ADS Kaspi облигациялар туралы жаңалықтардан кейін өседі

KASE күнделікті шолулары

18 наурыз 2025, 12:01

 

Біздің пікірлер мен күтілімдеріміз

Сыртқы фон. Кеше әлемнің жетекші индекстері 0,6%-дан 0,9%-ға дейін өсті. S&P 500 сессия қорытындысы бойынша 0,6% қосты. Индекс картасында көпшілік акциялар өскенмен, мегакапитализациялы компаниялардың акциялары нарықтың қалған бөлігінен қалып қойды. АҚШ-та ақпанда бөлшек сауда айналымы алдыңғы аймен салыстырғанда тек 0,2%-ға өсіп, 0,6% болатын консенсус-болжамнан төмен болды. Бүгінгі басты геосаяси оқиға – Путин мен Трамптың телефон арқылы сөйлесуі. Bloomberg хабарлауынша, бұл әңгіме Трамптың бітімгершілік келіссөздерінде Киевтің мүдделерін құрбан етуі мүмкін деген алаңдаушылық тудырып отыр. Сонымен қатар, Путин кейбір америкалық және батыс қорларына ресейлік бағалы қағаздарды сатуға рұқсат бергені айтылуда. Еуропада Stoxx 600 50 күндік сырғымалы орташа мәнін сынағаннан кейін өсуін жалғастыруда. Ұлыбритания мен ЕО Ресейдің мұздатылған активтерін тәркілеу арқылы бірлескен қорғаныс шығындарын арттыру бастамасын қарастыруда. Азияда таңертең Гонконгтың Hang Seng индексі өсуін жалғастырып, 2022 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары деңгейіне жетті. ЭЫДҰ 2025 жылы Қытай экономикасы тұрақтылық танытады деп болжауда, өйткені ішкі саяси қолдау тарифтердің әсерін теңестіреді. Жаһандық ЖІӨ өсімі биылғы 3,1%-дан 2026 жылы 3%-ға дейін баяулайды. Сонымен қатар, Израиль Газа секторындағы ХАМАС нысандарына әскери соққы беріп, әлсіз бітімді бұзды, ал Қытай Тайваньға әскери қысымды күшейтті. Мұнай 71,4 долларға дейін қымбаттауда, алтын тарихи максимумға жетіп, 3022 доллар деңгейінде саудалануда.

Облигациялар. Кеше АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі өзгеріссіз қалды, ал 2 жылдық қағаздар 4,04%-ға дейін көтерілді. Корпоративтік облигациялар аздап өсті.

KASE индексі. KASE индексі қатарынан төртінші сессия бойы баяу өсуді жалғастырып, 11 наурызда тіркелген төмендеуді толығымен өтеуге жақындап қалды.

Индекс акциялары. Жергілікті нарықта ең үлкен өсімді БЦК көрсетті, оның котировкалары жергілікті төмендеу толқынынан кейін көтерілді. Құнды қағаздар үшін ең жақын қарсылық деңгейі 2888 теңге шамасындағы тарихи максимумда орналасқан. Біз Air Astana акцияларының мақсатты бағасын жаңартып, оны 1030 теңге деңгейінде белгіледік. LSE-де ең үлкен өсімді Kaspi.kz көрсетті. Кеше финтех компаниясы бүгін 5 жылдық мерзіммен 500 млн долларлық алғашқы облигациялар шығарылымын жоспарлап отырғаны белгілі болды. Бұған дейін Kaspi.kz АҚ Түркиядағы Rabobank Group бөлімшесін сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шыққан еді. Желтоқсан айында бұл бөлімшенің 52 млн долларлық шоғырландырылмаған активтері болған. Бұл Kaspi-дің 85 млн халқы бар және маркетплейс ену деңгейі төмен Түркия нарығына кеңею жөніндегі стратегиялық жоспарларын растайды. Халық банкі LSE-де 2,6%-ға өсіп, тарихи максимумын тағы да жаңартты.

 

Валюта. Доллар теңгеге қатысты қатарынан екінші сессияда әлсіреуде. Басты әсер рубльдің өсуімен байланысты болуы мүмкін, өйткені нарық ықтимал бітімгерлік келісімді күтуде, ал доллар индексі (DXY) бейтарап күйде қалып отыр.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!