Қор нарығында инвесторлар, алып-сатарлар және трейдерлер деген кім? 3-бөлім

3 тамыз 2020, 15:20

Трейдер деген кім?

Трейдерлер банкте немесе инвестициялық компанияда жұмыс істей алады. Нарық қатысушыларының арасында олар бізді аса қызықтырып отырған жоқ. Олардың негізгі жұмысы ірі клиенттерден сатып алуға немесе сатуға үлкен бұйрықтарды орындауға алып келеді. Кейде олар компанияның инвестициялық портфелін басқаруға қатысады, арнайы инвест-комитеттің шешімімен мәмілелер жасайды. Банк трейдерінің өмірінде нақты тапсырмалар мен бюрократия көп. Ал «шығармашылыққа» орын аз. Мұндай трейдерлер жалақы мен сыйлықақыға өмір сүреді.

Өз-өзіне немесе «проп-трейдингті компанияға» жұмыс істейтін трейдерлер анағұрлым қызығырақ.

Анықтама үшін: проп-трейдингті орталықтар жаңадан бастаушы және тәжірибелі трейдерлерге сауда-саттық жасау үшін капитал бөледі, жұмыс орнын ұсынады, жаңа инвесторларды оқытып, олардың нәтижелерін қадағалайды. Оның орнына трейдерлер компанияға өздерінің пайдасының бір бөлігін береді.

Мұндай трейдерлерді сауда стратегиясы нақты, епті алып-сатар деп атауға болады. Олар – нағыз биржалық кәсіпқойлар. Олар нарыққа жұмыс уақытының 100% арнайды әрі бағалы қағаздармен жасаған операцияларынан тапқан кіріске өмір сүреді.

«Өзін-өзі қамтамасыз ететін» трейдерлерді мәмілелер жиілігі, саны және мерзімдері жағынан үш топқа бөлуге болады:

1. Скальпер – баға құбылысын қадағалайды. Күніне ондаған немесе тіпті жүздеген мәміле жасайды. Скальпердің бір мәмілесі бірнеше секундқа немесе минутқа созылуы мүмкін.

Скальпер әрбір трейдте позицияның тым үлкен көлеміне 2-5 цент алады. Мәміледе акцияның 10-20 центін алу – тым көп әрі «майлы» болып есептеледі. Скальперлер нарықта көп ойлануды қажет етпейтін, барынша «механикалық» тұрғыдан өңдеуге болатын жиі қайталанатын жағдайларды іздейді.

Скальперлер техникалық талдау жағынан саудаласады. Арнайы құралдардың көмегімен шынайы уақытта сұраныс және ұсыныс теңгерімін «оқып», мәмілелер легіне қарайды.

2. Күн ішіндегі немесе Intraday-трейдерлер – күніне 4-8 мәміле жасайды. Бір акцияға әрбір әрекеттен 30-50 центтен бірнеше долларға дейін алып кетеді. Скальперлерге қарағанда, аз көлеммен саудаласады. Әрбір мәміле бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін жалғасады. Интрадэйшілердің күн кестесі нақты, онда қай сағаттардың белсенді, ал қай сағаттарда үзіліс алуға болатыны көрсетілген. Ашық позицияларды келесі күнге өте сирек қалдырады, сауда-саттық жабылғанға дейін пайданы немесе залалды тіркейді. Келесі сауда-саттықты таза парақтан бастайды. Шешімдерді кестелер мен мәмілелер легін талдай отырып қабылдайды. Сондай-ақ нарық пен компаниялардың жаңалықтар аясын үйренеді.

3. Орташа мерзімді жемесе Swing-трейдерлер – акцияларды бірнеше күннен бірнеше аптаға немесе тіпті айға дейін ұстайды. Фундаменталды талдауда анағұрлым шыңдалған. Оны техникалық талдаумен ұштастырады.

«Өзін-өзі қамтамасыз ететін» трейдерлердің жалпы сипаттамалары:

* Олар «тәуекел/пайда» арақатынасына басты назар аударады. Трейдер әрбір мәміледе тәуекелге қоятын сомадан тым болмағанда екі-үш есе көбірек табыс табуға ұмтылады.

* Олардың тәуекелді басқару жүйесі нақты. Негізінен, ол бір күнге және әрбір мәмілеге шығынның алдын ала белгілі лимитін белгілеуден тұрады. Залалды мәмілелер жылдам әрі ойланбастан жабылады. Күндізгі лимитке жеткеннен кейін сауда-саттық тоқтайды.

* Олар әрбір стратегия бойынша статистиканың маңыздылығын біледі. Тым болмағанда бірдей 100 мәміле жасау қажет, содан кейін қарым-қатынастың өмірге қабілеттілігі туралы қорытынды шығаруға болады.

* Трейдерлер өз нәтижелерін талдайды. Мықты тұстарын нығайтып, іске аспайтын немесе зиянды әрекеттерінен арылуға ұмтылады.

* Олар біртіндеп тұрақты кіріске дейін өтеді. Алдымен ақшасын бірнеше ай жоғалтады... Содан кейін аз жоғалтады... Айды нөлге жабады... Айдың көрсеткіші шағын плюске жетеді... Біртіндеп көбірек әрі тұрақты табыс таба бастайды. Әдетте мұндай жол 8 айдан 1,5 жылға дейін жалғасады.

Сонымен трейдер деген кім?

Бұл адам осы мамандықта табысқа жету әлемдік спорт жұлдызымен бірдей болатынын түсінеді. Аптаның бес күнін, екі сағатын сауда-саттыққа, екі сағатын сәтті әрі сәтсіз мәмілелерді талдауға және тағы 6,5 сағатын сауда-саттықтың өзіне арнауға дайын адам. Содан кейін демалыс күндері идеялар тауып, өз әрекеттерін талдайтын адам.

Бұл кәсіпті айтарлықтай ұзақ уақытта барлығы игере бермейді. Бірақ бұлардың өздері миллионер атанып жатады. Сонда да, уақыт өте келе тіпті табысты трейдерлердің өздері өз операцияларының уақытша жазықтығын ұлғайтуға ұмтылып, инвесторларға айналады.

Трейдер болу нені білдіреді:

* Өмірінің маңызды бөлігін компьютер алдындағы ауыр жұмысқа арнау;

* Залалды күндер немесе айлар бірінен соң бірі өткенде кейде психологиялық қиындықтардан өту;

* Тіпті бірнеше табысты жылдардан кейін де нарықтың өзгерістеріне үнемі бейімделуге тап болу;

* Уақытыңызды әрі күшіңізді үнемдеп, анағұрлым үлкен капиталды біртіндеп ұзақ мерзімді инвестициялардың есебінен салуға болатынын түсінуге айтарлықтай ұзақ уақыт.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!