Freedom Finance Global PLC клиенттері қаражатты брокерлік шоттан крипто қоржынға шығара алады. Қаражатты шығаруды ресімдегенде валюта клиент көрсеткен дербес (интернетке қосылмаған) немесе биржалық (интернетке қосылған) крипто қоржынға жіберіледі.
Маңызды! Сервиске кіру үшін алдымен инвестициялық тәжірибеден тест тапсыру қажет.
Қаражатты криптовалюта шотынан шығару тәсілдері
Шот түрі | Қаражатты шығарудың қолжетімді тәсілдері |
Сауда шоты | Қаражатты крипто қоржынға шығарғанда кәдімгі валюта таңдалған цифрлық активке автоматты түрде айырбасталады. |
Саудаға жатпайтын шот (D шоты) | кәдімгі валютаны цифрлық активке айырбастау арқылы немесе тікелей цифрлық активтермен |
Криптовалюта шоты (CR шоты) | кәдімгі валютаны цифрлық активке айырбастау арқылы немесе тікелей цифрлық активтермен |
Маңызды! Қоржын мекенжайын растау рәсімі
Цифрлық активтерді дербес крипто қоржынға шығару үшін мекенжайды растау рәсімінен (Satoshi Test) өту қажет. Ол үшін клиент өз қоржынынан брокерлік шотқа аз ғана сома жіберіп, мекенжайдың иесі екенін растайды.
Satoshi Test тапсыру үшін «Цифрлық активтермен толтыру» сервисіне өтіп, керек валютаны таңдағаннан кейін толтыру мекенжайын көресіз (оны көшіріңіз немесе QR-кодты сканерлеңіз). Содан кейін Satoshi Test-тен өткеніңіз туралы хабарламада көрсетілген соманы осы мекенжайға жіберіңіз.
Криптовалютаны әрі қарай цифрлық активтерді шығаруға пайдаланатын дәл сол крипто қоржыннан жіберуіңіз қажет.
Цифрлық активтерді қалай шығаруға болады
Активтерді Freedom Broker мобилді қолданбасында немесе веб-нұсқасында шығаруға болады.
- Freedom Broker мобилді қолданбасында: «Мәзір» → «Шығару» → «Крипто қоржынға».
- Веб нұсқада: «Шығару» → «Крипто қоржынға».
Комиссия
- Цифрлық активтерді крипто-әмиянға шығару
Цифрлық активтерді сыртқы крипто-әмиянға тікелей шығарған кезде операция бойынша комиссия алынбайды. - Цифрлық активтерге айырбастау арқылы шығару
Қаражатты фиат валютаны цифрлық активтерге айырбастау арқылы шығарған кезде операция бойынша комиссия аударым сомасының 3%-ын құрайды және оны контрагент ұстап қалады.
Ақша шығарудың ең аз сомасы
Таңдалған криптовалютаға байланысты:
- 10 USDC
- 10 USDT
- 0.00001 BTC
- 0.001 ETH
- 0.01 BNB
- 10 TRX
Ақшаны қандай криптовалютада шығаруға болады
- USDC (Ethereum)
- USDC (BNB Smart Chain)
- USDT (BNB Smart Chain)
- USDT (Tron)
- USDT (Ethereum)
- BTC (Bitcoin)
- ETH (Ethereum)
- BNB (BNB Smart Chain)
- SOL (Solana)
- ADA (Cardano)
- AVAX (Avalanche C-Chain)
- TON (TON)
- TRX (Tron)
Реттеу
Барлық операция AML, KYT және Travel Rule талаптарын қоса алғанда, қаржылық мониторинг талаптарына сәйкес тексеруден өтеді. Егер қаражат шығаруды ресімдегеннен кейін ол қоржынға келіп түспесе, қолдау қызметіне хабарласыңыз.