24/7 және болашақ нарығы: егер акциялар тәулік бойы саудаланса, жағдай қалай өзгеруі мүмкін
18 мамыр 2026, 10:50
Бағалы қағаздар нарығы бірнеше ғасырдан бері бар. Осы уақыт аралығында ол бір қағидат жұмыс істеп келді: жұмыс уақыты – сауда жаса, жұмыс емес сағаттары – күте тұр. Бірақ қазір бұл тәсіл өзгеруде. Биржалар сессияларды ұзартады, оған қоса тәулік бойы саудаланатын токен акциялар пайда болады.
Қазақстандық ITS алаңы тәулігіне 19 сағатқа жуық жұмыс істейді. Ал NYSE және Nasdaq сияқты әлемдегі ең ірі биржалар 22-23 сағаттық режимге көшуді жоспарлап отыр. Инвестор үшін бұл нені білдіреді? Рет-ретімен түсіндіріп көрейік.
Не себепті бұрын сауда-саттық бірнеше сағатқа созылатын
Тарихи тұрғыдан биржалар қатаң шектеулі уақытта жұмыс істейтін, себебі сауданы биржаға барып жасайтын. Брокерлер бір залда жиналып, айқайлап, қолдарын бұлғап, мәмілелерді қағазға жасайтын. Бұл жүйе нақты кестені қажет ететін: ашылуы, сауда сессиясы, жабылуы, деректерді өңдеу.
Бүгінгі таңда сауда-саттық дегеніміз - код, серверлер және алгоритмдер. Адам биржаға бармаса да болады. NYSE бәрі бір де Нью-Йорк уақытымен 9:30-дан 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл күніне шамамен 6,5 сағат (+пре-маркет және пост-маркет). Лондон биржасы - 8,5 сағат. Гонконг, түскі үзілісі бар - шамамен 5,5 сағат. Аптасына бес күн.
Нарыққа қатысушылардың көбі мұндай стандартты цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында ескірген деп санайды да, оны ол өзгерте бастайды.
Қазіргі жағдай қандай: АҚШ биржалары тәулік бойғы саудаға бет бұруда
2025 жылғы ақпанда NYSE Arca (Нью-Йорк қор биржасы тобының сауда орындарының бірі) АҚШ-тың ірі биржалары арасында бірінші болып SEC -америкалық бағалы қағаздар нарығын реттеушінің жұмыс уақытын кеңейтуге рұқсатын алды. Мақұлданған жоспар бойынша NYSE Arca дүйсенбіден бейсенбіге дейін Нью-Йорк уақытымен түнгі 1:30-дан кешкі 23:30-ға дейін және жұмада Нью-Йорк уақытымен 1:30-дан 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осылайша, биржа жұмыс күндері тәулік бойы сауда-саттық моделіне көшеді. Оның ресми түрде басталуы 2026 жылдың соңына жоспарланған.
2026 жылғы сәуірде SEC Nasdaq-тың акциялармен және ETF тәулігіне 23 сағат, аптасына бес күн сауда жасау сияқты ұқсас жоспарды мақұлдады. Жоспардың басталатын алдын ала жоспарланған күні 2026 жылғы 6 желтоқсан.
Жаңа 24x биржасына 23 сағаттық сауда-саттыққа да рұқсат берілді.
Сонымен бірге, NYSE тәулік бойы токен активтермен сауда жасау және есеп айырысуды жеделдету үшін блокчейн инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндігін зерттейді.
Тағы не маңызды: 2026 жылдың ортасында DTCC (барлық мәміле бойынша есептеулер жүргізілетін америкалық клирингтік орталық) 24/5 жұмыс режиміне көшуді жоспарлап отыр. Бұл негізгі шарт - онсыз биржалар сағаттарды толығымен кеңейте алмайды.
Деректер жай уақыттан тыс саудаға сұраныс қазірдің өзінде бар екенін көрсетеді: 2025 жылғы екінші тоқсанда негізгі сессиядан тыс күніне 62 миллиард доллардан астам 2 миллиардтан көп акция саудаланды – бұл АҚШ акцияларының жалпы көлемінің 11,5%-ы. 2019 жылы бұл үлес екі есе аз болды.
Қазақстанда тәулік бойы сауда жасау жүйесі бар: ITS тәулігіне 19 сағат қолжетімді
Әлемдік биржалар жоспарларды талқылап жатқанда, Қазақстанда кеңейтілген сессия шындыққа айналды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) шеңберінде жұмыс істейтін ITS (International Trading System) халықаралық сауда алаңы 2026 жылғы 3 сәуірден бастап сауда сессиясын Астана уақыты бойынша келесі күні сағат 9:00-ден 3:45-ке дейін тәулігіне 19 сағатқа дейін кеңейтті.
Салыстырмалы түрде ITS алғаш рет жұмысын 2023 жылғы маусымда бастаған кезде, оның сессиясы түнгі 11:00-ден 3:00-ге дейін 16 сағатты болатын. Содан кейін ол жұмысын біртіндеп кеңейте бастады.
Қазір ITS сессиясы бірден үш өңір – Азия, Еуропа және Солтүстік Американың сауда уақыттарын жабады. Сауда-саттық Азия сессиясының нағыз ортасында ашылып, NYSE және Nasdaq-тағы негізгі сауда-саттық аяқталғаннан кейін жабылады.
«Заманауи инвестор бір биржаның кестесімен өмір сүрмейді. Біз тәуліктің кез келген уақытында нарықтың қолжетімділігіне сұранысты көріп отырмыз әрі оны қолдаймыз», – деп атап өтті ITS бас атқарушы директоры Құрмет Оразаев.
ITS-те АҚШ, Еуропа және Қазақстанда листингі бар 3200-ден астам бағалы қағаз бар. Smart Order Routing технологиясы халықаралық алаңдарда қолжетімді тиімді бағамен орындалуды қамтамасыз етеді.
2026 жылғы 9 сәуірде Астанада Freedom Holding Corp экожүйесінің ең ірі іс-шарасы - Freedom Inside 2026 форумы өтті.
Өз сөзінде Freedom Finance Global PLC директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов ITS сауда алаңымен бірлесіп Freedom Broker платформасында сауда сессиясын тәулігіне 21 сағатқа дейін кеңейтуге қатысты жоспарларын атап өтті.
«Түнгі гэп» дегеніміз не және ол жоғалып кете ме
Егер сіз акцияларды қадағалап отырсаңыз, сіз мынадай жағдайды байқаған боларсыз: акция кешке 100 доллар тұрса, ал таңертең 95 немесе 110 доллармен ашылатын. Сіз ештеңе жасамасаңыз да, баға күрт өзгеріп кетті. Гэп дегеніміз осы (ағылшын тілінен gap – алшақтық).
Гэп қай кезде болады? Биржа жабық тұрған кезде әлемде мынадай жағдайлар болып жатыр: компания пайда туралы есепті жариялайды, маңызды экономикалық статистика шығады, геосаяси дағдарыс орын алады. Нарық бірден ден қоя алмайды, түнде ешқандай жағдай болмайды, бірақ өтінімдер жинала береді де, таңертең баға күрт өзгереді.
Үздіксіз сауда-саттыққа көшу кезінде нарық оқиғаларға бірден , тіпті түнгі сағат 3-те немесе демалыс күндеріден қояды. Бұл болжамдылықты қалайтындар үшін қолайлы.
Бірақ гэп толығымен жойылмайды. Демалыс күндері – егер нарық сенбі-жексенбіде жұмыс істемесе, қалады. Жұма күнгі жабылу бұрынғысынша дүйсенбідегі ашылудан өзгеше болады. Бұл алшақтық сиреп, тіпті азаюы мүмкін.
Токендеу: акциялар криптовалюта ретінде сатылған кезде
24/7 сауда-саттықтың тағы бір бағыты - блокчейн арқылы.
Цирлық токенге аударылған акциялар дегеніміз - блокчейнде шығарылған жай акциялардың «цифрлық» «сыңарлары». Backed Finance сияқты компаниялар нақты бағалы қағаздарға байланған токендерді (мысалы, xStocks) шығарады. Шығару құрылымына байланысты цифрлық токенге аударылған нақты акциялармен қамтамасыз етіліп, эмитент арқылы өтеу немесе айырбастау тетігін қабылдауы мүмкін. Бірақ блокчейнде бұл токендер тәуелсіз және тәулік бойы сатылады.
Robinhood 2025 жылғы маусымда Еуропалық одақтағы пайдаланушылар үшін 24/5 режимімен америкалық акциялар мен ETF-ке байланысты цифрлық токенге аударылған құралдармен сауда жасады.
Nasdaq сондай-ақ цифрлық активтерге және цифрлық токенге аударылған нарық инфрақұрылымына қатысты бағыттарды зерттейді.
Блокчейн демалыссыз 24/7 жұмыс істейді. Егер акция блокчейнде «өмір сүрсе», техникалық тұрғыдан мұндай сауда тәулік бойы жүруі мүмкін.
Криптовалюта қазірдің өзінде 24/7
Тәулік бойы жұмыс істейтін нарықтың қалай көрінетінін түсінудің ең оңай жолы - криптовалютаға қарау. Биткоин тоқтаусыз сатылады: тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн. Мүлдем тоқтамайды, демалыс күндерінен кейін ешқандай гэп жоқ.
Бұл іс жүзінде нені білдіретінін қарастырайық.
24/7 моделі ретінде крипто нарығының артықшылықтары:
- Әлемдегі кез келген оқиға бірден бағамен көрінеді, жинақталған қысым жоқ
- Токио, Алматы немесе Найробидегі инвестор өзіне ыңғайлы уақытта сауда жасай алады
- Америкалық немесе еуропалық уақыт белдеулерінің «монополиясы» жоқ
Криптаның мысалында айқын көрінетін кемшіліктер:
- Нарық ешқашан «ұйықтамайды» және бұл психологиялық тұрғыдан шаршатады
- Түнгі бағаның қозғалысы көбіне күрт болады, себебі өтімділік төмен (қатысушылар аз, мәмілелер саны мен көлемі аз)
- Жұмыс уақытынан тыс айла-шарғы жасау жиі кездеседі, себебі нарықты аз адам бақылайды
Салыстыру: қор нарығы және криптовалюта
| Қазір қор нарығы | Крипто нарығы | Қор нарығы (болашақ) | |
| Жұмыс уақыты | тәулігіне 6,5–8,5 сағат, аптасына 5 күн | 24/7 | тәулігіне 22-23 сағат, аптасына 5 күн |
| Гэп | Жиі | Классикалық overnight-гэптер жоқ | Сирек |
| Реттеу | Қатты | Елдер бойынша әр түрлі | Қатты |
| Түнде өтімділік | Төмен (after-hours) | Орташа | Орташа (өседі) |
| Психологиялық жүктеме | Орташа | Жоғары | Жоғары |
| Инвесторды қорғау | Күшті | Әлсіздеу | Күшті |
Бағалар адамдардың қорқынышы мен ашкөздігіне көбірек ден қоя ма?
Бұл 24/7 сауда сыншылары қоятын негізгі сұрақтардың бірі.
Жауап «иә» болуы мүмкін. Қазір инвестордың «мәжбүрлі үзілісі» бар. Нарық жабылды, ал сен қанша күйгелектенсең де, сатып ала да, сата да алмайсың. Бұл шешімді ойланып барып қабылдауға көмектеседі. «Асықпаған арбамен қоян алар», нарық та көбіне түннен кейін «асықпай қоян алады».
Тәулік бойы сауда жасау кезінде бұл үзіліс болмайды. Түнде жағымсыз жаңалық келді, әлдебіреу дүрбелеңге түсіп, түнгі сағат 3-те, оның үстіне төмен өтімділікпен сата бастайды. Бұл қозғалысты күшейтеді: түнде нарық «ұйықтаған» уақытта бір ірі мәміле күндізгі мәмілеге қарағанда бағаны қаттырақ өзгертуі мүмкін.
Біз мұны криптовалюта мысалынан көреміз. Криптовалюта нарығы 24/7, сондықтан да «флэш-крэш» жиі кездеседі: бірнеше минутта ондаған пайызға күрт құлдырау, содан кейін баға қайта көтеріледі. Мұның бір себебі - алгоритмдердің (автоматтандырылған сауда жүйелері) сатылымының көшкінін тудыратын сауда-саттық көлемі төмен түнгі дүрбелең.
Психологиялық тұрғыдан қиын болады
АҚШ-та сарапшылар мыналар ескертеді: 22-23 сағаттық саудаға көшу адамның шаршауын тудырады. Трейдерлер мен талдаушылар бірнеше ауысымда жұмыс істеуі керек. Алгоритмдер жеңе алады, ал адамдар жоқ.
Трейдер емес, портфелдегі акцияларды ұстайтын қарапайым инвестор үшін психологиялық қысым да өседі:
- «Баға ұсыныстарын тексеру» азғыруы тұрақты болады, тәуліктің кез келген уақытында
- Түнгі қозғалыстар эмоционалды шешімдерді тудырады
- «Қозғалысты өткізіп жіберуден» қорқу (FOMO – Fear of Missing Out) күшейе түседі
Мұның бәрі крипто инвесторлардың тәжірибесінен жақсы белгілі. Олардың көбі түнде биткоин курсын тексеріп, ұйқысын төрт бөліп, асығыс шешім қабылдайтынын мойындайды. Енді қор нарығына да солай келуі мүмкін.
Оп-оңай шешім: нарықтық сағат неғұрлым ұзағырақ болса, әр түнгі ауытқуларға ден қоймай, нақты инвестициялық стратегияға ие болу және оны ұстану маңызды.
24/7-сауданың оң және теріс жақтары: адал көзқарас
Артықшылықтары
Уақыт белдеулері әр түрлі инвесторлар үшін. Қазақстандық инвестор америкалық компаниялардың акцияларын енді 18:30-01:00-де сатуға мәжбүр болмайды, ол мұны өзіне ыңғайлы уақытта жасай алады.
Жаңалықтарға жылдам ден қою. Есеп түнгі сағат 03:50-де шықты ма? Баға келесі күні үлкен гэппен ашылған кезде емес бірден реттеледі.
Гэптерді азайту. Ашылуда «тосынсыйлар» аз, баға тегіс.
Мәмілелер мен тәуекелді басқарудың қосымша мүмкіндіктері. Кез келген уақытта тоқтату шығынын қоюға немесе пайданы түзетуге болады. Жаңа сауда стратегиялары да қолданылады.
Кемшіліктері
Түнде өтімділік төмен. Түнде нарықта қатысушылар аз болады, бұл сатып алу -сату бағасы арасындағы кеңірек спрэдтерді және жеке ірі тапсырыстардың бағаға көбірек әсерін білдіреді.
Айла-шарғы жасау. Қатысушылар аз = бағаны жылжыту оңайырақ. Бұл реттеушілер шешуі керек тәуекел.
Психологиялық салмақ. Нарық ешқашан «ұйықтамайды», бұл инвесторға «ажырату» қиынырақ болады дегенді білдіреді.
Брокерлер мен биржалар үшін операциялық қиындықтар. Жүйелер 22-23 сағат үзіліссіз жұмыс істеуі керек. Бұл инфрақұрылымға инвестицияларды қажет етеді.
Жаңадан бастаушылар үшін тәуекел. Түнгі сағат 2-де сезімге беріліп сауда жасайтын тәжірибесіз инвестор - бүкіл экожүйеге қосымша салмақ.
Қарапайым инвестор үшін бұл нені білдіреді
Егер сіз ұзақ мерзімді инвестиция салсаңыз, яғни акцияны бір жыл, үш жыл, бес жыл ұстаңыз, сауданың 24/7 бөлігіне көшу іс жүзінде ештеңені өзгертпейді. Сіздің «сатып алу және ұстау» стратегияңыз нарықтың таңғы 9:30-да немесе түнгі 3:00-де ашылғанына байланысты емес.
Егер сіз белсенді инвестор немесе трейдер болсаңыз, көптеген өзгеріс болуы мүмкін:
- Ашылған кезде гэптерге негізделген стратегияларды қайта қарауға тура келеді
- Кез келген ыңғайлы уақытта сауда жасау мүмкіндігі пайда болады, бірақ азғыру көбейеді
- Өзіңіз үшін алдын ала ереже белгілеп алу маңызды: Мен қай уақытта сауда жасаймын, қай уақытта сауда жасамаймын; түнгі позицияларға қандай шектеулер қоямын
Ең бастысы: сауда сағаттарын кеңейту дегеніміз - құрал. Кез келген құрал сияқты, ол жақсы да, жаман да емес. Мұның бәрі сіз оны қалай қолданғаныңызға байланысты болады.