«Тұрақты инвестициялар — брокерлік шотты автоматты толықтыру» қызметі әрбір ретте төлемді қолмен жасаудың қажеті болмайтындай етіп, брокерлік шотты банк картасы арқылы тұрақты түрде толықтыруды баптауға мүмкіндік береді.
Freedom Broker сауда платформасының мобильді қосымшасында немесе веб-нұсқасында брокерлік шотты автоматты толықтыруды қосуға болады.
Мобильді қосымшада автотолықтыруды қосу
1. Freedom Broker мобильді қосымшасына кіріңіз.
2. «Мәзір» бөліміне өтіңіз.
3. «Тапсырмалар» бөлімін таңдаңыз.
4. Танымал тапсырмалар бөлімінен «Тұрақты инвестициялар» тармағын таңдаңыз.
5. Автотолықтыру параметрлерін көрсетіңіз:
- брокерлік шотты және толықтыру валютасын;
- тұрақты толықтыру сомасын;
- ақша қаражатын есептен шығару кезеңділігін — аптасына бір рет немесе айына бір рет;
- ақша қаражатын есептен шығаруға арналған банк картасын.
6. Қызметті қосуға арналған тапсырманың шарттарымен танысып, оны беруді растаңыз.
7. «Растау» түймесін басыңыз.
8. Қажет болса, операцияны картаны шығарған банк жіберген 3-D Secure паролі немесе бір реттік код арқылы растаңыз.
Сәтті расталғаннан кейін автотолықтыруға тапсырма жасалады.
Веб-нұсқада автотолықтыруды қосу
Веб-нұсқада қызметке кірудің екі тәсілі бар: басты экрандағы «Толықтыру» түймесі арқылы немесе «Кабинет» → «Тапсырма беру» мәзірі арқылы.
1. Freedom Broker сауда платформасының веб-нұсқасына кіріңіз.
2. Кіру тәсілдерінің бірін таңдаңыз:
басты экранда «Толықтыру» түймесін басып, ашылған терезеден «Тұрақты инвестициялар» тармағын таңдаңыз;
немесе «Кабинет» → «Тапсырма беру» мәзірі арқылы өтіп, «Тұрақты инвестициялар» тармағын таңдаңыз.
3. Автотолықтыру параметрлерін көрсетіңіз:
- брокерлік шотты және толықтыру валютасын;
- тұрақты толықтыру сомасын;
- ақша қаражатын есептен шығару кезеңділігін — аптасына бір рет немесе айына бір рет;
- ақша қаражатын есептен шығаруға арналған банк картасын.
4. Қызметті қосуға арналған тапсырманың шарттарымен танысып, оны беруді растаңыз.
5. «Растау» түймесін басыңыз.
6. Қажет болса, операцияны банктің 3-D Secure паролі немесе бір реттік коды арқылы растаңыз.
Қашан есептен шығарылады
Маңызды! Ақша қаражатын алғаш рет есептен шығару автотолықтыру сәтті қосылғаннан кейін бірден орындалады.
Кейінгі операциялар таңдалған кезеңділікке байланысты автоматты түрде орындалады:
- апта сайын толықтыруда — әр дүйсенбі сайын;
- ай сайын толықтыруда — әр айдың 1-жұлдызында.
Есептен шығару күні таңдалған кезеңділікке байланысты автоматты түрде анықталады және пайдаланушы оны өзгерте алмайды.
Егер есептен шығарылмаса
Егер банк картасында қаражат жеткіліксіз болса, картаның қолданылу мерзімі аяқталса немесе операция банк, төлем жүйесі не эквайер тарапынан қабылданбаса, есептен шығару жоспарланған күні орындалмайды.
Егер есептен шығару орындалмаса, жүйе оны сәтті орындалғанға дейін немесе клиент автотолықтыруды тоқтатқанға дейін күн сайын бір рет автоматты түрде қайталап көреді.
Есептен шығару сәтсіз болған жағдайда клиент мобильді қосымшада push-хабарлама алады.
Автотолықтыруды қарау және өшіру
Қосылған автотолықтырулар туралы ақпарат «Тұрақты инвестициялар» бөлімінде қолжетімді.
Қолданыстағы автотолықтырудың параметрлерін өзгерту мүмкін емес. Соманы, валютаны, кезеңділікті немесе банк картасын өзгерту үшін ағымдағы автотолықтыруды өшіріп, жаңасын жасау қажет.
Клиент автотолықтыруды кез келген уақытта өшіре алады.
Маңызды
- Ең төменгі толықтыру сомасы — 500 KZT, 1 USD немесе 1 EUR.
- Бір толықтырудың ең жоғарғы сомасы — 9 999 USD немесе басқа қолжетімді валютадағы баламасы.
- Үшінші тұлғалардан келетін толықтырулар қабылданбайды.
- Операцияларға қаражаттың шығу көзін тексерудің стандартты лимиттері мен рәсімдері — Source of Funds (SOF). Белгіленген лимиттерге жеткен кезде Компания клиенттен ақша қаражатының шығу көзін растайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға құқылы. Белгіленген лимиттерге жеткен кезде Компания ақша қаражатының шығу көзін растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.
- Комиссияның мөлшері брокерлік шотты банк картасы арқылы әдеттегідей толықтыру комиссиясына сәйкес келеді.
- Операция санкциялық және AML-тексерулерінің нәтижесі бойынша тоқтатылуы немесе қабылданбауы мүмкін. Операция заңнама талаптарына және Компанияның ішкі рәсімдеріне сәйкес жүргізілетін тексерулердің нәтижесі бойынша тоқтатылуы немесе қабылданбауы мүмкін.
- Есептен шығару картаны шығарған банк, төлем жүйесі немесе эквайер-банк тарапынан қабылданбауы мүмкін.
- Операцияларды орындау кезінде картаны шығарған банктің және эквайер-банктің лимиттері мен шектеулері де қолданылады.
Тұрақты есептен шығаруға келісім
Автотолықтыруды қосу кезінде клиент бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсетудің қолданыстағы Регламенті шеңберінде қызметті қосуға тапсырма береді.
Автотолықтыруды қосу арқылы клиент белгіленген кезеңділікке сәйкес таңдалған банк картасынан ақша қаражатын тұрақты түрде есептен шығаруға келісім береді. Кейінгі есептен шығарулар автоматты түрде орындалады және қосымша растауды қажет етпейді. Келісім автотолықтыру өшірілгенге дейін күшінде болады.