Біздің түсініктемелеріміз және күтілімдеріміз
Сыртқы нарықтың жағдайы: АҚШ-тың негізгі үш индексі кеше сауда көлемі төмен деңгейде бейтарап күйде жабылды, алайда кіші капиталдандырулы акциялар индексі Russell 2000 1%-ға өсті. АҚШ-та жұмыссыздық бойынша алғашқы өтініштер 21 желтоқсанда аяқталған аптада 219 000-ға дейін төмендеді. Қайталанған өтініштер соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, бұл жұмыссыздар жұмыс табуға көбірек уақыт қажет екенін көрсетеді. Еуропа нарықтары жабық болды. Азияда таңертең Жапонияның Nikkei 225 индексі соңғы екі сауда сессиясында 2,9%-ға өсті. Акциялардың өсуі иенаның әлсіреуімен байланысты, бұл Жапонияның Қаржы министрі Кацунобу Катоның валюталық нарықтағы шамадан тыс тербелістерге қарсы шаралар қабылдайтындығын мәлімдегеннен кейін орын алды. Жұма күні жарияланған мәліметтер Токиода инфляцияның екінші ай қатарынан жеделдегенін және бөлшек сауда сатылымдарының болжамды деңгейден асып кеткенін көрсетті. Гонконгтың Hang Seng индексі демалыс күндерінен кейін бейтарап күйде саудаланып жатыр. Alibaba компаниясы E-Mart-пен бірге Оңтүстік Кореяда $4 миллиардтық электрондық коммерция кәсіпорнын құратынын жариялады. Таңертең мұнай бағасы $74-ке дейін өсті, бірақ "треугольник" фигурасының жоғарғы шекарасында кедергіге ұшырап, төмендеді. Уран бағасы әлі де төмендеуде.
Облигациялар: АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі кеше тұрақты болды. Жоғары кірісті облигациялар жақсы өсіп, қалпына келуде.
KASE индексі: KASE 0,2%-ға өсті, бұл локалды төмендеу толқынының аяқталуы мүмкін екенін көрсетеді. Осы болжамды қосымша растау ретінде сауда сессиясының басынан бері 0,4%-ға өсу байқалады.
Индекс акциялары: Мүмкін, жергілікті нарық өз локалды жаңа жылдық раллиін бастауға кірісіп жатқан шығар. Индекс ағымдағы жылы максимумдарды жаңарта алмасада, қалпына келтіру тренді желтоқсанның қанағаттанарлықтай аяқталуына себеп болады. Сауда сессиясы басталғалы барлық индекс акциялары аз да болса оң нәтиже көрсетуде. Айта кетерлік жайт, Халық банкінің акцияларының 252 теңгеге (тарихи максимум) дейін өсу мүмкіндігі, уран нарығындағы теріс динамикаға қарамастан Казатомпромның біршама қалпына келуі және КазМунайГаздың раллиінің жалғасуы. Сонымен қатар Kaspi акцияларының локалды артық сатылуы да назар аударуды қажет етеді.
Валюта: Кеше күннің екінші жартысында доллар тенге қарсы күшейе бастады. Бүгін USDKZT бағамы 521,6 теңгеге жетті. Доллар индексінің (DXY) динамикасында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, алайда рубль өз салықтық кезеңін аяқтағаннан кейін күшейюін тоқтатты. Есімізде болсын, доллар үшін кедергі деңгейі 525 теңге.