Мұнай қайтадан өсуді көрсетеді

KASE күнделікті шолулары

3 шілде 2025, 13:50

Біздің пікіріміз және күтулеріміз

Сыртқы фон. S&P 500 индексі қысқа үзілістен кейін өсуін жалғастырып, тарихи максимумдарын жаңартты. Сауда келісімдеріне қатысты жаңа деректер келіп түсті — Трамп инвесторлар үшін тиімді келісімге Вьетнаммен қол жеткізілгенін мәлімдеді. Келісім бойынша, Вьетнам АҚШ-қа экспортқа 20% кедендік баж төлейтін болады, ал АҚШ-тан импорт баж салығынан босатылады. Сонымен қатар АҚШ арқылы транзиттелетін кез келген тауарға 40% баж салығы енгізілетіні айтылды, алайда бұл салықты жинау техникалық жағынан қиын болуы мүмкін. Жапония АҚШ-пен тез арада келісім жасау үшін ұлттық мүдделерінен бас тарта алмайтынын жеткізді.

Бүгін АҚШ-тың еңбек нарығына қатысты есеп негізгі назарда. Бұл есепте жұмысқа қабылдау баяулағаны байқалуы мүмкін — экономистер ауыл шаруашылығынан тыс жаңа жұмыс орындарының 106 мыңға өсетінін және жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ға дейін көтерілетінін болжап отыр, бұл 2021 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болады. Еңбек нарығындағы әлсіз есеп ФРЖ-ны осы айда мөлшерлемені қайта төмендетуге итермелеуі мүмкін. Саудагерлер шілде айында мөлшерлемені 25% ықтималдылықпен төмендетілуін күтуде.

Сонымен қатар сауда балансының тапшылығы, өндірістік тапсырыстар мен қызмет көрсету секторындағы ISM индексі бойынша есептер жарияланады. Пауэллге қатысты қызықты жаңалықтар бар — Тұрғын үй қаржыландыру агенттігінің басшысы Конгресті ФРЖ төрағасы Пауэллдің Сенаттағы соңғы сөзін «адастыратын» деп, оған тергеу жүргізуге шақырды. Осы ретте Трамп та Пауэллді отставкаға кетуге тағы да үндеді.

Континенталды Еуропада котировкалар 0,2–0,5% өсті. Бүгін S&P 500 фьючерстері 0,12%, DAX — 0,36%, ал Stoxx 600 — 0,3% өсуде. Азияда сауда аралас сипатта — Гонконг биржасы төмендеуде, бірақ Корея және Қытайдың континенталды CSI 300 индексі өсуде. Кеше мұнай бағасы $69,1-ге дейін қымбаттады, бұған Иран президентінің МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтату туралы заңға қол қоюы себеп болды.

Облигациялар. АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі екінші күн қатарынан өсіп, 4,28%-ға жетті.

KASE индексі. KASE индексі кеше 0,3%-ға өсті және осымен қатарынан төрт сессия бойы оң динамиканы көрсетті. Бүгінгі сессияда индекс тағы 0,4%-ға жоғарылауда. Индекстің тарихи максимумдарды жаңартуы оның өсуін жалғастыруы мүмкін екенін көрсетеді, бірақ бұл «аюлы» сигналдар пайда болу қаупін толығымен жоққа шығармайды.

Индекстегі акциялар. Бұған дейін экспорттаушы компаниялар — ҚМГ мен Қазатомпром акцияларының өсуі орын алған еді, бірақ кейін банк секторындағы — БЦК мен Халық банкі акциялары раллиге шықты. Кеше мұнай бағасының өсуіне қарай, ҚМГ қайтадан 17 500 теңге деңгейіне жетуге тырысуда. Сонымен қатар, техникалық тұрғыдан Kcell акциясы 3 500 теңгеге дейін өсу әлеуетін көрсетуде. Лондон биржасында (LSE) AIRA акциялары өсім бойынша көш бастады — бұл акциялар бұған дейін минимум деңгейлерге дейін құлдыраған еді. Индекстің өсуі жалғасып жатқанына қарамастан, «аюлы сына» фигурасының қалыптасуы мүмкіндігі бізді алаңдатпай қоймайды.

Валюта. Таңертең доллар бағамы 519,5 теңге деңгейінде. USDKZT графигінде төменгі шегі 518 теңгеден сәл төмен орналасқан тік бұрышты үшбұрыш фигурасы барған сайын айқындала түсуде.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!