Freedom компаниялар тобы IQanat мектебінде жаңа кампустың құрылысын қаржыландырады ​

Фридом жаңалықтары

9 наурыз 2023, 12:50

Алматы, Қазақстан, 9 наурыз 2023 жыл

IQanat мектебінің аумағында «Freedom House» деген атауға ие болатын жаңа кампустың іргетасын қалау рәсімі өтті. 

Салтанатты шараға Ақмола облысының әкім орынбасары Малгаждар Таткеев, IQanat жобасының бастамашысы және қамқоршысы - Айдын Рахимбаев, IQanat қамқоршысы, Freedom Holding Corp атқарушы директоры - Тимур Турлов, мектеп түлектері мен оқушылары қатысты.

Жоба Шортанды көлінің жағалауында жүзеге асырылады. Құрылыс жоспары бойынша кампуста 420 орындық амфитеатр, планетарий, жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқытуға арналған заманауи жабдықталған кабинет, 7 мың кітап қоры бар кітапхана және ашық терраса болады. Құрылыс нәтижесінде мектептің сыйымдылығы қосымша 120 орынға артады деп жоспарлануда.

Айта кететін жайт, Тимур Турлов 2019 жылдан бері IQanat жобасының Қамқоршысы болып табылады, Түркістан, Қызылорда, Павлодар және Жетісу облыстарының шалғай аудандарындағы дарынды балаларға қолдау көрсетіп, мотивациялық кездесулер өткізіп, сол арқылы балалардың білім деңгейін көтеруге қолынан келгенше үлес қосуға тырысып келеді.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры:

«Бүгінгі сапалы білім – бұл ертеңгі табысты болашақтың кепілі. Бұл жағынан IQanat мектебі Қазақстандағы ең озық мектептердің бірі болып табылады. Мұнда оқушылардың  білімді, білікті меңгеруіне және дарындылығын дамытуына барлық жағдай жасалған. Бірақ ең маңыздысы, мектеп еліміздің түкпір-түкпірінен келген балаларға бірдей мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ауылдық жерден шыққан оқушылардың 80%-дан астамы IQanat мектебінде тегін білім алуда, ал түлектер отандық және шетелдік ірі университеттердің грант иегерлері атануда. Freedom House сыйымдылығын тағы 120 орынға арттырғанда, біз елдің зияткерлік, бизнес немесе саяси элитасына айналатын көбірек жас саналарды тәрбиелей алатын боламыз». 

Жобаның бастамашысы Айдын Рахимбаевтың айтуынша, жобаның негізгі идеясы ұрпақтар сабақтастығы болып табылады.: 

«IQanat ауылдық білім беру мәселелерін шешуге бей-жай қарамайтын барлық қазақстандық кәсіпкерлердің басын біріктіреді және де болашақта осы миссияны атқаруға ат салысатын ауылдардан жаңа белсенді және жігерлі жастарды тәрбиелейді».

«Freedom House» жаңа кампусының құрылысын аяқтау және оны пайдалануға беру 2023 жылдың 3-тоқсанына жоспарланған.

Анықтама үшін: 

IQanat High School of Burabay – ауылдық жоғары сынып оқушыларының емтиханға дайындалуға, салауатты өмір салтын ұстануға және  шығармашылық әлеуетін дамытуға баса назар аударатын бірегей жекеменшік мектеп-пансионаты. IQanat мектебі соңғы техника үлгілерімен жабдықталған, онда заманауи оқу кабинеттері мен зертханалар, спорт орталықтары, кітапханалар, музыкалық үйірмелер, көл аумағында ерекше орман алқабы бар. Бұл мектеп Қазақстанның барлық ауылдарынан келген оқушылардың Қазақстанның және шетелдің рейтингтік ЖОО-на: Nazarbayev University, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University of Chicago және т.б. грантқа түсіп жатқан жалғыз кейсі болып табылады.




БАҚ үшін байланыстар:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected]


Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!