Күз-2026: инвесторларға не білген маңызды?

Аналитикалық мақала

31 августа 2026, 10:13

Күз - нарықтар үшін дәстүрлі түрде маңызды кезең: компаниялар жаңа қаржылық нәтижелерін жариялайды, инвесторлар бизнестің жыл соңына дейінгі перспективаларын бағалайды, ал басты әлемдік трендтер жаңа бағдарларға ие болады.

Бұл маусымда да жасанды интеллект басты назарда қалып отыр: компаниялар дата-орталықтарға, есептеу қуаттарына және өздерінің ЖИ-шешімдеріне жұмсалатын шығындарды арттыруды жалғастыруда. Бұл ретте инвесторлар үшін мүмкіндіктер тек технологиялық секторда ғана емес. Банктер, төлем жүйелері, фармацевтика, тұтынушылық сектор, энергетика және жекелеген нарықтардың қайта қалпына келуінен пайда көре алатын компаниялар да үлкен қызығушылық тудырады.

Freedom Broker сарапшылары күз мезгіліне арналған инвестициялық идеялар жинағын дайындады - оның ішінде ірі технологиялық алпауыттардан бастап мұнай-газ секторындағы тұрақты компанияларға дейін бар.

 

Осы күздегі әлемдік топ-15 компания

Елдар Шакенов, Freedom Finance Global талдаушысы

Әлемдік нарық 2026 жылдың күзіне бірден бірнеше күшті инвестициялық трендпен қадам басып отыр. Компаниялар жасанды интеллект пен инфрақұрылымға белсенді қаржы салуды жалғастыруда, цифрлық төлемдер мен медициналық препараттарға сұраныс артып келеді, ал қорғаныс және энергетика секторлары ұзақ мерзімді жобалар есебінен қолдау табуда.

Көрсеткіштердің инфографикасы компаниялардың аналитикалық деректері негізінде ЖИ көмегімен жасалған.

 

Қазақстан нарығы

Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global талдаушысы

Қазақстандық нарық үшін күз мезгілі дивидендтік маусымның, шикізат бағасы динамикасының және банк секторы үшін өзгерген жағдайлардың ықпалымен өтпек. Ірі компаниялардың басым бөлігі 2026 жылдың екінші тоқсаны бойынша есеп беріп үлгерді және олардың нәтижелері әртүрлі сипаттағы көріністі көрсетіп отыр: мұнай-газ және инфрақұрылымдық компаниялар күшті қаржылық көрсеткіштерін сақтап қалса, банк секторы жоғары базалық мөлшерлеме, резервтерге қойылатын талаптардың артуы және салық жүктемесі тарапынан қысым көруде.

Көрсеткіштердің инфографикасы компаниялардың аналитикалық деректері негізінде ЖИ көмегімен жасалған.

Есептілікте банк секторына түскен қысым да, сондай-ақ тартымды дивидендтік оқиғалар да анық байқалады. Ең көп көзге түскен компаниялардың қатарында - Kaspi.kz, Халық Банкі, KEGOC және Қазатомөнеркәсіп бар.

Kaspi.kz

Kaspi.kz-тің нәтижелеріне түріктің Hepsiburada маркетплейсінің шығындары әсер етті. Бұл ретте компания дивидендтерді бір АДР үшін 1 000 теңгеге дейін арттырды - бұл рекордтық көрсеткіш.

Халық банкі

Халық Банкінің пайдасына реттеуші тарапынан жасалған қысым әлі де әсер туде: жоғары базалық мөлшерлеме, ең төменгі резервтік талаптың және пайда салығының артуы.  Сақтандыру бизнесі кірістілігінің күрт төмендеуі де қосымша фактор болды. Дегенмен, банк осы жылдың өзінде екінші рет дивиденд төлеп отыр, бұл дивидендтік кірістілікті 15%-ға дейін жеткізді - бұл KASE-дегі ең жоғары көрсеткіш.

KEGOC

KEGOC дәстүрлі түрде жылына екі рет дивиденд төлейді. Бұл жолы төлем көлемі өткен кезеңдегі шамамен 80 теңгеге қарағанда, бір акцияға барынша 100 теңгеге дейін өседі деп күтеміз.

Қазатомөнеркәсіп

«Қазатомөнеркәсіптің» таза пайдасы ж/ж 8%-ға төмендеді. Нәтижеге салық мөлшерлемесінің көтерілуі аясында өзіндік құнның өсуі және теңгенің долларға шаққандағы нығаюына байланысты бағамдық шығындар әсер етті. Уранның долларлық нарықтық бағасының өсуі бұл негативті тек өтеп қана берді.

Осылайша, осы күзде инвесторлар дивидендтік әлеуетке ерекше назар аудара отырып, қаржылық нәтижелері күшті, бизнесі тұрақты және өсу драйверлері түсінікті компанияларға бәс тіккені жөн.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!