Казатомпром LSE-де қымбаттайды

KASE күнделікті шолулары

10 маусым 2025, 14:32

Біздің пікіріміз бен күтулеріміз

Сыртқы фон. S&P 500 индексі кеше сауданы бейтарап деңгейде жапты. Нарық қатысушыларының назары Лондонда өткен Қытай мен АҚШ арасындағы сауда келіссөздеріне ауды. Индекс графигіне қарағанда, сауда күні соңында елеулі нәтижелер туралы жаңалықтар болмаған соң, инвесторлар S&P 500-ді бастапқы деңгейіне қайта алып келді. Соған қарамастан, АҚШ шенеуніктері оптимистік көзқараста болды: Говард Лютник Вашингтон мен Пекин арасындағы келіссөздерді «жемісті» деп атады, ал Трамп «Қытаймен бәрі жақсы» екенін мәлімдеді. Бүгін келіссөздердің екінші күні басталады, ал ертең инфляцияның негізгі көрсеткіші жарияланады — бұл акциялар құбылмалылығының артуына негіз болуы мүмкін. Нарық жаңалықтарынан — Citi стратегтері жылдың соңына қарай S&P 500 үшін мақсатты деңгейін 6300 пунктке дейін көтерді (өсу әлеуеті — 4,9%), ал Morgan Stanley 12 айға арналған мақсатты бағасын 6500 деңгейінде растады. Сонымен қатар, Калифорнияда төртінші күн қатарынан тәртіпсіздіктер жалғасуда: штат губернаторы Трамп әкімшілігі бастамашылық еткен Ұлттық гвардия әскерін орналастыруға тосқауыл қою үшін сотқа жүгінетінін айтты. Осы арада Трамп пен Маск араларындағы қысқа келіспеушіліктен кейін татуласқан сыңайлы — осының аясында Tesla акциялары 4,55%-ға өсті. Азия нарықтарында таңертең индекстердің орташа ауытқуы байқалады. Өткен айда Қытайдың АҚШ-қа экспорты 34%-ға төмендеді — бұл соңғы бес жылдағы ең үлкен құлдырау. Еуропалық Stoxx 600 және DAX индекстеріне арналған фьючерстер кеше болған аздаған төмендеуден кейін сәл өсу көрсетуде. S&P 500 индексіне арналған E-Mini фьючерстері айтарлықтай өзгеріссіз саудаланып жатыр. Мұнай $66,6 деңгейіндегі жергілікті кедергіден және 50 күндік сырғымалы орташа деңгейден өтіп, таңертең $67,2 шамасында саудаланып жатыр.

Облигациялар. АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі екі күн қатарынан өскеннен кейін 4,5%-дан төмен түсті.

KASE индексі. KASE индексі қатарынан бесінші сессияда өсті, алайда көлденең трендтің жоғарғы шекарасына жақындау өсу импульсін бәсеңдетуде — котировкалар қарсыласу деңгейіне тіреле бастады.

Индекстегі акциялар. Кеше тағы да өсім көшбасшысы — Қазахтелеком акциялары болды, олар 4,2%-ға өсті. Осылайша, бағалар 2024 жылғы 19 қарашадағы деңгейге жетті. Алайда бүгінгі сауда ашылғаннан кейін өсім байқалмады, бұл жергілікті серпілістің аяқталғанын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, Казатомпромның ЖДҚ-лары 4,1%-ға өсіп, 2024 жылғы 30 мамырдан бері ең жоғары деңгейге шықты. Біздің акциялар мен ЖДҚ-ларға қатысты өсу толқынына берген болжамымыз орындалды. Алайда RSI көрсеткіші күндізгі және 4 сағаттық графиктерде артық сатып алу аймағына енуде, сондықтан қысқа мерзімді перспективада сақ болуды ұсынамыз. Жалпы сектор өсім көрсетті, бірақ нақты триггерлер анық емес — бұл, болжам бойынша, Чехияда екі реактор салып жатқан Cameco компаниясының еншілес ұйымы Westinghouse-тың табыс болжамының жақсаруы себеп болған.

 

Валюта. Доллар бағамы 508 теңге деңгейіне әлсіреуде. Егер курс тағы 2 теңгеге төмендесе, біз өз болжамдарымызды қайта қарастыруымыз мүмкін, өйткені техникалық көрініс теңгенің әрі қарай нығаюын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!