Біздің пікірлеріміз және күтулеріміз
Сыртқы фон. АҚШ нарығындағы кеше басталған төмендеу жалғасты. S&P 500 тағы 0,7% жоғалтты, мұнай баррелі $95-ке дейін өсті, ал 10 жылдық мемлекеттік облигациялар кірістілігі 4,8%-ға дейін көтеріліп, бүкіл қисық бойымен облигациялар бағасының төмендеуін туындатты. Жаһандық облигациялар кірістілігі 2008 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілгені хабарланды. Трамп америкалық соққылар Иранның Ормуз бұғазына мина орнату әрекетіне, сондай-ақ бұған дейін Иорданиядағы әскери базаға жасалған шабуылға жауап шарасы болғанын мәлімдеді. Ол Тегеран тарапынан жауап әрекеттері болса, жаңа соққылар жасалатынын ескертті. Осы аяда ақша нарықтары ФРЖ-ның қыркүйекте пайыздық мөлшерлемені көтеруін оны бұрынғы деңгейде қалдыруға қарағанда ықтималырақ деп бағалап отыр. Бүгін таңертең Азия индекстері төмендеуде: ең аз құлдырауды Hang Seng — 0,3%, ал ең көп құлдырауды 4% жоғалтқан Kospi көрсетіп отыр. S&P 500 индексіне фьючерстер бейтарап саудалануда.
KASE индексі. KASE қатарынан екінші сессияда шамамен 0,1% төмендеді. Сауда көлемдері азайып жатыр, ал котировкалар жаңа максимумдарды жаңартқаннан кейін консолидациялануда. Шағын жергілікті позитив ретінде индекстің алдыңғы шың деңгейінен және 13 тамыздағы тарихи максимумнан сәл жоғары болып қалуын атап өтуге болады.
Индекс акциялары. Жалпы алғанда, кеше нарықта жоғары волатильдік байқалмады. Индекске кіретін акциялар бағалардың 0,7%-дан артық ауытқуын көрсеткен жоқ. Ең үлкен өсім KEGOC қағаздарына тиесілі болды, олар, ықтимал, жартыжылдық дивидендтер төленеді деген күтулер аясында өсіп жатыр. Бұдан бөлек, біз бұрын да қағаздардың фундаменталдық тұрғыдан өте жақсы көрінетінін атап өткенбіз, сондықтан өсім екінші тоқсан бойынша сәтті есеппен де байланысты болуы мүмкін. Ең үлкен төмендеуді Банк ЦентрКредит акциялары көрсетті: алдыңғы сессияда олар ықтимал өсімге сигнал берген еді, алайда ол тез бәсеңдеді. Халық банкі 0,5% жоғалтты және әзірге дивидендтік отсечкадан кейінгі қалпына келу импульсін жоғалтты. LSE және Nasdaq-та біздің қағаздар негізінен орташа төмендеуді көрсетті. Kaspi 1% жоғалтты және сессия барысында өсуге талпыныстар жасағанымен, әлі де түзету толқынында қалып отыр. «Қазатомпром» 0,4% төмендеді, бұл, бір жағынан, жаман емес көрінеді, өйткені АҚШ-тағы сессия барысында Global X Uranium және Sprott Uranium уран ETF-тері 3,4–3,8% төмендегенін ескерсек, түзету күштірек болуы мүмкін еді. Уран кеше төмендеуді тоқтатып, фунтына $89,5 деңгейінде тұрақтанды. Ал AIX-та Solidcore акциялары алтын бағаларының төмендеуі жалғасып жатқанына қарамастан, $11-ге дейін өсті. Біз «ҚазМұнайГаз» акциялары бойынша ұсынысымызды екінші тоқсан есебін бағалағаннан кейін «сатып алу»-дан «ұстап тұру»-ға төмендеттік. Компания көрсеткіштері жалпы алғанда оң болды: түсім, EBITDA және еркін ақша ағыны өсті, алайда теңгенің нығаюы ұсынысты төмендетудің негізгі факторы болды.
Валюта. Теңгенің нығаюы қатарынан үшінші сессияда жалғасуда, ал USDKZT котировкалары бүгін 455 теңге деңгейінен төмен түсуге талпынып отыр. Шолуды жазу сәтінде бұл деңгей үшін күрес әлі де белсенді фазада.