2026 жылғы қазан. Күтпеген жаңалық: болжам 9%-ға дейін төмендетілді
Қазақстандағы инфляцияға шолу
12 қараша 2026, 13:59
• Жылдық инфляция қыркүйектегі 9,3%-дан қазанда 9,2%-ға дейін баяулады. Бұған негізінен азық-түлік тауарлары ықпал етті.
• Ет бағасының баяу өсуі мен қанттың арзандауы нәтижесінде азық-түлік тауарларының айлық инфляциясы 2011 жылдан бергі қазан айлары үшін ең төмен деңгейге жетті.
• Бензин мен дәрі-дәрмек бағасының өзгеруі есебінен азық-түлікке жатпайтын тауарлар да инфляцияның төмендеуіне ықпал етті.
• Ақылы қызметтер өткен жылғы төмен салыстыру базасына байланысты инфляцияға күтілгендей кері әсер етті, алайда оның ықпалы болжанғаннан әлсіз болды.
• Қазанда Ресей мен еуроаймақта инфляция қарқыны үдеп, оның орташа көрсеткіші 2025 жылғы маусымнан бергі ең жоғары деңгейге жетті.
• Теңгенің валюталар қоржынына қатысты аздап әлсірегеніне қарамастан, валюта бағамының инфляцияға әсері әлі де әлсіз болып отыр.
• Біз 2026 жылдың соңына арналған инфляция болжамын 9,5%-дан 9,0%-ға дейін төмендеттік, ал 2027 жылдың соңына арналған болжамды 7,8% деңгейінде сақтадық.
Толығырақ PDF-шолуда.