KASE АҚШ нарықтарымен бірге өсуде

KASE күнделікті шолулары

7 қараша 2024, 15:50

Біздің пікірлер мен күтілімдеріміз

 

Сыртқы фон. S&P 500 кеше 2,5%-ға өсті және Трамп жеңісінің және Республикалық партияның Сенатта көпшілік орынды иеленуінің аясында рекордтық деңгейге жетті. Bloomberg бұл индекс үшін сайлаудан кейінгі бірінші күндегі ең үздік реакция екенін атап өтуде. Бұған дейін Goldman Sachs Republican Sweep сценарийінде индекстің 3%-ға өсуін болжағанын еске саламыз. Шағын капитализациялы компаниялардың Russell 2000 индексі Трамптың протекционизм саясатының шағын компанияларға оң әсерін тигізуі мүмкін деген үмітпен 5,8%-ға секірді. Қорқыныш индексі VIX 16,3 пунктке дейін төмендеді, бұл 27 қыркүйектен бергі ең төмен көрсеткіш. Трамптың президенттігінің теріс жағы – мемлекеттік облигациялардың табыстылығының өсуі, сондай-ақ инвесторлардың салықтар мен тарифтерді төмендету туралы күтулері, бұл өз кезегінде инфляциялық факторларға алып келіп, бюджет тапшылығын нашарлатады. Бүгін нарық ФРЖ-нің отырысын күтуде, онда 0,25%-ға төмендету болжанып отыр. Желтоқсанда тағы бір осындай төмендету және 2025 жылға қарай жалпы 1%-ға төмендету күтіледі. Еуропада кеше сауда ашылысымен бағаның сенімді өсуі байқалғанымен, сауда күні минуспен аяқталды. Кешегі күні Трамптың алға шыққанына байланысты еуропалық инвесторлардың сенімі азайған сияқты. Өткен президенттік кезінде Трамп Еуропаға қарсы тарифтер енгізген болатын, ал бұл жолы ол теңіздегі жел электр станцияларын салуға арналған жаңа жобаларға рұқсат беруді тоқтатуы мүмкін. Азияда таңертең Жапония мен Оңтүстік Корея индексі нейтралды болды, ал Гонконг пен Қытайдың негізгі бөлігінде индекстер өсті. Инвесторлар Пекиннің ішкі сұранысты ынталандыруға көңіл бөледі деп күтуде, бұл Трамптың Ақ үйге қайта оралуының мүмкін болатын теріс әсерін өтейді деп санайды. Бұл уақытта шикізат нарықтарында, әсіресе мыс пен алтын бағасының төмендеуі байқалды, бұл доллардың нығаюына байланысты. Алайда бүгін мыс кеше жоғалтқан бағасының шамамен үштен бірін қайтарды.

Облигациялар. АҚШ-тың 10 жылдық облигацияларының табыстылығы 4,43%-ға жетті. АҚШ-тың жоғары табысты облигациялары басқа тәуекелді активтермен байланысты екі сессия қатарынан өсуде.

KASE индексі. Қазақстан нарығы Трамптың жеңісін және АҚШ-тағы акциялардың өсуін оң қабылдады. KASE индексінің бағалары 1%-ға өсті және тарихи максимумға жақын тұр.

Индекс акциялары. Нарық әлі де АҚШ мемлекеттік облигацияларының табыстылығының өсуі сияқты теріс факторды елемей отыр. Екінші жағынан, жергілікті акциялар бұл бенчмаркпен бірден корреляцияны жиі көрсетпейді. KASE индексіндегі акциялар ішінде теңге бағамына тәуелді акциялардың (банктердің) және екі экспорттаушының бірі – Қазатомпром акцияларының өсуі байқалды. БЦК, КМГ және Казтрансойл бейтарап жабылды. Мұнай бағасы кеше мыс пен алтын бағасының төмендеуімен салыстырғанда жақсы сақталды. Бұл уақытта біздің GDR және ADS сенімді өсу көрсетті: Kaspi 50 күндік сырғымалы орташадан өтті және қазір төмендеу трендін тексеруде, ал Қазатомпром қайтадан $39 белгісінен асты.

Валюта. Бүгін доллар теңгеге қатысты өсім көрсетпей, 492 деңгейінде қалып отыр.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!