Біздің комментарийлер мен күтулер
Сыртқы фон. Кеше АҚШ нарығы Алғыс айту күніне байланысты жабық болды. Бүгін таңертең S&P 500 индексінің фьючерстері 0,1%-ға өсіммен саудалануда. АҚШ нарығынан бағыт болмағандықтан, Еуропада индекстер өзгеріссізге жақын деңгейде жабылды. Таңертең Чикаго тауар биржасында (CME) фьючерстер мен опциондар саудасында техникалық ақаулар тіркелді. Азияда сауда негізінен тұрақты, тек кореялық Kospi индексі 1,5%-ға төмендеді. Шикізат нарықтарында мұнай бағасы $63,15 деңгейіне дейін өсуде. Жексенбі күні ОПЕК+ елдері кездесіп, 2026 жылдың басында өндірістің өсуін тоқтата тұру жоспарын сақтауы күтіледі. Алтын да қымбаттап, 21 қазаннан бергі ең жоғарғы деңгейлерге жақындады.
Облигациялар. АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының фьючерстері шамалы төмендеп, кірістіліктің төмендеу толқынының аяқталуына және мөлшерлеме төмендеуі бойынша оптимизмнің әлсіреуіне белгі беруде.
KASE индексі. KASE индексі кеше бейтарап аймақта жабылды, дегенмен оның құрамындағы акциялар жоғары құбылмалылықпен саудаланды. Күндік шамда көлеңкелер сақталды. 4 қарашадан басталған жергілікті тренд сызығы жоғары қарай бұзылғанын көріп отырмыз, алайда шамдағы қозғалыстарға қарап, бұл бұзылым сенімді емес. Жақын сессияларда нарық кідіріс жасауы ықтимал.
Индекс акциялары. Кеше өсім бойынша көшбасшылар — «Қазақтелеком» және «ҚазТрансОйл» акциялары болды. Біз KZTK қағаздарындағы «бұқалар» белсенділігінің артуын бірнеше рет атап өттік, соңғы толқында бағалар 9,2% өсті. «Халық банкі» де қалпына келуде, бірақ маңызды жергілікті бұзылымсыз. Лондон биржасында ГДР $24,95 деңгейінде жабылды. Еске салсақ, SPO-ға байланысты төмендеу толқыны шамамен $25,5 деңгейінен басталған. Бүгін Kcell және Банк ЦентрКредит акциялары өсім көрсетуде, ал қалғандары — бейтарап.
Валюта. Доллар таңғы саудада 513 теңгеден төмендеді. Тенгенің мұндай күшеюі мен АҚШ валютасының төмендеуі бізді таңқалдырды — себебі қозғалыс айқын триггерлерсіз және маусымдық үрдістерге қарсы жүруде. Дегенмен, теңге үшін негізгі қолдаушы фактор — жоғары базалық мөлшерлеме, ол бүгінгі Ұлттық Банк отырысында өзгеріссіз қалдырылды. Сонымен қатар, реттеуші 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін мөлшерлемені төмендетуге орын жоқ екенін хабарлады. Сондай-ақ USDKZT және USDRUB валюталық жұптары арасындағы корреляция байқалады — бұл рубльдің соңғы нығаюы мен бейбіт келіссөздердің қайта басталуының ықтимал әсерін көрсетеді.