Ақтау мен қала маңындағы ауылдарда Freedom компаниялары тобының қолдауымен сумен қамтамасыз ету жақсарады

Фридом жаңалықтары

4 August 2023, 11:21

4 тамыз 2023 жыл

2023 жылғы 4 тамызда Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілері пайдалануға берілді. Бұл болашақта Ақтау қаласы мен Түпқараған ауданындағы ауылдардың тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді. Жобаның құны 2,12 млрд теңгені құрады және оны Freedom компаниялар тобы толық қаржыландырды.

Ақтау қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан ауыз сумен жабдықтау объектілерінің ашылуына Freedom Holding Corp Бас атқарушы директоры Тимур Тұрлов және Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

Ақтау қаласындағы тұщыландыру зауытынан ОСЖТ-4 (орталық сумен жабдықтау торабы) дейінгі сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілерін салу және монтаждау жұмыстарын Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий Жылу, Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізді. Қазіргі уақытта «КЖСА» МКК тарапынан нысандар су беруге 100% дайын.

Жоба өткен жылдың қазан айында қол қойылған Маңғыстау облысы мен Freedom компаниялар тобының меморандумы аясында іске асырылды. Бастама азаматтардың негізгі қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайлар мен көлік байланысын жақсарту мақсатында құрылған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын қолдауға бағытталған.

Freedom Holding Corp Бас атқарушы директоры Тимур Турлов:

«Өткен жылы Маңғыстау облысының әкімімен кездесу барысында біз өңірдің шұғыл әрекет етуді талап ететін негізгі мәселелерін көрдік. Сондықтан біз осы үлкен және өршіл жобаны іске асыруға бірден кірісіп кеттік, оның нәтижелерін бүгін көріп отырмыз. Бизнес пен мемлекеттің серіктестігі арқасында жүздеген мың адамдар таза ауыз суға қол жеткізе алады. Бір жылдан аз уақыт ішінде аймақ үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар үлкен жобаны әзірленді және жүзеге асырылды. Бұл бірлескен күш-жігермен біз ауқымды мәселелерді тез және сапалы шеше алатынымызды және ел азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыруға үлес қоса алатынымызды дәлелдейді».

Екі су құбыры желісінің әрқайсысының ұзындығы 10 шақырымнан асады, ал сорғы станциясының қуаттылығы тәулігіне 20 000 м3 құрайды. Салынған су құбыры арқылы Ақшұқыр және Сайын-Шапағатов ауылдарының тұрғындарын, сондай-ақ Ақтау қаласы тұрғындарының бір бөлігін үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

«Бүгін біз Ақтау қаласында және Түпқараған ауданының жақын маңдағы ауылдарында ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетін өңіріміз үшін маңызды объектілердің бірі - жаңа сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желісінің ашылу сәтіне қатысып отырмыз.  Соңғы жылдары су тапшылығы мәселесі Маңғыстау облысы үшін өте өзекті болып отыр. Облыс әкімдігі осы мәселені шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, тұщыландыру зауыттары салынуда, жұмыс істеп тұрғандардың қуаты артуда. Бірнеше жыл ішінде су тапшылығы мәселесін толық шешу күтілуде. Бүгінгі таңда тұщыландыру зауытынан ОСЖТ-4-ке дейінгі сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желісінің ашылуы мәселені шешу бойынша қабылданып жатқан шаралардың бір мысалы болып табылады. Жобаны толығымен Freedom компаниялар тобы қаржыландырды, ол үшін облыс тұрғындары үлкен алғыс білдіреді».

Жергілікті қауымдастықтар үшін инфрақұрылымға жасалған маңызды инвестициялармен қатар, Freedom компаниялар тобы қатысу аймақтарындағы өмір сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әлеуметтік және экологиялық жобаларды белсенді түрде қаржыландырады. Ұлттық ESG-клубының қатысушысы бола отырып, топтың брокерлік бағыты оның отырыстарына қатысады, қызметтің перспективалық бағыттарын және қаржы секторы компанияларында орнықты даму практикасын енгізудің өзекті мәселелерін талқылайды.




БАҚ үшін байланыстар:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected]


Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!