American Airlines Group Inc: АҚШ ұлттық авиакомпаниясы

Инвестициялық идеялар

10 ақпан 2025, 15:56

 

American Airlines Group Inc. (AAL) — бұл холдингтік компания, оның негізгі қызметі жолаушылар мен жүктің тұрақты әуе тасымалын қамтамасыз ететін желілік авиакомпания ретінде жұмыс істеу болып табылады. Компания Шарлотта, Чикаго, Даллас/Форт-Уэрт, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк, Филадельфия, Финикс және Вашингтон (Колумбия округі) хабтары арқылы, сондай-ақ серіктес әуежайлар арқылы (Лондон, Доха, Мадрид, Сиэтл/Такома, Сидней және Токио) тұрақты жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асырады. Оның еншілес компанияларының қатарына American Airlines, Inc., Envoy Aviation Group Inc., PSA Airlines, Inc. және Piedmont Airlines, Inc. кіреді. Жүк тасымалы бөлімшесі бүкіл әлем бойынша қолжетімді әртүрлі жүк және пошта қызметтерін ұсынады. Компания 2013 жылы негізі қаланған және штаб-пәтері Форт-Уэртте, Техас штатында орналасқан.

Инвестициялық тартымдылық факторлары:

  • Нарықтық жағдайдың қолайлығы. 2025 жылы әуе тасымалына сұраныстың қалпына келуі жалғасады деп күтілуде. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) болжамы бойынша, әлемдік жолаушылар ағыны 8%-ға, ал Солтүстік Америкада 3%-ға артады. Авиациялық отын бағасының тұрақты болуы әуе компанияларының маржиналдылығын жақсартуға ықпал етеді. Жолаушылар ағынының тұрақты қалпына келуі және операциялық шығындардың қалыпқа келуі аясында American Airlines орта мерзімді перспективада қаржылық көрсеткіштердің оң динамикасын сақтай алады.

  • Компанияның нарықтық мультипликаторлар бойынша төмен бағалануы. AAL акциялары сектордағы бәсекелестеріне қарағанда айтарлықтай дисконтпен саудалануда, бұл болжамды табыс өсімі мен қаржылық көрсеткіштердің жақсаруына қарамастан орын алуда. 2025 жылға арналған болжамды P/E коэффициенті 6,9x, бұл United Airlines (UAL) және Delta Air Lines (DAL) секілді негізгі бәсекелестерінің орташа көрсеткіштерінен төмен. Сонымен қатар, EV/EBITDA мультипликаторы 5,8x деңгейінде тұр.

  • Қарыздық жүктеменің қысқаруы. American Airlines таза қарызын белсенді түрде азайтуда, бұл оның қаржылық тұрақтылығын жақсартуға мүмкіндік береді. Компания қарызын жоспарланған мерзімнен бір жыл бұрын 15 миллиард долларға қысқарту мақсатына қол жеткізді және бұл бағытта жұмысын жалғастыруда. 2027 жылға қарай AAL таза қарызын тағы кемінде 4 миллиард долларға қысқартуды жоспарлап отыр. Егер негізгі қарыз көлемі төмендеп, АҚШ Федералды резервтік жүйесі ставкаларды төмендетуді жалғастырса, компанияның пайыздық шығындарының айтарлықтай төмендеуін күтуге болады.

  • Пайда мен ақша ағынының өсуі. 2024 жылы AAL-дың еркін ақша ағыны 1,3 миллиард долларды құрады, бұл консенсус-болжамнан екі есе жоғары болды. 2025 жылға консервативті пайда болжамына қарамастан (EPS $1.70-$2.70), компания EBITDA деңгейінің 2023 жылғы көрсеткіштерге дейін қалпына келетінін, ал еркін ақша ағынының жыл сайын 12%-ға өсетінін күтеді.

AAL акцияларының мақсатты бағасы – $21.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!