Freedom компаниялар тобы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Фридом жаңалықтары

30 қараша 2022, 14:39

2022 жылғы 30 қараша

Freedom компаниялар тобы және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі екжақты ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. 

Құжат қорғаныс ведомствосының ақпараттық ресурстарын дамыту саласында әріптестік қатынастарды орнатуды, Алматы қаласындағы Армия үйінің инфрақұрылымын қолдауды, инновациялық жобаларды орындау сапасын арттыруды көздейді.

Армия үйінде жоспарланған бірлескен жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары объектінің сәулеті мен тарихи маңызын сақтай отырып, жаңа серпіліс бермек. Армия үйінің даму жоспарына сай, онда панорамалы кинотеатр, коворкинг орталығы, әскери квест аймақ, VR мұражай, интерактивті қарулар аймағы орналасатын болады. Сол арқылы қала тұрғындары мен қонақтары үшін бос уақытын пайдалы өткізуге арналған жаңа алаң пайда болады. Өз кезегінде заманауи мұражай меү панорамалы кинотеатр Алматы қаласының мәдени-ағартушылық картасын байытпақ.

Бұдан басқа, меморандумға сәйкес, Қазақстан Республикасының қарулы күштер қызметін жарықтандыратын «Сарбаз» ақпараттық ресурсын дамытуда қолдау көрсетіледі

Дархан Ахмедиев, Қазақстан Республикссының Қорғаныс министрінің орынбасары:
«Жаңа технологиялар қызметтің бүкіл саласына қарқынды түрде еніп жатыр. Бүгінгі күні біз қол қойып отырған меморандум көптеген бағыттарды қамтып, Қарулы күштердің беделін нығайтуға, әскери-отансүйгіштік тәлім-тәрбиені дамытуға, инновациялық жобалар мен өнімдерді ендіруге қызмет ететін болады».

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры:

«Бүгін біз екі елдің отансүйгіштік рухын дамытуға тағы бір үлес қосып жатырмыз. Отансүйгіштік дегеніміз бұл - жай ғана сөз бен ұран емес, бұл бірінші кезекте өзің тұрып жатқан елдегі өмірді жақсарту үшін нақты қадамдар жасау. Ол үшін біздің компания үлкен ресурстар жіберіп, ірі әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдайды. Біздің тәжіртбеміз бен біліміміз  Қазақстанның қарулы күштерін дамытуға септігін тигізеді әрі біздің армияны  әлемде ең технологиялық және тиімді ететініне сенімдімін. Біз мемлекеттік сервистермен тиімді интеграциялаудың көмегімен қаржылық өнімдерімізді цифрландыру процесіне ендірілген үздік практикалардың барлығын пайдаланатын боламыз».

БАҚ үшін байланыстар:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected][email protected]
Тел.: +7 (727) 311 10 64, ішкі нөмірі 640.





Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!