Жоғарыда көрсетілген саясатқа сәйкес, (а) бізде Euroclear Bank арқылы сақталған және (б) өтініш, тиісті тексеру, сәйкестендіру және ER түрінде шотқа құжаттау рәсімдері негізінде оның бөлу қағидаларына ұшыраған Сіздің активтеріңізді бөлу арқылы төменде Euroclear Bank белгілеген бөлу тәсілі көрсетілген.
Біз Freedom Finance Europe-та сақталған активтеріңізге қолданылатын шектеулер дәрежесін сақтау тетіктерінің тиісті ашықтығын қамтамасыз ету және көрсету үшін осы ER шотын сіздің атыңызға аштық.
Сонымен қатар, біз Euroclear Bank-те орналастырылған сәттен бастап осы уақытқа дейін бөлінген активтер бойынша корпоративтік әрекеттерге байланысты алынған кез келген ақшалай түсімдерді Сіздің ER шотыңызға аудардық.
Сегрегация қандай активтерге қатысты?
Сегрегация Клиенттердің барлық активіне қатысты, яғни Euroclear Bank юрисдикциясында сақталатын РФ және БР азаматтары, олар бойынша есеп айырысулар осы есеп айырысу депозитарийі арқылы жүзеге асырылады. Ағымдағы сәтте шектеулер мен бұғаттау Euroclear халықаралық депозитарийлер жүйелерінде (KASE Global секторының акциялары, еурооблигациялар және ETF) сақталатын клиенттердің Орталық депозитарийдегі және АХҚО-дағы деректерінің қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздар бойынша жүргізілетін болады.
Сегрегация РФ және БР клиенттері үшін қандай қауіп төндіреді?
Сегрегация РФ және БР клиенттері үшін мынадай тәуекелдерді тудырады:
- кірістерді төлеу тоқтатылуы мүмкін (купондар және/ немесе дивидендтер); - төлемдер бөлінген шотқа жүргізіледі, бірақ сауда шотына аударылмайынша клиенттер оны пайдалана алмайды.
- есеп айырысуларда кідірістер болуы мүмкін (сатып алу-сату мәмілелері жасалғаннан кейін клиентке ақша қаражаты немесе бағалы қағаздар берілмейді, өйткені мәмілелер немесе операциялар бойынша есеп айырысулар болмайды).
- тек ОТС мәмілелер. Бұл ретте, олар өте ұзақ уақыт өтеді, Euroclear қолмен орындалатын режимде мәміленің мәнін тексереді.
- жекелеген жағдайларда жоғары тұрған еуропалық депозитарийлердің тарапынан бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға шектеулер (бұғаттау) енгізілуі мүмкін (бұған дейін сатып алынған бағалы қағаздарды сату мүмкіндігі болмайды).
Ақпарат ретінде:
Активтерді бөлу – бұл брокерлік компания немесе басқа қаржы институты клиенттердің активтерін меншікті активтерінен бөлек сақтайтын басқару әдісі. Осылайша, клиенттерге қосымша қорғаныс деңгейі беріледі: брокер олардың инвестициялары мен қаражатын компанияның қаржылық мәселелерін шешу немесе кредиторлардың алдындағы міндеттемелерді өтеу үшін пайдалана алмайды.
Сегрегация – бұл клиент - РФ және БР азаматтарының активтері мен операцияларын сақтау үшін оларды арнайы шоттар ашу арқылы бөлу.
Депозитке сақтауға беру бұл – активтерді (ақшаны, бағалы қағаздарды немесе құжаттарды) арнайы мекемеде, яғни банкте немесе депозитарийде сақтауға орналастыру. Осылайша олардың қауіпсіздігі белгілі бір талаптар мен келісімдерді орындағанға дейін қамтамасыз етіледі. Бұл әдісті тараптар бір-біріне сене білуі үшін мәмілелерде жиі қолданады: екі тарап келісілген талаптарды орындаған жағдайда ғана активтер қол жетімді болады.