«Қара аққу» деген не?
«Қара аққу» деген терминді әйгілі трейдер, математик және «Қара аққу. Болжап білу мүмкін емес» атты кітаптың авторы Нассим Талеб қолданысқа енгізген еді. Мұндай оқиғаны алдын ала болжап білу мүмкін емес, бірақ ол экономикаға, қаржы нарықтарына және қоғам өміріне қатты әсер етеді. Мысалы, 2008 жылғы дағдарыс немесе 2020 жылғы COVID-19 пандемиясы.
«Қара аққудың» ерекшелігі оның өткен күндері айқын болып көрінуінде. «Қара аққу» басталғаннан кейін сарапшылар оның пайда болу себептерін іздеп, оның не себепті міндетті түрде болатынын түсіндіреді. Алайда іс жүзінде оларды алдын ала болжау аса қиын жағдай.
Күтпеген жерден болатын күйреу жағдайларының нақты мысалдары
1. Доткомдардың күйреуі (2000–2002)

Не жағдай болды? 1990 жылдардың соңында технологиялық компаниялар табысы болмаса да, қарқынды түрде өсе бастады. Инвесторлар интернет-стартаптардың болашақта дамуына үміттеніп, олардың акцияларын сатып алатын. Алайда 2000 жылы нарық бұл компаниялардың басым бөлігінің шынайы бизнесінің жоқтығын түсінді. NASDAQ биржасы 78%-ға құлады.
Бұл жағдай бізді неге үйретті? Үлкен үміт бағаларды айтарлықтай көтеруі мүмкін, бірақ егер оның артында нақты құны болмаса, «көбік» сөзсіз «жарылады». Бүгінгі күні мұндай қорқыныш жасанды интеллект компанияларымен және кванттық есептеу саласындағы стартаптармен байланысты болып отыр.
2. 2008 жылғы қаржы дағдарысы

Не жағдай болды? АҚШ-та қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін тексермей, ипотекалық кредиттер жаппай берілетін. Банктер бұл кредиттерді күрделі қаржы құралдарына салып, инвесторларға сататын. Қарыз алушылар кредиттерді жаппай төлемей қойғаннан кейін «көбік жарылды», қор нарығы күйреп, ірі банктер, соның ішінде Lehman Brothers банкі банкротқа ұшырады.
Бұл жағдай бізді неге үйретті? Күрделі әрі айқын емес қаржы құралдары үлкен тәуекелден тұрады. Бүгінгі күні деривативтер мен криптовалюта нарығы осыған ұқсас қатерге ұшырауы мүмкін.
3. 2010 жылғы «Флэш-крэш»

Не жағдай болды? 2010 жылы 6 мамыр күні АҚШ нарығы санаулы минутта 9%-ға құласа, дәл солай қалпына бірден келе қойды. Оның себебі – баға тербелістері үлкен болмағандықтан, алгоритмдер активтерді автоматты түрде сатқан жоғары жиілікті трейдинг.
Бұл жағдай бізді неге үйретті? Алгоритмдік сауда нарықта жылдам қозғалыс тудыруы мүмкін. Егер активтің бағасы кенет бірден төмендей бастаса, бұл үлкен қиындық емес, бұл алгоритмдегі іркіліс болуы мүмкін.
4. COVID-19 пандемиясына байланысты нарықтың күйреуі (2020 ж. наурыз)

Не жағдай болды? 2020 жылдың басында ешкім де пандемия әлем экономикасын дәрменсіз жағдайға әкеледі деп ойлаған жоқ. Наурыз айында АҚШ-тың қор нарығы 30%-ға құлап, одан кейін ФРЖ-ның және АҚШ үкіметінің шұғыл шараларының арқасында күтпеген жерден қалпына келді.
Бұл жағдай бізді неге үйретті? Егер реттеушілер нарыққа араласып, экономиканы «тегін ақшамен» толтырса, нарық жылдам және күтпеген жерден қалай күйресе, дәл солай қалпына жылдам келеді.
«Қара аққудан» қалай қорғану керек?
«Қара аққуды» алдын ала болжау тым қиын болса да, оның салдарын барынша азайтуға болады:
1. Әртараптандыру – барлық ақшаны бір секторға немесе активтердің бір түріне инвестицияламау.
2. Кэш-қорлар –төмен түскен кезде сатып алу үшін өтімді активтердегі (ақша, облигациялар) қаражаттың бір бөлігі бар.
3. Тәуекелді хеджирлеу – қорғаныс активтерін (алтын, қорғаныс акциялары, опциондар) пайдалану.
4. Өтімділікті қадағалау – дүрбелең кезінде өтімді активтер (тез сатылатын активтер) құнды болып шығады.
Қорытынды
Тарихқа көз жүгіртсек, «Қара аққу» - болатын жағдай, бірақ тәуекелді басқаруға дұрыс тәуекел қолданса, инвесторлар өздері жасайтын мүмкіндіктерді тек қорғап қана қоймай, сондай-ақ пайдалана да алады. Бастысы, дүрбелеңге салынбай, әр дағдарыстан кейін нарық қашанда қалпына келетінін ұмытпаған жөн.