Біздің пікіріміз бен күтілімдеріміз
Сыртқы фон. Америкалық қор нарықтары екінші күн қатарынан төмендеумен аяқталды. S&P 500 және Nasdaq индекстері 0,3%-ға түсті. Нарыққа әсер еткен айтарлықтай жаңалықтар болған жоқ. Бұған дейін Пауэлл мөлшерлеменің болашақ бағытына қатысты аса «голубиный» емес пікір білдіргенін еске саламыз. Бұл жағдай облигациялар кірістілігінің және доллар индексінің өсуіне ықпал етті. Freeport акциялары Индонезиядағы кен орнындағы форс-мажорға байланысты 17%-ға құлады. Осы фонда мыс бағасы 3,6%-ға өсті. Таңертеңгі саудада S&P 500 фьючерстері аздап өсім көрсетуде. Еуропада кең Stoxx 600 индексі 0,3%-ға төмендеді, сауда нәтижелері аралас болды. Шикізат және қорғаныс секторлары айтарлықтай қымбаттаса, автомобиль және люкс секторлары құнсызданды. Азияда таңертеңгілік корейлік Kospi мен жапондық Nikkei аздап өсті. Сонымен қатар Hang Seng 0,4%-ға, ал қытайлық CSI 300 — 0,9%-ға көтерілді. АҚШ-та мұнай қорының күтпеген жерден 607 мың баррельге азаюы аясында мұнай бағасы 0,7%-ға өсті.
Облигациялар. АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі 4,1%-дан 4,15%-ға дейін өсіп, сейсенбідегі барлық шығындарды қайтарды.
KASE индексі. Кеше KASE индексі 0,2%-ға аздап көтеріліп, жергілікті тренд сызығынан сәл жоғары қалды. Егер бүгін индекс айтарлықтай өссе, жаңа өсу толқыны басталуы ықтимал.
Индекстегі акциялар. Негізгі драйвер тағы да Air Astana акциялары болды. Бағалы қағаздар тағы 2,3%-ға қымбаттап, екі күнде 5%-ға өсті. Сауда көлемі жоғары болып қалуда, бірақ сейсенбі күнгі рекордтық көрсеткіштен бірнеше есе аз. Сессия соңына қарай 800 теңге деңгейінде ірі сатып алулар өтті, бұл деңгейден жоғары көтерілу IPO-дан кейінгі алғашқы ірі бұрылысқа жол ашуы мүмкін. Сондай-ақ «ҚазТрансОйл» мен БЦК акциялары 1,4–1,5%-ға өсті. БЦК қалпына келуге тырысуда, бірақ сауда көлемдері аз күйінде қалды. «ҚазТрансОйл» осы аптада дивидендтен кейінгі диапазоннан шығып, жаңа жергілікті максимумдарға ұмтылуда, алайда соңғы 7 сауда күнінің 6-ында көлемдер орташа деңгейден төмен болды. Алдыңғы күнгі көшбасшы ҚМГ тағы да жоғарғы тренд шекарасында тоқтады. Kaspi, күткендей, Nasdaq-тағы АДР-дың әлсіз динамикасынан кейін төмендеді. Кеше АДР тағы құлдыраса да, ол алдыңғы күндегідей айтарлықтай болмады. Ең жақсы көрсеткішті Халық Банкінің ГДР-ы көрсетті — олар LSE-де 2,2%-ға өсті.
Валюта. Кеше доллар сейсенбі күнгі күшті өсімнен кейін 2,2 теңгеге төмендеді. Сауда көлемі бұрынғыдан аз болды. Дегенмен біртіндеп өсу сценарийі әлі де өзекті. Егер доллар алдағы күндері 539 теңгеден төмен түссе, бұл жаһандық бүйірлік трендтің басталуын білдіруі мүмкін.