Freedom Holding Corp. LD Micro компаниясын сатып алады

Фридом жаңалықтары

7 марта 2023, 07:59

Алматы, Қазақстан, 2023 жылғы 6 наурыз

Freedom Holding Corp. (FRHC) компаниясының Freedom U.S. Markets LLC еншілес компаниясы SRAX, Inc компаниясына тиесілі LD Micro, Inc. компаниясын сатып алу бойынша мәміленің аяқталғаны туралы хабарлайды. Сыйақы сомасы $4 млн мөлшеріндегі ақшалай қаражатты, сондай-ақ $4.3 млн-ға FRHC жай акцияларын қамтиды.

LD Micro атынан холдинг шағын капиталдандыру компаниялары үшін конференциялар ұйымдастыру бойынша ең ірі платформаны сатып алады. Олардың арасында ең ірісі - Invitational және Main Event жыл сайын Лос-Анджелесте өтеді.

Іс-шараларға үнемі 200-ден астам компания мен мыңдаған инвесторлар қатысады. Соңғы 15 жыл ішінде LD Micro конференциялары инвесторлар мен пікір көшбасшылары шағын капиталдандыру компанияларының секторында жаңа атаулар ашты, мысалы: ХPEL (ХPEL), Celsius Holding (CELH), Compass Diversified Holdings (CODI), Piedmont Lithium (PLL), American Battery Technology Company (AMBL) және тағы басқасы.

2015 жылы LD Micro барлық сектор туралы тек бір күндік ақпарат беру үшін алғашқы таза шағын капиталдандыру индексін (LDMi) іске қосты. LD Micro өзінің ең жоғары деңгейіне 2021 жылғы ақпанда $4585.64 белгісінде жетті. Соңғы үш жыл ішінде индекс орташа есеппен 43,8%-ға өсті.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры:
«Мен LD Micro-мен 2018 жылы Main Event конференциясына алғаш рет қатысқан кезде таныстым және одан мен үлкен әсер алдым. Бірнеше жылдан кейін бүгінгі күні компания біздің холдингтің құрамына кіргелі жатыр. Аталған компанияны сатып алу FRHC брокерлік бизнесін дамытуға қосымша серпін береді деген сенімдемін. LD Micro ресурстарының көмегімен біз жаңа эмитенттерге және көптеген инвесторларға мүмкіндік аламыз. Холдинг талдамалық өтеу жүргізілетін компаниялардың тізімін үнемі кеңейте алады, капиталды орналастыру және тарту бойынша жаңа мәмілелер жасай алады әрі клиенттерімізге тиімді инвестициялық идеялар ұсына алады. Бұдан басқа, біз жаңа ауқымды салалық конференциялар, оның ішінде ірі компаниялар үшін де өткізетін боламыз».

Роберт Вотзяк, Freedom Capital Markets компаниясының Президенті және бас атқарушы директоры:  
«SRAX негізін қалаушы Крис Лахиджи әртүрлі секторлар мен өңірлерден шағын және микро капиталдандыру компанияларын көрсету үшін бірегей платформа әзірледі. Біз LD Micro мен Freedom платформасының арасындағы синергия мүмкіндіктерін көреміз. Біз клиенттерге, инвесторларға және мүдделі тараптарға жеке әрі сараланған көрсетілетін қызметтердің ұсыныстарын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Кейінірек LD Micro компаниясы ребрендинг рәсімінен өтеді».

Алдағы жылдары SRAX LD Micro іс-шараларының стримингі бойынша эксклюзивті серіктесі ретінде қатысуды жалғастырады және Sequire платформасының көмегімен халықаралық аудиторияны сапалы қамтуды қамтамасыз етеді.

Freedom Holding Corp. жайында
Freedom Holding Corp. – бұл Freedom еншілес компаниялары арқылы қаржылық қызметті, бөлшек брокерлік операцияларды, инвестициялық консультация беруді, бағалы қағаздармен жасалатын сауданы, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Ұйым KASE, AIX, UZSE, UX биржаларына кәсіби қатысушы болып табылады. Холдингтің компаниялары Қазақстан, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Ұлыбритания, Грекия, Испания, Франция, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Кипр және АҚШ сияқты елдерде ұсынылған. Холдингтің жай акциялары NASDAQ Capital Market-те сатылады.

LD Micro компаниясы жайында
LD Micro компаниясы 2006 жылы микрокапиталдандырылған компаниялар секторында тәуелсіз ресурс болу мақсатында құрылды. Қазіргі уақытта ол шағын және микрокапиталдандырылған компаниялар бойынша конференциялардың жетекшісі ретінде сатылуда. Компания жайында қосымша ақпарат www.ldmicro.com сайтында қол жетімді.

SRAX компаниясы жайында
SRAX (NASDAQ: SRAX) қаржылық технологиялармен айналысады және биржада тіркелген компаниялар үшін деректер мен ақпаратқа қол жетімділікті ашады. Sequire инвесторлары мен коммуникациялары жайында ақпарат жинаудың негізгі платформасы арқылы компаниялар өздерінің қазіргі инвесторларының мінез-құлқы мен үрдістерін бақылай алады және бұл деректерді барлық маркетингтік арналар арқылы әлеуетті тарту үшін пайдалана алады. SRAX компаниясы жайында қосымша ақпаратты www.srax.com және www.mysequire.com сайттарынан табуға болады.


БАҚ үшін байланыстар:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!