Финансист №3 (43) 2026

Бексұлтан Абдуллин
Freedom Finance Global клиенттермен жұмыс жөніндегі аға менеджері
Жер қойнауын пайдалану сабақтары
Голланд ауруынан қалай құтылып, экономиканың өркендеуіне жетуге болады
Шикізат салаларының дамуы экономиканың басқа салаларының тоқырауымен қатар жүретін голланд ауруымен көптеген ел ауырып шықты. Бұл құбылыс алғаш тіркелген Нидерландқа уақыт өте келе мұнайға бай бірқатар мемлекет қосылды. Кейбіреуі тіпті пайдалы қазба өндіруден түскен пайданы орынды жұмсай алды. Осындай табыстың ең айқын үш мысалын қарастырайық.
Норвегия: мұнай долларын — қоржынға
Норвегия әлемдегі ең ірі көмірсутек өндірушілердің үздік 20-лығына кіреді әрі бір мезгілде жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші бойынша жетінші орында тұр. Бір қызығы, 1960 жылдардың соңында ірі мұнай кен орындары ашылғанға дейін ел экономикасының негізі балық аулау болатын. 1963 жылы Норвегия өз жер қойнауына егемендік жариялады, ал 1969 жылы мұнда алғашқы Экофиск кен орны табылды. Мұнай буы кезеңінде жергілікті парламент компанияларды шикізатты ішкі нарықта өңдеуге, оған мұнай өнімінің негізгі көлемін жеткізуге және импортқа шығынды үнемдеу үшін жабдықтың өз өндірісін дамытуға міндеттейтін заң қабылдады. 1990 жылдардың басынан бастап ел мұнай экспортынан түскен аса кірісті өз қаржы нарығында жасанды көпіршік тудырмау мақсатында бүкіл әлемдегі активтерге инвестициялайтын, арнайы құрылған Global мемлекеттік зейнетақы қорында жинақтай бастады.
Бүгінде Global қорының қаражат көлемі $2,2 трлн-нан асады. Бұл Норвегия ЖІӨ-інен төрт есе көп
Сауд Арабиясы: АҚШ-пен серіктестіктен әртараптандыруға
Әлемдегі мұнайдың ең ірі үш экспорттаушысының бірі — Сауд Арабиясы Корольдігі глобуста небәрі 1933 жылы пайда болды. Бұл мемлекет құрылғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң америкалық геологтар оған орасан зор мұнай кен орындарын табуға көмектесті.
1970 жылдардың ортасынан бастап ел алынған аса кірісті өз өнеркәсібін дамытуға салып, тек мұнай-химия өнімінің ғана емес, сондай-ақ болат пен болат прокатының да әлемдегі жетекші өндірушілерінің біріне айналды. ХХІ ғасырда саудтықтар басқа салаларды, оның ішінде косметикалық және фармацевтикалық салаларды да қарқынды дамыта бастады. Көмірсутекке шектен тыс тәуелділікті еңсеру, экономиканы әртараптандыру, импортты алмастыруға инвестициялау мүмкіндіктерін жасау — мұнайы әлі күнге буырқанып жатқан ел үшін дамудың негізгі бағыттары.
БАӘ: мұнай — бастапқы капитал ретінде
Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) көп жыл бойы әлемдегі мұнай өндіруші елдердің ондығына және жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші бойынша көшбасшылардың жиырмалығына кіреді. Абу-Даби мен Дубай әмірліктерінде энергоресурс өндіру 1960 жылдардан бері жүргізіледі. Ол кезде олар Ұлыбританияның протектораты — Шарттық Оманның құрамында еді. Тәуелсіз БАӘ мемлекеті 1971 жылы құрылған соң бірден оның билігі халықтың өмір сүру деңгейін төмендетуі мүмкін мұнай бағасының терең құлдырауы жағдайына экономиканы әртараптандыру туралы ойлана бастады. Ең перспективалы сала ретінде Әмірліктер туризм мен қаржыны таңдады, сондай-ақ еркін экономикалық аймақтар құруға бет бұрды. Бұл инвестиция тартуға және өз өнеркәсібінің дамуын жеделдетуге мүмкіндік берді.
Мақсатына жетті: бүгінде БАӘ экономикасы тек мұнай кірісіне сүйенбейді, ол шикізат бағасының ауытқуына төзімдірек болды. Түсімнің елеулі бөлігі азаматтарға арналған жеңілдіктер жүйесіне жіберіледі: оларға тегін мемлекеттік білім, жеңілдікті тұрғын үй бағдарламалары, аз қамтылған отбасыларға жәрдемақы, балаларға төлемдер және өмір сүру құнының өсуін өтеу қолжетімді. БАӘ азаматтығын туу құқығынсыз алу мүмкін емес десе де болатынына қарамастан, Әмірлік шетелдік бизнес пен мамандар үшін жайлы жағдай жасады, бұл экономиканы қосымша нығайтты. Осылайша ресурстық рента елдің экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертуге және тұрғындарының әл-ауқатын елеулі арттыруға мүмкіндік берді.