Инвесторлар мен трейдерлердің танымал 11 қатесі

30 маусым 2022, 11:11

Қаржыға қатысты қате шешімдерді тек жаңадан бастаушылар ғана емес, сондай-ақ тәжірибелі инвесторлар да қабылдап жатады. Біз жиі кездесетін қателерді қарап, сауда нәтижелерін жақсартуға қатысты кеңестерді дайындап қойдық.

Инвестордың №1 қатесі – тым белсенді саудаласу

Инвесторлардың «бас аурулары» себебінің бірі – үнемі мәміле жасауға ұмтылу. Адамдардың көбі бағалы қағаздарды жай ғана сатып алып, оларды бірнеше айға немесе жылға «өз-өзімен» қалдыруды тым оңай әрі көбірек «шығармашылық» таныту керек деп санайды.

Шын мәнінде, мәмілелердің шамадан тыс көп болуы инвесторды бар болғаны бағаның алдағы сәл ауытқуын табу әрекетіне әкеледі. Ондай мүмкіндік үнемі бола бермейді. Нәтижесінде инвестор артық шығынға ұшырап, үлкен үрдіс арқылы алаңсыз табыс табуға болатын кезде брокерлік комиссияға ақша жұмсайды.

Visa акцияларының бір жыл деңгейінде қалай өзгеретінін (сол жақтағы кесте) және олардың ұзақ мерзімді қалай өсетінін (оң жақтағы кесте) салыстырыңыз:

Қалай ойлайсыз, Сіз үшін әр көтерілу мен құлдырауды болжау оңай болар ма еді? Қай уақытта арзанырақ сатып алып, қымбатырақ сатуға болатын кезді алдын ала қалай түсінуге болады? Ал енді елестетіп көріңіз, бірнеше жыл бұрын жай ғана акцияларды сатып алып, «қозғалмастан» қанша табыс табуға болар еді!

Не себепті мәмілелермен тым көп әуестенбеу керектігі жайында мысал:

1980 жылдардың соңында Гарвардтың психология саласындағыпрофессоры Пол Андреассен тәжірибе жүргізді. Ол студенттерді жинап, әрқайсысына акциялар портфелін құруды ұсынды.Содан кейін студенттерді екі топқа бөлді. Бірінші топ таңдалған қағаздардың құнының өзгерісін ғана бақылай алады. Екінші топқа қаржы арналарын көруге, The Wall Street Journal журналын оқуға, тіпті жаңалықтар қарап, сарапшылардан ұсынымдар алуға рұқсат етілді. Алған деректердің негізінде сынаққа қатысқан студенттер өздерінің инвестициялық портфельдерін өзгерте алады.

Тәжірибенің қорытындысы бойынша ешқандай жаңалықтар тыңдамаған студенттер екі есе көп табыс тапты. Былай болудың себебі, портфельдің құнын ғана бақылаған бірінші топ, сатып алынған акциялар туралы пікірлерін өзгертпеді, оларды әбігерге салынбай ұстап тұрды.

Кеңес:

Егер сіз нарыққа деген көзқарасыңыз алыпсатарлық пен белсенді трейдинг емес, инвестициялау деп шешсеңіз, баяулауды ұсынамыз. Тұрақты нарықтық жағдайда портфельді тоқсанына бір реттен жиі емес, яғни үш айда бір рет қайта қарау жақсы. Немесе тіпті жарты жылда бір рет қараған дұрыс.

Инвестордың № 2 қатесі – егжей-тегжейін білмей инвестициялау

Адамдардың көбі теледидардағы немесе интернеттегі форумдардағы «ұстаздардың» кеңестеріне инвестициялайды. Кейде олар акцияларды тіпті достарының немесе туыстарының кеңестерімен сатып алып жатады. Мұнда мына жағдайды түсіну керек: сіздің таныстарыңыз қор нарығын сізден жақсы түсінбеуі мүмкін. Және олардың жеке инвестицияларының ойдағыдай болмауы әбден мүмкін.

«Егжей-тегжей білмей инвестициялаудың» тағы бір түрі – акцияларды компанияның атауы немесе қызмет саласы ұнағандықтан сатып алу. Бұл да сәтсіз шешімдерге әкелуі мүмкін.

Кеңес

Егер сіз сауда платформасы арқылы бағалы қағаздарды сатып алуға бұйрық берсеңіз, сіз нені сатып алып жатқаныңызды және не үшін сатып алып жатқаныңызды білуіңіз керек. Яғни, кестедегі акциялар бойынша компания, оның бизнесі, қаржылық көрсеткіштері немесе техникалық көрінісі туралы тым болмағанда шағын мәлімет білуіңіз керек. Түсінгіңіз келмей ме? Қаражатты басқаруды кәсіпқойларға сеніп тапсыру дұрыс болуы мүмкін. Сонымен қатар, Сіз Freedom Finance ұсынған «Fixed income USD» пай қорына ақша сала аласыз.

Инвестордың № 3 қатесі - ақшаны жеткіліксіз немесе шамадан тыс бөлу

Капиталды бөлудің екі шегі бар. Жаңадан бастаушылар бүкі ақшасын бірден бір компанияның акцияларына салады немесе керісінше, қаражатты ондаған, тіпті жүздеген эмитентке тым көп бөледі.

Тек бір компанияның бүкіл қағазын сатып алу оңай, бірақ өте қауіпті. Себебі бұл жағдайда инвестор әлгі компанияның табыстылығына толығымен тәуелді болады. Бизнестегі немесе нарықтағы кез келген жағымсыз өзгерістер бағаны төмендетуі мүмкін, содан кейін акцияларды ұстаушы ақшаның едәуір бөлігін жоғалтады.

Мұндай тәуекелдер әртараптандыруды азайтуға көмектеседі, яғни басқа акцияларды, сондай-ақ облигациялар мен қорларды сатып алу.

Бірақ шамадан тыс әртараптандыру да мүмкін емес. Кәсіби емес инвесторға 50+ түрлі қағаздан тұратын теңдестірілген портфель жасау өте қиын. Болашақта бұл активтерді бақылау қиын болады.

Егер портфельге 100, 200 немесе одан да көп қағазды қосса, онда бұл ETF индекс қорына салым салғандай болады. ETF-тің бір ғана акциясын бір-екі жүз долларға сатып алуға болады, ал 100 түрлі компанияның акцияларын жеке сатып алу үшін ондаған мың қаражат қажет болуы мүмкін.

Аты аңызға айналған миллиардер Уоррен Баффетт айтқандай, өте үлкен әртараптандыру не істеп жатқанын білмейтін инвесторға ғана қажет дейді.

Кеңес

Экономиканың әртүрлі секторлары мен индустрияларынан 10-нан 20-ға дейін сапалы идеяны жеке инвестициялық портфельге қосу оңтайлы. Содан кейін оларды ETF индексті мен облигациялық қорларымен толықтыруға болады. Сондай-ақ керісінше жасауға болады: алдымен сапалы қорлардың портфлінің негізін жасау, оларды жалпы кірістілікті арттыру үшін жекелеген акциялармен толықтыру қажет.

Инвестордың № 4 қатесі - шығындардан көңілі қалу

Төртінші қателік - сәтсіз мәмілелерге байланысты тым көп уайымдау.

Көбінесе жаңадан бастаушылар алғашқы шығынға ұшыраудан алған тәжірибесінен кейін уайымға салынып жатады. Кейбіреулер тіпті бәрін тастағысы келеді немесе тіпті қор нарығын алаяқтық деп санай бастайды.

Кеңес

Биржа бұл – кепілдендік беретін табыс көзі емес. Егер біреулер сізге қор нарығында үнемі табыс табатынын айтса, сенбеңіз. Бұл салада тіпті ең мықты деген мамандар ара-тұра қателесіп, жекелеген мәмілелерде ақша жоғалтып жатады. Олар үшін кейбір айларды шығынмен жабу қалыпты жағдай. Жинақталған стратегия мен дағдылар инвесторға ұзақ қашықтықта табыспен болып қалуға көмектеседі.

Инвестордың №5 қатесі - сауда платформасын түсінбеу

Егер трейдер терминалмен қалай жұмыс істеу керектігін білмесе, ол сауда бұйрығын дұрыс қоймаған кезде, позицияны уақытында жаба алмаса немесе осыған ұқсас жағдай болса ақшасын жоғалтуы мүмкін.

Кеңес

Сауда терминалын игеру үшін алдымен оқыту курстарына қатысыңыз немесе демо-шотта бірнеше күн өткізіңіз. Әр түрлі сауда бұйрықтарының жұмысының мәнін зерттеп, оларды қалай қою керектігін және күшін жоюды үйреніңіз. Содан кейін ғана өзіңізді сенімді сезінген кезде, нақты ақшамен мәмілелерге көшіңіз.

Инвестордың № 6 қатесі - қарызға алынған ақшамен сауда жасау

Алтыншы қате ақшаның дәмін татып, белгілі бір тұрақтылыққа қол жеткізген инвесторларға қатысты. Кейде оларда өзіне деген сенімділік пен нәтижелерді тез масштабтауға деген ұмтылыс болады.

Содан кейін кредиттік иықпен сауда жасалуы мүмкін. Ал кейбіреулердің ойына Банкте кредит алу, сол арқылы табыс табу, қарызды қайтару және пайдасын қалтасына салу сияқты тамаша идея келеді.

Кеңес

Ешқашан олай жасамаңыз! Кредиттік иық бұл - білікті трейдерлер және тек қысқа мерзімді мәмілелер үшін қауіпті құрал. Ақшаны жоғалту және банк алдында қарызға кіру ықтималдығымен инвестициялау - мүлдем қате әрекет. Бұл тіпті қате емес, бұл биржалық сауданың негізгі қағидаларын елемеу. Айта кетейік, инвестор үшін, әсіресе жаңадан бастаушылар үшін қаржылық жастықтың болуы маңызды. Соңғы ақшаға бағалы қағаздарды сатып алудың қажеті жоқ. Осылайша шығындар болған жағдайда өз қаржылық жағдайыңызға «соққы берудің» алдын аласыз.

Инвестордың №7 қатесі - шығынды мәмілені орташалау

Баға төмендеген кезде және сіз шығынға ұшыраған кезде акцияларды қосымша сатып алу қате болады. Бұл «орташалау» деп аталады және белсенді трейдерлерге оған тыйым салынуы керек.

Кеңес

Ұзақ мерзімді инвесторлар үшін орташалауға рұқсат етіледі, ұзақ қашықтықта бұл позицияны біртіндеп алудың жақсы тәсілі болуы мүмкін.

Инвестордың № 8 қатесі– «кеткен пойызға секіруге» әрекеттену

Егер сіз мәмілені жіберіп алсаңыз, ал баға қатты көтерілсе, оны қуып жетудің және оны ең жоғары деңгейде сатып алудың қажеті жоқ. Көбінесе бұл артық шығындармен аяқталады.

Кеңес

Биржада «Үрдіс бәріне айқын болған кезде, өзгерісті күт» қағидаты жұмыс істейді. Дұрысы, жіберіп алған мүмкіндікті қабылдаңыз, сәл кідіріп, жаңа идеяларды іздеңіз. Нарықта қашан ондаған түрі болады. Немесе, кем дегенде, түзетуді күтіңіз де, таңдалған акцияға неғұрлым қолайлы бағамен кіріңіз.

Инвестордың № 9 қатесі - жаңа мүмкіндіктерді елемеу

Әлем дамып келеді, нарыққа үнемі жаңа салалардан мықты компаниялар келеді. Әрине, егер инвестор 15 жыл бойы тау-кен өндірушілеріне немесе мұнайға инвестиция салса, оған технологиялық жобаларға ену қиынырақ. Бірақ оны да көрген дұрыс! Әлі таныс болмаған, болашағы зор жобадан оны білмейтініңіз үшін бірден бас тартудың қажеті жоқ.

2016 жылға дейін Уоррен Баффетт технологиялық компанияларға инвестиция салмайтынын, оларды түсінбейтінін айтты. Бірақ 2016 жылы оның Berkshire Hathaway қоры барлығын таң қалдырды. Баффетт Apple акцияларын 1 млрд АҚШ долларына сатып алып, компаниядағы үлесін біртіндеп арттыра бастады. Енді 2022 жылы Apple акцияларына Berkshire Hathaway портфеліндегі капиталдың шамамен 43%-ы тиесілі!

Айтпақшы, Apple акциялары 2016 жылдан бері 700%-ға өсті! Уоррен Баффеттің қанша табыс тапқанын өзіңіз есептеп көріңіз. Apple-ге салынған алғашқы миллиард 8 млрд АҚШ долларына айналды!

Apple акцияларының 2016 жылдан 2022 жылға дейін өсуі

Кеңес

Егер сіз қандай да бір жаңа «сәнді саланы» түсінбеймін деп ойласаңыз, оған кем дегенде екі апта бойы ешқайда алаңдамай уақытыңызды көп бөліп көріңіз. Қолыңыздан келгеннің бәрін үйреніңіз. Осыдан кейін ғана, егер сіз шынымен мүлдем түсінбесеңіз және қызығушылық танытпасаңыз, басқа саланы іздеңіз.

Инвестордың № 10 қатесі - компанияға «ғашық болу»

Кейде инвесторлар компанияның акцияларын ұстауды жалғастырады, тіпті бұл компаниялар шығынға ұшырап жатса да жалғастыра береді. Себептер әртүрлі болуы мүмкін - өздерінің дұрыстығын дәлелдеуге ұмтылу; жобаның болашағына шынайы сенім…

Кеңес

Есіңізде болсын: сіз табыс табу үшін акция сатып аласыз. Компанияның қаншалықты керемет, инновациялық және пайдалы болып көрінетіні маңызды емес. Егер сіз қағазды сатып алған факторлар айтарлықтай нашарлаған болса, мәміледен шығу туралы ойланыңыз.

Инвестордың № 11 қатесі – тәуекел-менеджментсіз сауда жасау

Шот бойынша 11-қате және көбінесе маңызы жағынан бірінші қате – тәуекел-менеджмент жүйесінің болмауы немесе сақталмауы.

Бұл сауда стратегиясының статистикалық артықшылығын құруға мүмкіндік беретін тәуекелдерді бақылау әдістері. Кірістілік үшін жарысу ешқайда әкелмеуі мүмкін, бірақ тәуекелдермен жұмыс істеу бұл –дұрыс бағыт.  

Тәуекелдерді басқару қағидалары туралы бөлек мақалада айтатын боламыз.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!