Kaspi одан әрі өсу сигналдарын көрсетеді

KASE күнделікті шолулары

17 июля 2025, 13:15

Біздің пікірлеріміз бен күтулеріміз

 

Сыртқы фон. Кеше S&P 500 индексі 0,3%-ға өсті. Сауда сессиясының бірінші жартысы айтарлықтай құбылмалы болды — Трамптың республикашыл конгрессмендермен кездесуде Джером Пауэллді қызметінен босатқысы келетінін айтқаны туралы ақпарат БАҚ-қа тарап кетті. Алайда кейінірек президент мұндай жоспары бар екенін жоққа шығарды, әрі қарай ФРЖ төрағасына қатысты сын айтқан жоқ. Бүгін таңертең Трамп 150-ден астам елге кедендік баж салығы туралы хат жолдайтынын мәлімдеді, болжам бойынша, мөлшері «10 немесе 15%» болады. Bloomberg дереккөздерге сүйене отырып, Трамп Қытаймен қарым-қатынасты жұмсартуға тырысып жатқанын, Си Цзиньпинмен кездесуге және сауда келісіміне қол жеткізуді қалайтынын хабарлайды. АҚШ-та өнеркәсіптік өндіріс өткен айда коммуналдық қызметтер мен өңдеу өнеркәсібіндегі шамалы өсім есебінен артты. ФРЖ өкілдері Уильямс пен Бостик пайыздық мөлшерлемелерді сақтап қалуды қолдады, Уильямс тарифтердің әсері алдағы айларда сезіледі десе, Бостик бұл 2026 жылға дейін байқалмайды деді. Таңертеңгі уақытта Азия нарықтары қалыпты өсім көрсетіп отыр, ал S&P 500 фьючерстері бейтарап күйде. Мұнай бағасы қатарынан төртінші сессияда төмендеп, барреліне $67,8 деңгейіне жетті. Ирактың Күрдістан аймағында дрон шабуылдарынан кейін мұнай компаниялары өндірісті тоқтатқаны хабарланды.

 

Облигациялар. Жұма күнгі өсімнен кейін АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі аздап төмендеді. Таңертең бұл көрсеткіш 4,48% деңгейінде тұр.

 

KASE индексі. Кеше KASE индексі бейтарап күйде жабылды, жергілікті консолидация аясында қозғалысты жалғастыруда. Сауда көлемі 27 маусымнан бергі ең төменгі деңгейге дейін азайды — дәл сол кезде индекс өсім толқынын құра бастаған еді.

 

Индекс акциялары. Жалпы сессия индекс құрамындағы акциялар үшін қалыпты өтті. Kaspi өсім бойынша көш бастады, бұл таң қаларлық жайт емес, өйткені акциялар алдыңғы сессиядағы ADS динамикасын қайталады. Алайда Nasdaq-та котировкалар тағы 1,1%-ға өсіп, төмендейтін тренд сызығы мен 50 күндік жылжымалы орташа көрсеткішінен жоғары көтерілді. Бұл акциялардың тартымдылығын арттырып, әрі қарай өсу мүмкіндігін көрсетеді. Еске салсақ, біздің бірінші тоқсан қорытындысы бойынша ADS акцияларына қойған мақсатты бағамыз — $104, бұл кеше жабылу бағасымен салыстырғанда 22%-дан астам өсім әлеуетін береді. Ең көп төмендеу Қазатомпром акцияларында тіркелді — бұл, әдетте, тізім бекітілгеннен кейін болатын қалыпты құбылыс. Алдағы сессияларда құбылмалылықтың төмендеуін күтеміз.

 

Валюта. Бүгін таңертең USDKZT бағамы 533 теңге шамасында саудалануда. Бұл біз жасаған мамыр айындағы болжамды — жаздың ортасына қарай доллар 530 теңгеге жетеді — растап отыр. Алайда бұл деңгейге тым тез жетіп, теңге тарихи минимумдарға (533,3-ке дейін) түсіп кетті. Бұл ұлттық валютаның техникалық көрінісіне кері әсер етуде. Айқын теріс факторлар ретінде DXY доллар индексінің өсуін атауға болады. Ол әзірге маңызды кедергі деңгейі — 50 күндік жылжымалы орташадан өте алмай отыр. Сонымен қатар үкіметтің 2026 жылға арналған теңге бағамының болжамын 475-тен 540 теңгеге дейін қайта қарауы да ұлттық валютаға қысым жасауда.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!