- Акция түріндегі бизнес үлесін сату арқылы инвесторлардың кең тобынан жаңа капиталды жылдам тарту;
- Компанияның активтері мен болашағының нарықтық бағасын алу;
- Қазіргі акционерлерге қажет болған жағдайда өз үлесін тез сатуы немесе керісінше ұлғайтулары үшін өтімділік құру;
- Компания басқа компаниялармен бірігу және сатып алу мәмілелерін төлеуге болатын саудаланатын акцияларды алады.
Сонымен қатар, биржадағы листинг - бұл белгілі бір сапа белгісі. Әрбiр кәсiпорын биржаға кіре алмайды, тек мықты көрсеткiштерi бар және бизнестiң тиімділігі мен тұрақтылығы дәлелденген ұйымдар ғана кiре алады. Егер компанияның акциялары биржада сатылса, онда оған сенуге болады. Өйткені ол реттеушілерге, биржаға және инвесторларға өз бизнесі туралы барынша ақпарат ашып, бағалаудың ұзақ кезеңінен өтіп, өз қызметі туралы ашық есеп бере бастады.