Freedom Finance Global PLC клиенттері қаражатты брокерлік шоттан криптоәмиянға қаражат аудара алады. Аударымды рәсімдеу кезінде валюта клиент көрсеткен дербес (интернетке қосылмаған) немесе биржалық (интернетке қосылған) крипто қоржынға жіберіледі.
Маңызды! Сервиске кіру үшін алдымен инвестициялық тәжірибеден тест тапсыру қажет.
Криптовалюталық шотқа аудару тәсілдері
|
Шот түрі
|
Қолжетімді аудару тәсілдері
|
|
Сауда шоты
|
Криптовалюталық шотқа аударған кезде фиат валюта таңдалған цифрлық активке автоматты түрде айырбасталады |
|
Саудаға жатпайтын шот (D шоты)
|
кәдімгі валютаны цифрлық активке айырбастау арқылы немесе тікелей цифрлық активтермен
|
|
Криптовалюта шоты (CR шоты)
|
кәдімгі валютаны цифрлық активке айырбастау арқылы немесе тікелей цифрлық активтермен
|
Маңызды! Қоржын мекенжайын растау рәсімі
Цифрлық активтерді жеке әмиянға аудару үшін мекенжайды растау рәсімінен (Satoshi Test) өту қажет. Ол үшін клиент өз қоржынынан брокерлік шотқа аз ғана сома жіберіп, мекенжайдың иесі екенін растайды.
Satoshi Test тапсыру үшін «Цифрлық активтермен толтыру» сервисіне өтіп, керек валютаны таңдағаннан кейін толтыру мекенжайын көресіз (оны көшіріңіз немесе QR-кодты сканерлеңіз). Содан кейін Satoshi Test-тен өткеніңіз туралы хабарламада көрсетілген соманы осы мекенжайға жіберіңіз.
Жіберуді дәл болашақта цифрлық активтерді аударуды жоспарлап отырған әмияннан жасау қажет.
Цифрлық активтерді қалай аудару керек
Аударымды Freedom Broker мобильді қосымшасында немесе веб-нұсқасында рәсімдеуге болады.
- Freedom Broker мобилді қолданбасында: «Мәзір» → «Қаражат аудару» → «Крипто қоржынға».
- Веб нұсқада: «Қаражат аудару» → «Крипто қоржынға».
Комиссия
- Цифрлық активтерді криптоәмиянға аудару
Цифрлық активтерді сыртқы криптоәмиянға тікелей аударған кезде операция үшін комиссия алынбайды. - Цифрлық активтерге айырбастай отырып аудару
Фиат валютаны цифрлық активтерге айырбастай отырып қаражат аударған кезде операция үшін комиссия аударым сомасының 3%-ын құрайды және контрагент ұстап қалады.
Аударымның ең аз сомасы
Таңдалған криптовалютаға байланысты:
- 10 USDC
- 10 USDT
- 0.00001 BTC
- 0.001 ETH
- 0.01 BNB
- 10 TRX
- 0.01 SOL
- 1.01 TON
- 0.01 AVAX
Ақшаны қандай криптовалютада аударуға болады
- USDC (Ethereum)
- USDC (BNB Smart Chain)
- USDT (BNB Smart Chain)
- USDT (Tron)
- USDT (Ethereum)
- BTC (Bitcoin)
- ETH (Ethereum)
- BNB (BNB Smart Chain)
- SOL (Solana)
- AVAX (Avalanche C-Chain)
- TON (TON)
- TRX (Tron)
Реттеу
Барлық операция AML, KYT және Travel Rule талаптарын қоса алғанда, қаржылық мониторинг талаптарына сәйкес тексеруден өтеді. Егер аударымды рәсімдегеннен кейін қаражат әмиянға түспесе, қолдау қызметіне хабарласыңыз.