Озық және қалып бара жатқан экономикалық көрсеткіштер

26 қаңтар 2023, 11:55

Біз алдыңғы мақалаларымыздың бірінде макроэкономикалық статистикамен танысып, оны қадағалауды үйрендік. Егер жіберіп алсаңыз, дәл қазір оқи аласыз.

Ал бүгін біз бұл тақырыпты толықтырып, экономикалық индикаторлардың бірнеше түріне талдау жасаймыз.

Озық және қалып бара жатқан көрсеткіштер

I. Озық экономикалық көрсеткіштер (leading economic indicators)

Олардың «озық» деп аталуының себебі, болашақ оқиғалар мен үрдістердің болжауын алдын ала көрсетеді не шынымен күні бұрын хабарлайды.

Мұндай индикаторларға мыналар жатады:

• Құрылысқа және жұмысын бастаған құрылыс жобаларына берілген рұқсаттардың саны

• Өндірістік белсенділіктің деңгейі

• Бөлшек сауда статистикасы

• Қоймалардағы тауар-материалдық қорлар

• Қор нарығындағы акциялардың бағасы

• Облигациялардың кірістілігі/кірістіліктің қисығы

Оның жолдары қандай: 

Озық индикаторлардың айқын мысалы - жылжымайтын мүлік нарығының статистикасы. Егер жаңа құрылыстардың саны артып келе жатса, демек құрылысшылар мен ипотекалық агенттіктер одан әрі болатын сұранысқа оң көзқараспен қарайды. Адамдар үй сатып алады. Тұрғын үйге деген сұраныс болған кезде, жөндеу материалдарына, жиһазға, жабдыққа және жайлы өмірді жақсарту үшін көптеген басқа сауда жасауға да сұраныс болмақ. Жалпы алғанда, егер жылжымайтын мүлік саласы өсе бастаса, экономиканың басқа да салалары өседі деген болжам бар. 

II. Қалып бара жатқан экономикалық көрсеткітер (lagging economic indicators)

Қалып бара жатқан индикаторлар – белгілі бір оқиғалар бірден ықпал ете қоймайтын индикаторлар. Олар айтарлықтай өзгеруі үшін әлдебір факторлар біраз уақыт бойы, мысалы, бірнеше ай сақталуы тиіс.

Нәтижесінде, қалып бара жатқан көрсеткіштің өзгеруі талаптардың дұрыс қойылғанын және болжалды әсерге қол жеткізуге болатынын растай алады.

Мұндай индикаторларға мыналар жатады:

• Инфляция

• Жұмыссыздық деңгейі

• Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ)

• Жалақы деңгейі

• Корпоративтік пайда

Оның жолдары қандай:

Бұл мысалды біз 2022-2023 жылдары тікелей «терезе арқылы» байқай аламыз. Әлемде инфляция күшейген кезде, америкалық федеративтік резерв бастаған ең ірі орталық банктер ақша-кредиттік саясатты қатаңдату тәсілін пайдалана бастады. Олар кредит беруді едәуір қымбаттату үшін, базалық мөлшерлемелерді көтере бастады. Сол арқылы олар қарыз ақшасының құнын арттырып, іскерлік белсенділік пен тұтынушылық сұранысты «салқындатқылары» келеді.

Бұл ретте монетарлық саясатты бірнеше ай күшейткеннен кейін жылжымайтын мүлік нарығының көрсеткіштері озық индикаторлар ретінде бірінші болып ден қоя бастады. Ал экономика одан әрі соншалықты жылдам бұзыла қоймайды. Инфляцияның өсу қарқыны тек бірнеше айдан кейін ғана баяулай бастады. 2023 жылдың басына дейін жұмыссыздықтың өсуі және корпоративтік пайданың төмендеуі тіпті бола қойған жоқ. Біз орталық банктердің іс-қимылдарының толық әсерін 2023 жылдың ортасында ғана статистикадан көреміз деп саналады. Егер сол кезде макроэкономикалық деректер рецессияны растайтын болса, онда орталық банктердің өздеріне керегін алғаны белгілі болады. Бірақ бұл 2022 жылы басталған әрекеттердің кейінге қалдырылған нәтижесі болмақ.

Экономикалық индикаторларға басқаша тағы қалай қарауға болады

1. Проциклді көрсеткіштер

Өз экономикасымен бірге бір бағытта қозғалатын деректер. ІЖӨ өссе, әдетте бүкіл экономиканың жағдайы қалыпты дегенді білдіреді. Экономиканың рецессиясы кезінде ІЖӨ төмендейді.

2. Контрциклді көрсеткіштер

Экономика өскенде бұл индикаторлар төмендейді. Мұндай көрсеткіштерге жұмыссыздық деңгейі жатады.

3. Ациклді көрсеткіштер

Олар жалпы экономикалық серпінмен байланысты емес, ахуал қиындағанда өсуі және керісінше, бәрі өсіп тұрғанда төмендеуі мүмкін.

Қашанда Freedom Academy ұсынған оқыту курстарынан біле аласыз.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!