IBM Adobe-пен ЖИ бойынша ынтымақтастықты кеңейтеді

Биржалық жаңалықтар

19 маусым 2023, 16:13

IBM (NYSE:IBM) Adobe Sensei GenAI және Adobe Firefly (қазіргі уақытта бета нұсқасында) қызметтерін қоса алғанда, келесі буын жасанды интеллектті енгізу арқылы компанияларға контент жеткізу тізбегін жеделдетуге көмектесу үшін Adobe (NASDAQ:ADBE) компаниясымен бұрыннан келе жатқан серіктестігін кеңейту жоспарлары туралы хабарлады.


ЖИ-дегі көп жылдық тәжірибеге сүйене отырып, IBM Consulting клиенттерге инновацияларды, технологияларды және дизайнды біріктіру арқылы генеративті ЖИ-нің күрделі ландшафтында бейімделуге көмектесу үшін жаңа Adobe консультациялық қызметтер портфелін іске қосады. Adobe Content Supply Chain шешімдерін, жеделдетілген ЖИ және IBM Consulting қызметтерін пайдалана отырып, мамандар тұтынушыларға біріктірілген контент жеткізу экожүйесін құруға көмектесе алады.


Adobe корпоративтік клиенттері IBM Consulting сарапшыларына, соның ішінде 21 000 деректер, ЖИ және тәжірибе бойынша кеңесшілерге қол жеткізе алады, бұл оларға дизайн мен шығармашылық процесс үшін генеративті ЖИ үлгілерін тиімді енгізуге көмектеседі. Бұған бастапқыда суреттер мен мәтіндік эффектілерді генерациялауға бағытталған Firefly, сондай-ақ, өнімділікті көтеру үшін маркетингтік жұмыс процестерін жеңілдетуге көмектесетін Adobe корпоративтік қосымшаларына енгізілген маркетологтардың көмекшісі Sensei GenAI қызметтері кіреді.


IBM мен Adobe-тің жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастығы маркетинг саласында нағыз төңкеріс жасай алады. Осы саладағы екі корпорацияның бірлескен әзірлемелері жасанды интеллектті шығармашылық салаға, оның ішінде жобалау және дизайн саласына енгізуге мүмкіндік береді. Екі корпорация бірлесіп жасаған жаңа өнімдер бүкіл әлем бойынша маркетологтардың үлкен сұранысына ие болуы мүмкін. Дегенмен, мұндай өнімдер АҚШ-та және басқа елдерде кең таралғандықтан, маркетологтар мен дизайнерлер үшін ЖИ-мен бәсекелес өнімдер пайда болатынын және екі американдық корпорация мұндай әзірлемелердің әлемдік нарығын монополияландыра алмайтынын жоққа шығаруға болмайды», - деп түсіндіреді Freedom Finance Global жетекші талдаушысы Наталья Милчакова.


Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!