эфир жазбаларын жабық Telegram арнасының бір бөлімінде орналастырамыз. Әкімші Трейдер жазылымын қосқаннан кейін сізді оған қосады.

Шеберлік сабақтарын жайлы қарқынмен қараңыз. Жазылым бар кезеңде оларға қол жеткізу мүмкіндігі ашық болады.

Және міндетті түрде жаңа шеберлік сабақтарына қатысыңыз - олар әр айдың басында өтеді. Аңдатпаларды біз Трейдер жазылымының Telegram арнасында жариялаймыз.

Тәлімгерлерге ілесіп үлгерем бе?

Орта мерзімді кіру нүктелері бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін қалыптастырылады. Трансляцияда болмасаңыз да, оларды қайталай аласыз - мәміленің барлық параметрлерін біз Telegram арнасына қайталаймыз, ең бастысы хабарламаларды өшірмеңіз.

Қысқа мерзімді стратегияда позицияға кіру жылдамдығы өте маңызды - ол залалдың пайдаға арақатынасына әсер етеді. Көп жағдайда мәмілелердің өзектілігі 15 минуттан аспауы мүмкін.

Осындай мәмілелерді жасап үлгеру үшін біз эфирлерге қатысуға немесе жабық Telegram-арнада мәміленің барлық параметрлері көрсетілген хабарламаны оқуға дайын болуға кеңес береміз.

Қандай сомадан бастауға болады?

Ең аз дегенде      3000 АҚШ доллары     нан бастауды ұсынамыз. Осылайша, сіз Инвест-Тәлімгерлер мәмілелерінің көбісін қайталай аласыз.

Трейдер жазылымынан қалай сөндіруге болады?

Freedom Broker қолданбасында тарифті өзгерту қажет. Бұл үшін Мәзір → Тапсырмалар → Шотты баптау → Тарифтік жоспарды ауыстыру тармақтарына өтіп, қажетті тарифті таңдаңыз.

Тарифті өзгерткеннен кейін жазылым жойылады және сізде Telegram-арнаға қол жеткізу мүмкіндігі жоғалады. Сондықтан жазылымды айдың соңғы жұмыс күні немесе одан бір күн бұрын өшірген тиімді. Осылайша оны ұзақ уақыт бойы пайдалана аласыз.

Бірақ оны өшірмеген жөн, бізбен бірге болған күшті.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!