KazChess Awards: шахмат қоғамдастығының үздік өкілдері марапатталды. Марапат Freedom Holding Corp. қолдауымен ұйымдастырылды.

Фридом жаңалықтары

13 наурыз 2023, 13:33

2023 ж. 13 наурыз, Алматы
 
Бүгін Алматы қаласында Қазақстанның шахмат қоғамдастығының үздік өкілдеріне KazChess Awards бірінші жыл сайынғы марапатын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.

Марапаттау тоғыз номинация бойынша өтті:
1. «Әйелдер арасында жыл спортшысы» - әйелдер арасында жылдам шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева. 
2. «Ерлер арасында жыл спортшысы» - ерлер арасында блицтен Азия Чемпионы Ринат Жұмабаев.
3. «Жыл көшбасшысы» - 44-ші Халықаралық шахмат олимпиадасының қола жүлдегері Жансая Әбдімәлік. 
4. «Жыл үздігі» - әйелдер арасында жылдам шахматтан вице-чемпионы Динара Сәдуақасова.
5. «Жыл жаңалығы» – 18 жасқа дейінгі жылдам шахматтан әлем чемпионы Нөгербек Қазыбек. 
6. «Жыл үміті» - 14 жасқа дейінгі қыздар арасында жылдам шахматтан әлем чемпионы Зарина Нұрғалиева. 
7. «Жыл ұйымдастырушысы» - Алматы облысы және Жетісу облысының шахмат және үстел ойындары федерациясының президенті Саят Егембердиев. 
8. «Жыл бапкері» - ҚР еңбек сіңірген бапкері және әлем, Азия және ҚР чемпиондарының және чемпионат жеңімпаздарының жетекшісі Ержан Шәкенов 
9. «Жыл судьясы» -  Халықаралық класты судья Олег Ринас.

Тимур Турлов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті:
«Өткен маусым бойы біздің спортшылар жарыстарда керемет нәтиже көрсетті. Әрбір жеңістің артында ата-ана, бапкерлер штабы сіңірген және, сөзсіз, спортшылардың өздері атқарған қажымас еңбек жатыр. Сол үшін де біз шахмат қоғамдастығының үздік өкілдерінің сіңірген еңбектерін мойындау үшін осы марапатқа бастама жасадық. Біздің спортшыларымыз, сөзсіз, ең мықты спортшылардың бірі, олар өз жетістерімен Қазақстанның абыройын әлемдік аренада асқақтатуда, бірақ одан да маңыздысы – өскелең ұрпақты шахматпен айналысуға әрі бұдан да орасан зор жеңістерге қолжеткізуге ынталандырып, оларға нағыз үлгі болу. Бұл марапат – біздің елімізде шахматты дамыту мен қолдау бойынша ауқымды әрі кешенді жұмыстардың бір бөлігі, сол арқылы біз көрнекті споршыларымыздың арасынан әлі-ақ нағыз саңлақтарды тәрбиелеп шығарамыз».

Т.Турлов сөйлеген сөзінде, Астана қаласындағы 2023 жылғы 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін шахматтан алдағы ФИДЕ әлем чемпионатының маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстанның астанасында өтетін әлемнің ең мықты шахматшыларының жекпе-жегі аталған спорт түрін біздің елімізде танымал етуге ықпал етеді деп сенім білдірді. Өз кезегінде, ұлттық шахмат федерациясы биылға бірқатар нақты бастамаларды жоспарлар қойды, оның ішінде:
- Қазақстанда шахмат секцияларының санын 14 мыңға дейін екі есе ұлғайту, мектепке дейінгі жарыстар, балалар кубогын, сондай-ақ мектеп, университет және тіпті корпоративтік лигалар өткізу;
-  сапалы инфрақұрылымды дамыту, оның аясында ҚШФ офистерін, Астана мен Алматы қалаларында заманауи шахмат мектебін ашу жоспарланған. Аталған объектілер дарынды жасөспірімдер, ұлттық құрама мүшелері, сондай-ақ әлемнің бүкіл жерінен келетін әйгілі қонақтар жиналатын орын болады деп күтіледі.
-  аса дарынды әрі болашағы зор шахматшыларға жан-жақты қолдау көрсету, оның ішінде 50 стипендия бөлу.


Марапат Freedom Holding Corp. қолдауымен ұйымдастырылды.


БАҚ үшін байланыстар:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!