Freedom Broker талдаушысы 14 ақпанға орай мерекелік сұраныс аясында инвестициялық идеяларды ұсынды

Аналитикалық мақала

12 ақпан 2026, 09:56

Авторы: Турал Алиев, Freedom Finance Global талдаушысы

Валентин күні АҚШ-тағы неғұрлым коммерцияланған мерекелердің бірі болып қалады. Ұлттық бөлшек сауда федерациясының деректері бойынша, 2026 жылы 14 ақпанда жиынтық шығыс бір адамға орташа бюджет шамамен 200 АҚШ доллары болғанда рекордтық деңгей – шамамен 29 млрд АҚШ доллары болады деп күтілуде. Бұл ретте, жұмсалатын шығыс құрылымы аса шоғырланған, тұтыну шығысының негізгі бөлігі бірнеше санатқа тиесілі. Қор нарығы үшін бұл тәуелсіз инвестициялық драйвер емес, бірақ қандай бизнес үлгілерінің эмоционалды сұранысты табысқа айналдыра алатындығын және қаржылық көрсеткіштерде мерекелік әсердің қаншалықты көрінетінін бағалауға мүмкіндік беретін маңызды іс-әрекетінің триггері. Мереке инвестициялық құндылықты өздігінен жасамайды, бірақ қай бизнес үлгілерінің сұраныс өскен кезеңде табыс үлесін және орташа төлем көлемін күшейте алатынын, сондай-ақ қайсысы сатылымның ауытқуына осал болып қалатынын тексеруге мүмкіндік береді. Төменде үш жария компания бар, олардың әрқайсысы шығыстың негізгі санатын білдіреді. Қазіргі инвесторлар үшін мұндай компаниялардың акциялары әдеттегі сыйлықтарға қызықты балама болады.

Зергерлік бұйымдар

Зергерлік бұйымдар – Ғашықтар күні жұмсалатын шығыстың ең ірі бабы. Ұлттық бөлшек сауда федерациясының бағалауы бойынша олар шамамен 7 млрд АҚШ долларын құрайды.

Әшекей бұйымдардың орнына Signet Jewelers Limited (SIG) акциясы, ол жаппай баға сегментінде (Kay, Zales, Jared брендтері) жұмыс істейтін АҚШ-тағы зергерлік бұйымдардың ең ірі жария сатушысы. Компания премиум санатындағы нарыққа емес, сауда көбіне нақты күндер мен оқиғаларға орай жасалатын кең аудиторияға бағытталған.

Компания соңғы тоқсандық есептілікте түсім мен салыстырмалы сатылымның өскенін көрсетті. Мерекелік кезеңдер үшін негізгі көрсеткіш – сатылған бұйымның орташа бағасы жылдық мәнде 7%-ға өсті. Операциялық пайда да айтарлықтай өсті. Бұл өте маңызды, себебі Валентин күні сияқты кішігірім сауда жасалатын кезеңдері зергерлік компаниялардағы сатылымы сатылған бұйымдардың санынан емес, қымбаттау бұйымдарды сатып алудан өседі. Егер тұтынушы неғұрлым жоғары баға төлеуге дайын болса, компанияның сатылым көлемі орташа өссе де, ол табыстылығын сақтай алады. Инвестор үшін тәуекел сұраныстың циклділігімен және тұтынушылық кредиттеу жағдайына тәуелділікпен байланысты, алайда қазіргі серпін әлсіз кезеңдерден кейін тұрақтандырылғанын білдіреді. Бұл тұрғыдан мерекелік сұраныс оның жалғыз көзі емес, бұрыннан келе жатқан оң үрдісті күшейтеді.

Signet Jewelers Limited акцияларының динамикасы. Дереккөз: gurufocus.com

Мейрамханаларға бару

Ғашықтар күні жұмсалатын шығыстың екінші санаты – мейрамханаларға бару. Ұлттық бөлшек сауда федерациясының бағалауы бойынша оларға шамамен 6,3 млрд АҚШ доллары жұмсалады.

Мейрамханада кешкі астың орнына Darden Restaurants, Inc. (DRI) акциялары, ол АҚШ-тағы ең ірі жария мейрамхана желілерінің операторларының бірі (Olive Garden, LongHorn Steakhouse, Capital Grille). Компания дәстүрлі түрде мерекелік сұранысқа сезімтал сегментте, әсіресе бос уақытты бірге өткізетін күндері жұмыс істейді.

Компанияның 2026 қаржы жылына арналған соңғы нұсқауларына сәйкес, Darden Restaurants, Inc. түсім мен салыстырмалы сатылым өседі, сондай-ақ желі кеңейеді деп күтеді. Себебі 14 ақпанда мейрамханаға клиенттер көптеп келіп, сатылымды аз уақытта көтереді.

Зергерлік сегментке қарағанда, мейрамхана бизнесі орташа төлем көлемінің өсуіне аса сезімтал емес және шығысқа осал келеді. Сондықтан да, Darden Restaurants, Inc. инвестициялық тартымдылығы  сұраныстың маусымдық ауытқуларында емес, брендтердің орнықтылығы мен бизнестің ауқымында жатыр. Бұл жағдайда мереке анықтаушы фактор ретінде емес, қосымша фактор ретінде әрекет етеді.

Darden Restaurants, Inc. акцияларының динамикасы. Дереккөз: gurufocus.com

Тәттілер жаппай сыйлық тәрізді

Тәттілер жұмсалатын шығыстың жалпы сомасы бойынша зергерлік бұйымдардан төмен болса да, сатып алушылар саны бойынша 14 ақпандағы ең танымал сыйлық болып қала береді.

Шоколад қорабының орнына АҚШ-тағы ең ірі шоколад және кондитерлік өнімдер өндірушілерінің бірі – The Hershey Company (HSY) акциясы. Мереке кезеңдері, соның ішінде Валентин күні компанияның ассортименті мен баға саясатын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

2026 жылға арналған соңғы болжамға сәйкес, The Hershey Company нақты сатылымның төмендегеніне қарамастан бағаның өсуі аясында түсім өседі деп күтілуде. Бұл тұтынушылық іс-әрекеттің қазіргі үлгісін көрсетеді: сатып алушылар тауарларды аз-аздан, бірақ қымбат бағаға, әсіресе кішігірім сыйлықтар жасайтын кезеңдері сатып алады. Бұл баға икемділігі мен күшті брендтердің барын көрсетеді. Шикізат, әсіресе какаоның құны өскен кезде, компанияның бағаны көтеру қабілеті орнықтылықтың негізгі факторына айналады. Неғұрлым жоғары мамандандырылған ойыншыларға қарағанда, The Hershey Company-дің бірнеше маусымдық кезең бойынша сату құрылымы әртараптандырылған, бұл бір мерекеге тәуелділікті азайтады. Мерекелік сұраныс түсімді күшейтеді, бірақ бұл бизнестің жалғыз тірегі емес.

The Hershey Company акцияларының динамикасы. Дереккөз: gurufocus.com

Валентин күні инвестициялық мүмкіндіктерді өздігінен туғызбайды. Ол тек қай компаниялардың орташа төлем көлемін көтеріп, сұраныс көтерілген кезеңде табыс үлесін сақтай алатынын, ал қайсысы сатудың шектеулі уақыт кезеңіне байланысты болатынын көрсетеді. Баға икемділігі мен кіріс көздері әртараптандырылған бизнес үлгілері ең орнықты болып көрінеді. Мереке тұтынушылық сектордағы компаниялар үшін стресс тестке айналады: қазірдің өзінде орнықтылықты көрсететіндер қосымша серпін алады, ал маусымдық тәуелділігі жоғары компаниялар ұзақ мерзімді инвестициялар тұрғысынан тәуекелді болып қала береді.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!