SPO деген не және оған қалай қатысуға болады KEGOC-ты мысалға алып талдаймыз

27 қазан 2023, 16:26

Акциялардың қайталама жария ұсынысы (Secondary Public Offering, SPO) – бұл инвесторлардың биржада ұсынылған компанияның акцияларын ерекше талаптармен сатып алу мүмкіндігі бар процесс. Оның акциялары саудаланып та жатыр, бұл ретте компания жаңа акциялар шығаруда немесе еркін айналыста болмаған топтама есебінен үлесін арттыруда. Бұның не екенін және SPO-ның корпоративтік қаржы әлемінде неге маңызды рөл атқаратынын егжей-тегжейлі қарастырайық.

Не себепті компаниялар SPO өткізеді?

Қосымша қаражатқа деген қажеттілік: SPO өткізудің ең көп тараған себептерінің бірі - қосымша қаражат тарту қажеттілігі. Бұл ақша әр түрлі операцияларды қаржыландыруға жұмсалуы мүмкін: бизнесті кеңейту, зерттеулер және әзірлеулер, басқа компаниялардың қосылуы және бірігуі немесе борыштарды төлеу.

Қазіргі акционерлер үшін өтімділік: SPO сондай-ақ қазіргі акционерлерге (құрылтайшылар мен инвесторларды қоса алғанда) өз акцияларын нарықта сатуға мүмкіндік береді. Бұл оларға өз инвестицияларын іске асыруға және өтімді қаражат алуға мүмкіндік береді.

Компанияның профилі мен көрінімділігін арттыру: SPO компанияға қоғамның назарын арттырып, оның қор нарығындағы профилін арттыра алады. Бұл компания үшін жаңа клиенттерді, іскери серіктестерді және қызметкерлерді тарту кезінде пайдалы болуы мүмкін.

SPO процессі

Дайындық және хабарлау: компания және оның қаржылық консультанттары алдын ала бағалау жүргізіп, орналастыруды жоспарлайды. Содан кейін компания әдетте ұсынылатын акциялардың санын және күтілетін сату бағасын көрсете отырып, SPO өткізуге ниетін жариялайды.

Басқарманы және құжаттаманы тіркеу: компания SPO-ны реттеуші органда тіркеп, қаржылық есептілікті, бизнесті сипаттауды және тәуекелдерді қоса алғанда, тиісті құжаттаманы ұсынуы тиіс.

Маркетинг және акцияларды сату: реттеуші органнан мақұлдау алғаннан кейін компания SPO маркетингін және акцияларды инвесторларға сатуды бастайды.

Қаражатты бөлу: SPO-дан кейін компания алған қаражатты өз акцияларын сатқан акционерлердің арасында үлестіреді немесе оларды белгіленген мақсаттарға сәйкес пайдаланады.

SPO – «KEGOC» АҚ маңызды мүмкіндігі

2023 жылғы 2 қарашаға дейін барлық ниет білдірушілердің KEGOC қазақстандық электр желілері операторымен SPO-ны іс жүзінде тексеріп көруге мүмкіндігі бар.

Өтінімдерді  қабылдау 2023 жылғы 2 қарашаға дейін ашылған.

Тапсырма беру үшін http://app.tradernet.global/to/cps/297 сілтемесімен өтіңіз

Freedom Broker талдаушыларының SPO-ның келешегін бағалауы:

Ұсыныстың бағасы: 1 482 KZT

Мақсатты баға: 1 610 KZT

Өсу ықтималдылығы: 9%

Толығырақ есеп: https://ffin.kz/file/2023/09/28/20230928_kegc_hold_1610_obyavlen_start_spo.pdf 

«KEGOC» АҚ SPO-сы қосымша эмиссия арқылы өтеді. Компания 15 294 118 жай акцияны ұсынады, бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ-ның үлесі Компания акцияларының жалпы көлемінің кем дегенде 85%-ын құрайды. 

KEGOC-тың 17 және одан көп акцияларын иеленген ағымдағы акционерлер акцияларды қосымша орналастырған кезде акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын пайдалана алады. Басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру кезеңі 30 күнге 28 қыркүйектен қоса алғанда 27 қазанға дейін жалғасады. 

«Жаңа реттеушілік өзгерістерге және өсе түскен электр энергиясы нарығына байланысты KEGOC-тың елеулі даму әлеуеті бар. 2014 жылы алғашқы жария орналастыру сәтінен бері компания акцияларының бағасы 3 есе өсті, акционерлерге 218 млрд теңгеге жуық төленді» деп атап көрсетті «KEGOC» АҚ Басқармасының төрағасы Нәби Айтжанов.

Сіз SPO туралы толығырақ https://www.kegoc.kz/ru/press-center/press-releases/ сайтындағы баспасөз парағынан біле аласыз.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!