Xiaomi. Қытай техника өндірушісі

Инвестициялық идеялар

21 қаңтар 2025, 19:12

Xiaomi (XIACY) – 2010 жылы құрылған қытайлық технологиялық компания, смартфондар, тұтынушылық электроника, ақылды құрылғылар мен электромобильдерді өндіруге маманданған. Xiaomi жоғары сапасы мен бәсекеге қабілетті бағалары арқасында әлемдік нарықтағы үлесін жылдам арттыруда, сондай-ақ өз өнімдерінің кең экожүйесін дамытуда және ғылыми-зерттеу жұмыстарға белсенді инвестициялар жасауда.

Инвестициялық тартымдылық факторлары:

  1. Қытай экономикасы желтоқсан айында өсу қарқынының қалпына келуін көрсетті: тұтынушылық инфляцияның баяулауына қарамастан, берілген кредиттер, бөлшек сауда және өнеркәсіптік өндіріс көлемі күтілгеннен айтарлықтай жоғары болды, бұл Қытай экономикасының баяулау тренді аяқталып, Xiaomi сатылымдарына оң әсер етуі мүмкін және компанияның бағамдарының өсу драйверіне айналуы ықтимал.

  2. Қытай экономикасына жаңа мемлекеттік қолдау шаралары компанияның өнімдеріне сұранысты арттыруы мүмкін: 2025 жылы Қытай билігі ел ішіндегі тұтынуды әртүрлі әдістермен ынталандыруды жалғастыру туралы мәлімдегенінен басқа, жаңалықтар агенттіктері қосымша 1 трлн юань бөлінуі туралы хабарлады, бұл 300 млн юаньға қоса, бизнестің жабдықтарды жаңартуы үшін және азаматтарға электромобильдер, тұрмыстық техника және электроника сатып алу үшін субсидиялар бөлу жоспары аясында, сондай-ақ смартфондар, ноутбуктер мен ақылды сағаттар сияқты өнімдерге де қолданылады. Қытай билігінің шешімдерінен тікелей пайда көретін компания Xiaomi.

  3. Xiaomi Қытайға енгізілетін барлық сауда баждарына тікелей тәуелді емес: компанияның АҚШ нарығына шығуы шектеулі, және оның өнімдері ресми түрде сол жердегі ірі бөлшек сауда желілерінде ұсынылмаған. Сонымен қатар, Xiaomi Қытай үкіметі АҚШ тауарларына қарсы жауапты баждарды енгізген жағдайда, өзінің негізгі нарығында сатылымдарды арттыра алады, осылайша жаңа сауда соғысы жағдайында отандық өндірушілерді қолдап отырады.

XIACY мақсатты бағасы – $27.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!