KASE тарихи биіктерді жаңартты

KASE күнделікті шолулары

29 August 2025, 16:07

Біздің түсініктемелеріміз бен күтуіміз

Сыртқы фон. Кеше S&P 500 0,32%-ға өсіп, тарихи максимумды жаңартты. АҚШ-тың ЖІӨ бойынша деректері экономиканың бұрын күтілгеннен де жоғары қарқынмен өскенін көрсетті. Енді инвесторлардың назары ФРЖ-нің инфляцияны өлшейтін негізгі көрсеткіші — PCE дефляторының жариялануына ауып отыр. Шілде айында көрсеткіштің жылдамдауы мүмкін: медиандық болжам бойынша, өсім 0,3%-ды құрап, жылдық мәнде 2,9% болады деп күтілуде (маусымда 2,8% болған).

ФРЖ жаңалықтарынан Уоллердің келесі айда мөлшерлемені ширек пайыздық тармаққа төмендетуді қолдауға дайын екенін және алдағы үш–алты айда одан әрі жұмсарту ықтималдығын білдірген мәлімдемесін атап өткен жөн. Сонымен қатар, Лиза Кук Дональд Трампқа қарсы сотқа арыз түсірді: оның адвокаттарының айтуынша, 2021 жылғы ипотекалық «техникалық қате» оны қызметінен босатуға себеп болған. Кук Трамптың әрекетін ФРЖ-ны басып алуға талпыныс деп атады.

Еуропада индекстер аздап төмендеді: Stoxx 600 –0,2%, ал DAX іс жүзінде өзгеріссіз жабылды. ЕО АҚШ-тың өнеркәсіптік тауарларына кедендік баж салығын алып тастауды және ауыл шаруашылығы өнімдеріне преференциялық қолжетімділік беруді ұсынды.

Азия нарықтарында таңертең аралас динамика байқалады: Гонконгтің Hang Seng және Қытайдың CSI 300 индекстері Alibaba мен BYD есептерінің алдында 0,8%-ға өсуде. Goldman Sachs CSI 300 бойынша мақсатты деңгейді көтерді, бірақ Morgan Stanley нарықтың «қызып кету» белгілеріне назар аударды. Токиодағы инфляция тамызда күрт баяулап, жылдық мәнде 2,5%-ды құрады.

Алдағы демалыс күндері Владимир Путиннің Моди және Си Цзиньпинмен кездесуі күтілуде, онда Ресей президенті Үндістаннан ресейлік мұнай импортының тұрақты деңгейін сақтауын сұрауы мүмкін. Brent мұнайы таңертең барреліне $67,5 бағасымен саудалануда. S&P 500 индексіне арналған фьючерстер 0,1%-ға төмендеуде.

Облигациялар. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 5 тамыздан бергі минимумдарға жақындап, төмендеуді жалғастыруда. Дамушы нарықтардың қағаздары да өсім көрсетіп, америкалық бағалы қағаздардың серпінін қуып келеді.

KASE индексі. KASE кеше 0,9%-ға өсіп, жаңа тарихи максимуммен жабылды. Таңертеңгі саудаларда өсімнің жалғасуы жергілікті қарсылық деңгейлерінің бұзылуы басталғанын көрсетеді.

Индекс акциялары. БЦК акцияларының раллиі KASE индексінің негізгі драйвері болып отыр: бұл қағаздардың салмағы қазірдің өзінде 19%-ға жақын. Кеше 3,8%-ға өскеннен кейін, бүгін ашылу кезінде CCBN тағы 3,2%-ға артты. Сонымен қатар, КМГ акциялары да өсті, бірақ мұнай нарығынан өсуді қолдайтын күшті сигналдар әзірге байқалмайды. Бүгінгі саудада Казатомпром акциялары жақсы көрініп тұр. LSE-дегі GDR-лар кеше өскен жоқ, бірақ уран секторы 2–3,3%-ға көтерілді. Швеция үкіметі уран өндіруге салынған тыйымды алып тастауды ұсынып, ядролық энергетиканы қайта дамыту үшін импортқа тәуелділікті азайтуды көздеп отыр. Егер бүгін KZAP бағасы 24 300 теңгеден жоғары жабылса, бұл техникалық тұрғыдан өсу жалғасатынын білдіреді.

Валюта. Таңертең доллар 538,4 теңгеге саудалануда. Техникалық тұрғыдан USDKZT графигі доллар үшін "бычий флаг" фигурасын қалыптастырып жатыр.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!