Қарсылық деңгейі KASE индексін ұстап тұрды

KASE күнделікті шолулары

18 сәуір 2025, 12:47

Пікірлеріміз бен күтулеріміз

Сыртқы ахуал. Кеше S&P 500 индексі бейтарап мәнде жабылды. Индекс картасында мегакапитализациялы акциялар орташа төмендеді, олардың ішінде ең көп төмендеген — Nvidia (-2,9%). Сонымен қатар, энергетика, коммуналдық қызметтер, тұтынушылық және өнеркәсіптік секторлар өсім көрсетті. S&P 500 VIX волатильдік индексі 30 ұпайдан төмендеді. Нарықтағы негізгі тақырыптардың бірі – Трамптың АҚШ-тың Федералды резерв жүйесіне (ФРЖ) қарсы сын-пікірлері және реттеушінің тәуелсіздігі мәселесін талқылау болды. Джером Пауэлл ФРЖ тарапынан нарықтарды қолдауға қарсы екенін айтты, бұл Трамптың ашуын тудырды. Оның айтуынша, «қаласа, Пауэллді ФРЖ-дан босатуға өкілеттігі бар». Кейін АҚШ президенті Еуроодақпен сауда келісімі жасалатынын хабарлады, бірақ егжей-тегжейін ашпады. Сонымен қатар, АҚШ пен Украина арасындағы минерал жеткізу бойынша келісім келесі аптада жасалатынын айтты. АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтінімдер соңғы екі айдағы ең төменгі деңгейге түсті, бұл еңбек нарығының тұрақтылығын көрсетеді. Еуропада да котировкалар бейтарап мәнде жабылды. Еуропалық орталық банк (ЕОБ) 2023 жылғы маусымнан бері жетінші рет пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайыздық тармаққа төмендетіп, 2,25%-ға жеткізді — бұл нарық күтулеріне сәйкес келді. Азия нарықтарында Гонконгта таңғы сессия жабық болды, ал Жапония мен Корея 1% шамасында өсім көрсетті. Қасиетті жұмаға байланысты АҚШ, Еуропа және басқа да елдердің биржалары жұмыс істемейді. Гонконг пен Еуропа биржалары 21 сәуірді қоса алғанда, екі сессия қатарынан жабылады. Жұма күні мұнай бағасы жақсы өсті, ал алтын жаңа максимумдарда орныға алмады.

Облигациялар. 10 жылдық облигациялар кірістілігі өзінің 50 күндік сырғымалы орташа мәні маңында. Корпоративтік облигациялар өсім көрсетті.

KASE индексі. Кеше KASE индексі 0,92%-ға төмендеді. Соңғы серпіліс 5600 ұпай деңгейіндегі қарсылыққа тіреліп, төмен қарай бұрылды. Дегенмен, котировкалар қысқа мерзімді консолидация аймағынан жоғары деңгейде қалды.

Индекс акциялары. Бейсенбіде ең көп төмендеген – Халық банкінің акциялары, олар 3,7%-ға құлдырады. Акциялар 5 мамырдағы тиянақтау күніне дейін (T+2 режимін есептемегенде) жалғасуы мүмкін үшбұрыш фигурасын құрауда. Бұл құрылым дивиденд төлемдерінің жақындауына байланысты сатып алушы белсенділігінің жоқтығын және консолидацияны білдіреді. Басқа жергілікті акциялар да аздап төмендеді: Kaspi –1,4%-ға түсіп кетті, Nasdaq-тағы ADS 3,6%-ға өскеніне қарамастан. GDR-лар жоғары құбылмалылық танытуда — Қазатомпром 5,3%-ға төмендеп, $30 шамасындағы қолдау деңгейіне қайта оралды. Халық банкі де шетелдік биржада ұқсас техникалық фигура құрап, 3,1%-ға төмендеді. Әртүрлі биржаларда саудаланатын акциялар арасындағы валюталық айырмашылық шамалы, тек Қазатомпромда ғана ол 6,4%-ды құрайды және жергілікті акциялар пайдасына.

 

Валюта. USDKZT жұбы 16 сәуірдегі айтарлықтай өсуінен кейін қатарынан екінші сессияда төмендеуде. Бүгін таңертең форекс нарығында доллар бағамы 521,7 теңге болып тұр, бұл KASE-дегі деңгейге сәйкес келеді. Айта кетерлік жайт — рубль долларға қатысты нығаюдың жаңа толқынын бастады: USDRUB жұбы 1 долларға 81 рубль деңгейіне жетті — бұл 2023 жылғы маусымнан бергі ең жоғары мән.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!