Freedom Holding Corp. Aviata мен Chocotravel-дің сервистерін сатып алады

Фридом жаңалықтары

24 апреля 2023, 17:13

2023 жылғы 24 сәуір,  Алматы, Казахстан 

Freedom Holding Corp. Choco Холдингінен  Aviata мен Сhocotravel-дің сервистеріндегі үлестердің 100%-ын сатып алатыны туралы хабарлады. Сатып алуды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.  Мәміленің жалпы сомасы $32,3 млн-ды құрайды.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp.-ның Бас атқарушы директоры:
«Біз өз клиенттеріміз үшін цифрлық сервистердің толық құнды экожүйесін құрудамыз, сондықтан Aviata мен Chocotravel-дің сервистерін сатып алу — бұл топтың дамуына қисынды үлес. Аталған ықпалдастық бізге Қазақстанда халықтың экономикалық белсенді санаты болып есептелетін миллионнан астам әуе жолаушыларымен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Сервистердің қазіргі клиенттерімен тиімді қатынастардың арқасында Холдинг елеулі синергияларға қол жеткізе: банктің платформасы үшін жаңа клиенттерді тарта, сонымен бірге Aviata мен Chocotravel-дің жұмысын топтың төлем жүйесімен және  сақтандыру ұйымдарымен ықпалдастыра алады». 

Ішкі және халықаралық бағыттарға авиа және т/ж билеттерін сатып алу-сату секторында оң үрдіс байқалады. Отандық тасымалдаушылар жолаушылар ағынын толығымен қалпына келтіріп, тұрақты өсім көрсетіп үлгерді. 2022 жылдың қорытындылары бойынша қазақстандық әуе компаниялары рекордтық 11 млн адамды тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғы жолаушылар ағынынан 17% көп және пандемиялық 2020 жылғы көрсеткіштен екі есе көп.  

Aviata.kz және Chocotravel.com Amadeus версиясы бойынша ТМД-дағы ең автоматтандырылған агенттік болып есептеледі – билеттерді қайтару бойынша барлық операциялардың 76%-ы автоматты режимде мезетінде жүргізіледі, бұл өнімді әсіресе жиі ұшатын жолаушылар үшін пайдалануда қолайлы әрі қауіпсіз етеді.

Николай Мазенцев, Choco холдингінің Бас атқарушы директоры:
«Өткен жылы біз Холдингтің стратегиясын қайта қарап, жеткізіп берумен және бизнес үшін жарнамалық технологиялармен байланысты жобаларға ғана назар аударуды ұйғардық. Содан бері біз Lensmark.kz (линзалардың интернет-дүкені) мен ioka.kz (төлем жүйесі) сервистерін саттық. Aviata.kz және Chocotravel-ді сату қорытындылары бойынша Холдингте жеке және көпшілік қарызды 100% өтеу және өзіміз үшін стратегиялық маңызды жобалардың дамуына инвестициялау үшін ресурстар жеткілікті болады. Біз ұшудың бағалары мен нұсқаларын таба алатын нарықтағы үздік тревел өнімді жасадық деп мақтан етеміз, оларды басқа агенттіктерден таппайсыз».
 
Aviata.kz және Chocotravel.com – Қазақстандағы тревел нарығындағы ең танымал брендтердің бірі. Fusion Lab-тың (GFK-нің Қазақстандағы өкілдігі) зерттеуі бойынша, брендті тосыннан танудың деңгейі өте жоғары – қазақстандықтардың арасында top of mind 24,7%-ды құрайды. Компанияның b2b өнімі күшті, оны 1200-ден астам ірі компаниялар пайдаланады. EUSAT-тың қызмет көрсету сапасын бағалау (5 жұлдыз қойған адамдардың саны) 96%-ды құрайды.

Анықтама

Freedom Holding Corp. – бұл өзінің еншілес Freedom  компаниясы арқылы  қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, инвестициялау мәселелері бойынша кеңес беруді, бағалы қағаздарды сатуды, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Холдингтің компаниялары Қазақстан, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения, Ұлыбритания, Грекия, Испания, Франция, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Кипр және АҚШ секілді елдерде өкілдік етеді. 

Choco холдинг – Қазақстандағы ең ірі ІТ-компаниялардың бірі, 2022 жылдың қорытындылары бойынша оның 121 млрд. теңгеден астам айналымы болған. Өткен жылы холдинг өзінің барлық сервистерін бір  Сhoco супераппына біріктірді. Қазір  Сhoco холдингінің портфелінде Chocofood.kz, Choco Жаныңызда, Choco Delivery, Chocolife.me, Choco Loyalty and Digital Restaurant, iDoctor.kz бар.

Aviata.kz — 2013 жылы құрылған қазақстандық авиа және Т/ж билеттерін онлайн-брондау және сатып алу сервисі. 2018 жылы компания Chocotravel.com-мен бірікті. 2019 жылы Chocofamily холдингі біріккен Aviata/Chocotravel компаниясындағы өз үлесін 100%-ға дейін ұлғайтты.

БАҚ үшін байланыстар:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected]


Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!