«Super Bol» спорттық реалити-шоуының екінші маусымының басталуы

Фридом жаңалықтары

27 апреля 2023, 16:23

27 сәуір 2023 жыл Астана қ.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясында Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры – Тимур Турлов Қазақстанның ең ауқымды «SUPER BOL» спорттық реалити-шоуының екінші маусымының басталуы туралы айтты.

2022 жылы жобаға кәсіби спортшы болғысы келген 16 жастан 25 жасқа дейінгі жастар қатысты. Олар өздерінің дағдыларын туған қалаларында көрсетуге мүмкіндік алды, ал ең үздіктері атақты бапкерлердің жетекшілігімен толыққанды футбол базасында жаттығып, кейін кәсіби келісімшартқа отырды. Жоба қатысушыларының финалдық ойынын 60-тан астам скауттар, соның ішінде «Челси» техникалық директоры Клод Макелеле, итальяндық «Торино» және мәскеулік «Спартак» мамандары, сондай-ақ қазақстандық премьер-лиганың барлық дерлік клубтарының өкілдері тамашалады. 

«SUPER BOL» екінші маусымы 2023 жылдың 4 мамырында басталып, Қазақстанның 14 қаласын қамтиды.
«SUPER BOL» жобасын өткізудің жалпы ережелері мен қағидалары туралы жобаның бас менеджері, Астана қаласы мәслихатының депутаты Давид Лория айтып берді. Оның айтуынша, жоба мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады: жобаға қатысқысы келетін барлық жеке тұлғалар үшін теңдік пен жалпыға қол жетімділік, сауықтыру бағыты, кемсітушілікке тыйым салу және қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа және адамның абыройын қорлауды насихаттауға жол бермеу, футболдағы «инновациялық менталдылықты» дамытуға жәрдемдесу, жастардың футболға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанда жасөспірімдер спортын дамыту.

Футбол іріктеулері жобаны ұйымдастырушының командасы әзірлеген бірегей жүйе және шығып қалу әдістемесі бойынша өткізілетін болады. Спорттық реалити-шоу кастингтен тұрады, оған екінші іріктеу матчы мен финал кіреді. Финалдық кезең әлеуетті скауттардың қатысушылармен кәсіби келісімшартқа қол қоюын анықтау/қарау мақсатында бапкерлер құрамының басшылығымен және апта сайынғы тұрақты матчтарды өткізумен кәсіби футбол жаттығуларын қамтиды. Кастингке қатысуға жас ерекшелігіне сәйкес (16 жастан 24 жасқа дейін) барлық ниет білдірушілер өткізіледі. Жобаны ұйымдастырушы барлық қатысушыларды тіркейді. Кастингтер қатысушы қалалардың орталық стадиондарында өтеді. Жобаны ұйымдастырушы қатысушыларға медициналық көмек, қорғау, өрт қауіпсіздігін және тамақтануды қамтамасыз етеді.
Финалға қатысушылардың саны 50 (елу) финалистен тұрады, оның ішінде алғашқы 25 қатысушы кәсіби футбол базасына келеді, ал қалған 25 (жиырма бес) қатысушы резервте болады.

«Super BOL» жобасының трансляциясы «QazSport» телеарнасында жүзеге асырылады – деп хабарлады телеарнаның басшысы Наги Бакытбек. Бұл жастардың ең асыға күтетін спорттық жобасы. «SUPER BOL!» – кәсіби футболшы болуды армандайтын, бірақ әртүрлі себептермен өз армандарын орындай алмаған жастарға арналған телевизиялық әлеуметтік реалити-шоу.

«SUPER BOL» жобасының менеджері
Насима Корганбекова 
+77027882938


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!