ҚазТрансОйл: 2025 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы

Эмитенттерді талдау

1 желтоқсан 2025, 10:50

АО «ҚазТрансОйл» 2025 жылдың үшінші тоқсаны бойынша қаржылық нәтижелерін жариялады.
Тоқсандық табыс жақсы өсім көрсетіп, жаңа рекордқа жетті, ал өзіндік құн айтарлықтай артқан жоқ. Соның нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда компанияның операциялық маржиналдылығы жақсарды. Таза пайда өсімін жалғастырып, жылдық көрсеткіште 2021 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сонымен қатар еркін ақша ағымы да жақсарып, компанияның ақша позициясының айтарлықтай нығаюына алып келді. Бұл келесі жылы дивидендтердің көбірек бөліну ықтималдығын арттырады. Біздің бағалауымызша, дивиденд мөлшері бір акцияға 105–110 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бағалау моделінде негізгі қаржылық көрсеткіштер жаңартылды: WACC деңгейі мен операциялық маржиналдылық болжамы жоғарылады, таза қарыз көрсеткіші жақсарды және доллар бағамы бойынша болжам төмендетілді. Нәтижесінде «ҚазТрансОйл» акциясы бойынша жаңартылған мақсатты бағамыз – 1 190 теңге, өсу әлеуеті – 42%. Ұсыным – «Сатып алу».

(+) Түсім жаңа рекорд орнатты.
«ҚазТрансОйл» компаниясының тоқсандық табысы жылдық көрсеткіште 15%-ға және тоқсандық көрсеткіште 7%-ға өсіп, рекордты 91 млрд теңгеге жетті. Жылдық өсім табыстың барлық негізгі сегменттерінде байқалды. Шикі мұнайды тасымалдаудан түсетін кіріс 15% г/г және 5,2% к/к өсті. Бұл көбіне компания көрсететін жекелеген қызметтердің тарифтерінің артуымен байланысты. Бұған қоса, мұнай тасымалы көлемінің 3,8% г/г төмендеуі де байқалады. Дегенмен стратегиялық маңызды бағыттарда көлемнің азаюы тіркелген жоқ: ішкі нарыққа жеткізілімдер ПМХЗ-ға жеткізілімнің артуының арқасында 0,3% г/г өсті. Атырау–Самара экспорттық мұнай құбыры бойынша көлем 13% г/г артты. Түскен табыс көлемі бойынша екінші маңызды сегмент – «Құбырларды пайдалану және қызмет көрсету» – 20% г/г және 3,9% к/к өсті. Сондай-ақ су тасымалдаудан түсетін табыс 9,4% г/г және 16% к/к көтерілді. ҚКТ мен Мунайлтас бірлескен кәсіпорындарынан түсетін үлестік пайда 1,6% г/г төмендегенімен, тоқсандық тұрғыда 36%-ға өсті.

(+) Маржиналдылықтың өсуі жалғасуда.
Үшінші тоқсандағы валдық маржа 23,2% болып, өткен жылғы 18,9%-дан айтарлықтай жоғары болды. Өзіндік құн жылдық көрсеткіште 9%-ға артты, оның ішінде персонал шығындары 11,3% г/г өсті. EBITDA маржа 40,4%-дан 42,9%-ға көтерілді. 2025 жылдың үшінші тоқсанындағы таза пайда 17,6 млрд теңгені немесе бір акцияға 45,6 теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45% жоғары. Еркін ақша ағымы да айтарлықтай өсіп, 26,8 млрд теңгеге жетті (+427% г/г), бұл — операциялық ақша ағымының өсуі және капиталдық шығындардың 33% г/г қысқаруы нәтижесі. 2025 жылдың қыркүйек айының соңында таза қарыз – минус 31,3 млрд теңге, яғни ақша мен өтімді активтердің көлемі қарыздан асып түсті. Бұл — 2023 жылғы 31 наурыздан бергі ең жақсы көрсеткіш. Осылайша, баланс бойынша ақшаның жиналуы келесі жылы дивидендтердің ұлғаюына мүмкіндік береді.

Біздің пікіріміз және бағалау моделіндегі өзгерістер.
Жалпы алғанда, «ҚазТрансОйл» қаржылық есебін қалыпты түрде позитивті деп бағалаймыз. Тарифтердің өсуі және үшінші тоқсанда мұнай тасымалы көлемдерінің қалпына келуі нәтижесінде табыс жаңа рекордтарға жетті. Маржиналдылықтың және валдық пайданың жақсаруы таза пайданың жылдық көрсеткішін 128 теңгеге дейін көтерді — мұндай деңгей соңғы рет 2021 жылы болған. Еркін ақша ағымының өсуі кэш қорының ұлғаюына ықпал етті, бұл дивидендтерді арттыру ықтималдығын күшейтеді. Дегенмен, активтердің құнсыздануына байланысты ықтимал шығындар (2022–2024 жылдары болғандай) таза пайдаға және дивидендтерге қысым көрсетуі мүмкін. Соған қарамастан, біз келесі жылы дивиденд 105–110 теңге деңгейінде болады деп күтеміз, бұл шамамен 13% дивидендтік табыстылық береді. Модельде доллар бағамы бойынша болжам төмендеп, долларлық тарифтерден түсетін табыс азайтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік облигациялар кірістілігінің өсуіне байланысты WACC көтерілді. Ал маржиналдылықтың артуы және таза қарыздың төмендеуі бағалауды өсірді. Осы жаңартулардан кейін акцияның мақсатты бағасы — 1 190 теңге, өсу әлеуеті — 42%.
Ұсыным — «Сатып алу».

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!