Газдалған сусын, қытырлақтар, шоколад: қайда инвестиция құйған дұрыс?

Аналитикалық мақала

15 қазан 2026, 09:47

Coca-Cola, Lay’s және Milka брендтері миллиондаған адамның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Біз газдалған сусындарды, тіскебасар мен шоколадты дүкендерден сатып аламыз немесе онлайн тапсырыс береміз. Алайда таныс брендтердің артында қандай кәсіп тұрғаны жайында сирек ойланамыз. 

Ал бұл өнімдерді өндіретін компаниялар доллармен миллиардтап табыс табады әрі олардың акцияларын қор нарығынан сатып алуға болады. Мысалы, Coca-Cola брендінің өнімдерін The Coca-Cola Company компаниясы шығарады, Lay’s бренді PepsiCo компаниясына тиесілі, ал Milka Mondelez International компаниясының брендтер портфеліне кіреді.

Ал осындай өнімдерге үнемі жұмсайтын ақшамыздың бір бөлігін инвестицияға бағыттасақ ше? Осы өнімдерді өндіретін компаниялар қанша табыс тауып, тұрақты инвестиция құю арқылы қандай кіріс алуға болатынын қарастырайық.

 

Әлем нарығы

Газдалған сусындар, тіскебасар мен шоколадқа бүкіл әлем бойынша сұраныс көп, ал бұл өнімдердің нарығы жүздеген миллиард долларға бағаланады. 

Grand View Research деректеріне сәйкес, 2025 жылы әлемнің тіскебасар нарығының көлемі 747,6 млрд АҚШ долларына жетті, ал 2026 жылы 778,1 млрд АҚШ долларына дейін өсуі мүмкін. Нарықтың үштен біріне жуығын қытырлақтар, жаңғақтар мен попкорнды қоса алғанда, тұзды тіскебасар құрайды.

Шоколад нарығының ауқымы да кішкентай емес. IndexBox бағалауы бойынша, 2025 жылы әлемде шамамен 35,8 млн тонна шоколад пен какао өнімдері өндірілген.

 

Қазақстанда не сатып алынады және өндіріледі  

Қазақстан да осы нарықтың бір бөлігі. Coca-Cola, Pepsi, Lay’s, Oreo және Milka брендтері жергілікті сатып алушыларға жақсы таныс. Ал елдегі сусын өндірісі мен сатылымының көлемі миллиардтаған литрмен өлшенеді.

«Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар–тамыз аралығында Қазақстанда минералды және газдалған су, сондай-ақ басқа да алкогольсіз сусындардың өндірісі шамамен 2,75 млрд литрді құрады. Бұл былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4,7%-ға көп. Бұл ретте тәттілендіргіштер мен хош иістендіргіштер қосылмаған минералды және газдалған су өндірісі 17,9%-ға өсіп, 578 млн литрге жетті. Ал басқа алкогольсіз сусындардың өндірісі 1,7%-ға артып, 2,17 млрд литр құрады», – деп атап өтті Freedom инвестиция бағытының талдаушысы Алияр Акымгалиев.

Қазақстан халықаралық компаниялар үшін тек өткізу нарығы ретінде ғана емес, өндіріс орны ретінде де тартымды. Мысалы, PepsiCo Алматы облысында тіскебасар өндіретін зауыт салып жатыр. Компания өндірісте жергілікті фермерлер өсірген картопты пайдалануды жоспарлап отыр. Бастапқыда жобаға құйылатын инвестиция көлемі 160 млн АҚШ доллары деп бағаланған, алайда кейін компания бұл соманы 368 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтты.

Жергілікті нарықта қазақстандық тәтті өндірушілер де бар. «Баян Сұлу» (BSUL) және «ЛОТТЕ Рахат» (RAHT) компанияларының акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) саудаланады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Баян Сұлу» компаниясының түсімі 51,8 млрд теңгені, ал таза пайдасы 4,44 млрд теңгені құрады.

Мысалы, 2021 жылғы 10 қаңтарда «Рахат» компаниясының бір акциясы 9 200 теңге тұрса, 2026 жылғы 12 қазанда оның бағасы 20 117 теңгеге жетті. Осылайша, аталған кезеңде акциялардың құны шамамен 118,7%-ға өсті.

Ал инвестор компания акцияларын тұрақты түрде сатып алып отырса, не болар еді? Мысалы, ол 2021 жылдан 2026 жылға дейін әр жылдың басында 200 мың теңгеден инвестиция құйып отырды делік. Алты жылда құйылған инвестицияның жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрар еді.

Көрсетілген акциялардың бағалары негізінде жүргізілген есептеулер бойынша, 2026 жылғы 12 қазанда мұндай инвестициялық портфелдің құны шамамен 1,72 млн теңгеге жетер еді. Бұл құйылған қаражаттан 519 мың теңгеге немесе 43,3%-ға артық.

Егер сіз көпшілікке таныс Coca-Cola компаниясының акцияларына тұрақты түрде қаражат салып отырсаңыз, бүгінде инвестициялық портфеліңіз шамамен мынадай болуы мүмкін еді.

Көрсеткіштер инфографикасы компаниялардың талдамалық деректері негізінде AI көмегімен жасалды

 

Сатып алудан инвестицияға

Бүгінде күнделікті сауданың өзі қосымша пайда әкелуі мүмкін. Дүкендердің көбі мен онлайн-сервистер ниеттестік бағдарламалары мен кешбэк ұсынады. Осының арқасында сатып алушылар жұмсаған ақшасының бір бөлігін қайтара алады. 

Алайда таныс брендтерден пайда табудың жалғыз жолы - кешбэк емес. Тағы бір мүмкіндік бар - инвестиция. Coca-Cola, PepsiCo және Mondelez компанияларының акциялары биржада саудаланатындықтан, сатып алушылар осы компаниялардың инвесторларына айналып, акциялар құнының ықтимал өсуінен және дивидендтерден пайда көре алады. 

Бұл компаниялардың инвесторлар үшін қаншалықты тартымды екенін түсіну үшін олардың бизнесі қалай құрылғанын және табысты неден табатынын қарастырайық.

 

Coca-Cola, PepsiCo және Mondelez жайында нені білген қызық

Coca-Cola компаниясы табысының негізгі бөлігін сусындардан табады, алайда олардың барлығын өзі өндірмейді. Компания серіктестеріне концентраттар сатады, ал серіктестері дайын сусындарды өндіріп, бөтелкелерге құйып, дүкендерге жеткізеді.

Компания бизнесінің ауқымы таңғаларлық: әлемде күн сайын оның брендтерімен немесе лицензиясы бойынша шығарылатын сусындардың шамамен 2,2 млрд порциясы тұтынылады.

Coca-Cola дивидендтерді тұрақты түрде төлеп отыруымен де танымал. 2026 жылғы ақпанда компания дивидендтерді қатарынан 64-рет арттыратынын жариялады. Тоқсандық дивиденд бір акцияға 0,53 АҚШ долларына дейін өсті. Егер төлем мөлшері өзгермесе, жылдық дивиденд бір акцияға 2,12 АҚШ долларын құрайды.

PepsiCo бірнеше өнім санатында жұмыс істейді. Компания Pepsi, Mountain Dew және Gatorade сусындарынан бөлек, Lay’s, Doritos және Cheetos сияқты танымал тіскебасар брендтеріне де иелік етеді. 

Mondelez International негізінен шоколад, печенье және басқа да тәтті өнімдер шығаруға маманданған. Компанияның брендтер портфеліне Oreo, Milka, Cadbury және Toblerone кіреді.

Қаржылық нәтижелерға сәйкес компаниялар бизнесінің ауқымын және қанша пайда табатынын бағалауға болады. Мысалы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша үш өндірушінің ішінде түсім көлемі жағынан PepsiCo көш бастаса, таза пайда бойынша Coca-Cola алға шықты. Алайда инвестор үшін компанияның табысы ғана емес, оның акциялары құнының қалай өзгеретіні де маңызды. Өйткені ірі әрі табысты бизнеске инвестиция құю қашанда жоғары кірістілікке кепілдік бере бермейді.

Тұрақты түрде инвестиция құю қандай нәтиже беріп, танымал өндірушілердің акцияларының құны қалай өзгергенін қарастырайық.

 

Ай сайынғы 30 000 теңге қалайша 6 млн теңгеге айналуы мүмкін?

Газдалған сусындарға, тіскебасар мен тәттілерге ай сайын шамамен 30 000 теңге жұмсалады деп есептейік. Бір жылда бұл сома 360 000 теңгеге жетеді. Ал дәл осындай соманы тұрақты түрде инвестициялап отырсақ ше? 

Он жылда өз қаражатыңыздан құйылған инвестиция көлемі 3,6 млн теңгені құрайды. Егер жылдық орташа кірістілік 10% болады деп болжап, түскен табысты инвестицияда қалдырсаңыз, қорытынды сома 6 млн теңгеге жуықтауы мүмкін. 

Осылайша, жиналған 6 млн теңгеге жуық қаражаттың 3,6 млн теңгесі өз салымыңыздан, ал шамамен 2,4 млн теңгесі ықтимал инвестициялық кірістен құралады.

 

Компаниялардың нақты нәтижелері нені көрсетеді?

Coca-Cola, PepsiCo және Mondelez компанияларының мысалында жекелеген қаржылық көрсеткіштердің қалай өзгеріп, олардың акцияларына құйылған инвестиция қандай кіріс әкелуі мүмкін екенін қарастырайық.

 Көрсеткіштер инфографикасы компаниялардың талдамалық деректері негізінде AI көмегімен жасалды

 

Газдалған сусынды ішіп тауысады, қытырлақтарды жейді, ал шоколад санаулы минутта-ақ таусылып қалады. Бірақ осы өнімдердің артында тұрған бизнес жұмысын жалғастырып, өндірушілерге миллиардтаған доллар табыс әкеледі.

Біреулер үйреншікті тәттілер мен тіскебасарға ақша жұмсай берсе, басқалары сол қаражаттың бір бөлігін акция сатып алуға жұмсай алады. Ол үшін бірден қомақты қаражат қажет емес: аз сомадан бастап, инвестициялық портфелді біртіндеп ұлғайтуға болады.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!