Құлдыраушы нарықта қалай табыс табуға болады?

30 қыркүйек 2020, 16:47

Нарық жағдайы нашарласа, уайымдаудың қажеті жоқ, оған бірнеше себеп бар:

1) Көптеген басқа компаниялардың акциялары қайта бағалануын тоқтатады. Сіз оларды жеңілдігімен сатып алуыңызға болады. Біз дәл осы әдісті инвесторлардың басым бөлігінің қолдануына кеңес береміз.

2) Нарық босап, жаңа өрлеп жатқан үрдіс үшін «қуат» алмақ. Ол басталуы үшін, уақыт керек, бірақ егер нарықтың төмендеуі өткінші емес, толыққанды дағдарыс нарығы болса да, әлемдік экономиканың ешқайда кетпейтіні айдан анық әрі ол өсе береді.

3) Нарықтың төмендеуінен табыс табуға болады! Әрине, оны барлығы игеріп кете алмайды. Сауда-саттықтың тілін білетін белсенді трейдерлер ғана игере алуы мүмкін. Қалай болғанда да, бұл – оқып-үйренуге әрі сақтауға болатын стратегия. Сол жайында білсек!

Мәмілелердің екі түрі

Ұзынмен қатар, қысқаның да болары сөзсіз! :) Нарықта бұл кереғарлық ойынына ұзын әрі қысқа позициялар сәйкес келеді (long және short).

«Лонгқа» толық тоқталмаймыз. Ұзын позиция бұл – бағалы қағаздарды бағасы көтерілгенде табыс табу үшін жай сатып алу. Long аштыңыз – бағасы өсті – акцияны қымбаттырақ саттыңых – табыс таптыңыз. Бағасы төмендеді – сіз ақшаңызды жоғалттыңыз.

Қазіргі уақытта бізді қысқа сатылымдар (short sales) қызықтырады. Қысқа сатылымда акциялардың құны төмендегенде табыс табуға болады. Егер сіз белгілі бір компания қағаздарының бағасы түседі деп ойласаңыз, сіз оларды сата аласыз. Содан кейін арзандау бағаға толық сатып алып, үнемделген айырмашылығын қалтаңызға сала аласыз. Бұл сізге түскен пайда болмақ.

Сізде жоқ акцияны қалай сатуға болады?

Оның еш қиындығы жоқ: сіз брокерден белгілі бір комиссия үшін қарызға алып, нарықта сата аласыз. Содан кейін сатып алып, брокерге қайтара аласыз.

Оның, шынымен, еш қиындығы жоқ: сауда платформасында сізден қосымша әрекеттерді орындауыңызды талап етілмейді. Сіз «Сатып алу» түймесінің орнына «Сату» түймесін басасыз. Платформа бұйрықта көрсетілген акциялар санының сізде жоқ екенін өзі көреді әрі сол арқылы қысқа позицияны ашуды көздегеніңізді түсінеді. Брокердкен акцияларды қарызға алу автоматты түрде әрі тым жылдам жүреді.

МЫСАЛ: сіз Apple акциялары қайта бағаланған деп санайсыз әрі компаниядан әлсіз есепті күтесіз. Осы жағдайда табыс табу үшін, сіз AAPL акциялары бойынша қысқа позицияны ашасыз – брокерден 100 акцияны қарызға алып, нарықта бір данасы үшін $120 долларға сатасыз. Компанияның есеп беру жағдайы нашар және акциялар $100 долларға дейін төмендейді. Сіз оларды сатып алып, брокерге қайтарасыз. Сіздің пайдаңыз бір акцияға $20 долларды немесе бір позицияға 100 акцияда $2000 долларға келеді. Комиссия ұстап қалынады.

Ерекшеліктері

Осындай оңай болуына қарамастан, бұл – жай саудаға және қағаздарды ұстап тұруға қарағанда сауда-саттықтың анағұрлым озық түрі. Өзіндік ерекшеліктері бар сауда-саттық:

- Мәміле жылдамырақ, себебі нарықтың жоспарлы түрде өсуіне қарағанда, әдетте ол күрт төмендейді.

- Ықтимал пайда акциялардың $0 бағасымен шектеулі. Позициялардың мөлшерін қауіпті өсіре отырып қана оны ұлғайтуға болады.

- Бағалардың сіз ойлаңандай көтерілмеу әлеуеті шектелмеген. Жоғалтып алу қаупі сіздің позицияларыңыздың көлемімен ғана бақыланады.

- «Шорт» акциялардың барлығына жасалмайды. Бірақ тым көп – мың акция деуге болады.

Freedom Finance Академиясы курстарында short-позицияларды ашып, олар жайында көбірек білуіңізге болады.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!