«Эйр Астана» АҚ 2024 жылдың екінші тоқсанының қаржылық нәтижелерін жариялады.
Тоқсандық табыс өсуін жалғастыруда, бірақ ол өткен жылдың жоғары базасына байланысты сәл төмен болды. FlyArystan және чартерлік жолаушылар тасымалдарының табысы өсуді жалғастыруда. Компанияның жолаушылар ағыны біздің күткенімізге сәйкес болды. EBITDAR маржасы аздап төмендегенімен, біржолғы табыстар мен шығындарды есептемегенде ол іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Осылайша, абсолютті операциялық пайда өсті, ал компания ақша қаражатын генерациялау көлемін айтарлықтай арттырды. «Эйр Астана» басшылығы 2024 жылға арналған болжамдарын бұрынғы деңгейде сақтап отыр. Біздің бағалау моделімізде біз операциялық шығындарды сәл ұлғайттық, сондай-ақ мемлекеттік облигациялардың кірістілігінің өсуіне байланысты WACC көрсеткішін айтарлықтай арттырдық. Сонымен қатар, әуе кемелерінің паркін кеңейту операциялық жалға алу мен таза қарыздың өсуіне алып келді, бұл бағалаудың төмендеуіне әсер етті. Нәтижесінде «Эйр Астана» акцияларының жаңартылған мақсатты бағасы 1 130 теңге болып, өсу потенциалы 38%-ды құрады. Ұсыныс – «Сатып алу».