Freedom компаниялар тобы Ақтау жағалауында «Құдықшылар» архитектуралық мүсінін орнатты

Фридом жаңалықтары

7 August 2023, 10:33

7 тамыз 2023 жыл
Ақтау жағалауында «Құдықшылар» архитектуралық мүсіні пайда болды, оны дайындау және орнату Freedom компаниялар тобының бастамасымен жүргізілді. Оның салтанатты ашылуы Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры  Тимур Тұрлов пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өтті.

Қола мүсін терең және көп қырлы мағынаға ие. Оның еңбегі тарихи тұрғыдан таза су тапшылығын бастан өткерген осы аймақтағы қазақтар үшін әрқашан ерекше маңызға ие болды. Үш адам фигурасы – атасы, әкесі және ұлы – құнды білімнің ұрпақтан-ұрпаққа берілуін білдіреді, себебі суды алу мен сақтаудың маңызды дәстүрі ежелгі дәуірден бастау алады және көптеген ғасырлар бойы белгілі. 

Туынды идеясының авторы және оны жасаушы Маңғыстау облысының атақты қазақстандық мүсіншісі Болатбек Салаев болды. Ол еліміздің көптеген бұрыштарында ескерткіштер мен мүсіндер орнатуға қатысты. Салаевтың жұмысы жұртшылық тарапынан үнемі үлкен қызығушылық пен ынталы пікірлер тудырады. «Құдықшылар» мүсінін дайындау екі айға созылды. Өнер туындысының жалпы биіктігі – 4,5 метр. 

Freedom Holding Corp Бас атқарушы директоры Тимур Турлов:
«Өнер – маңызды әлеуметтік хабарларды сөзсіз жеткізудің ең шешен тәсілдерінің бірі. Біз «Құдықшылар» архитектуралық мүсінін аймақтағы ең көне және құрметті мамандықтардың бірі – қазақтардың назарында болған құдық қазушыларға құрмет белгісі ретінде орнаттық. Тағы бір маңызды хабар – бұл үш фигурада көрсетілген уақыт пен ұрпақтың сабақтастығы. Бұл мүсін қоғамға Маңғыстаудағы таза су тапшылығымен жалғасып жатқан күресті еске сала отырып, жаңа өмірдің пайда болуының символына айналуға арналған. Аталған мәселені шешуге біз Ақтау қаласының маңында жаңа сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілерін іске қосу арқылы өз үлесімізді қостық. Осылайша, мүсіннің ашылуы біздің компанияның өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмек көрсету жөніндегі бірқатар бастамаларын жалғастыруда». 

Естеріңізге сала кетейік, 4 тамызда Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында Freedom компаниялар тобының толық қаржылық қолдауымен салынған Ақтау қаласындағы тұщыландыру зауытынан ОСЖТ-4 (орталық сумен жабдықтау торабы) дейінгі жаңа сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілері ресми түрде іске қосылды. Құны 2,12 млрд теңге іске асырылған жоба Ақтау қаласы мен Түпқараған ауданындағы ауылдардың тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:
«Бүгін біз Маңғыстау үшін маңызды іс-шараға – құдық қазушылардың құрметіне «Құдықшылар» мүсінінің ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Маңғыстау жері ежелгі заманнан бері өзінің құрғақ және қатал климатымен белгілі. Біздің ата-бабаларымыздың осы аймаққа бейімделуінде және одан кейінгі көшпелі және отырықшы өмірде «құдықшылар»  маңызды және шешуші рөл атқарған. Дамыған технологиялар дәуірінде олардың тұщы су көздерін тауып, құдықтар қазу қабілеті тек мақтаныш пен таң қалу сезімін тудырады. Бүгінде біздің облыста осы құдық қазушылардың тікелей ұрпақтары тұрады, олар Ақтау қаласында мүсін орнатылуына ризашылықтарын білдірді. Облыс тұрғындары үшін бұл мүсін ұрпақтар арасындағы байланысты және тұтастай алғанда аймақ үшін судың құндылығын бейнелейтініне сенімдімін».

Айта кету керек, бұл аймақтағы тұщы су мәселесі оның климаттық және табиғи ерекшеліктерімен байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан. Бүгінгі күнге дейін өмір беретін ылғалдың жетіспеушілігі облыстың әлеуметтік өмірі мен экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді және жергілікті халықтың дәстүрлері мен мәдениетінде көрініс тапты. Мысалы, «құдықшы» бейнесі бас кейіпкердің прототипіне айналды және қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің сюжеттік желісін берді. Freedom компаниялар тобы мыңдаған адамдар ауыз суға қол жеткізе алатын құрметті мамандық өкілдерін дәріптеуге үлес қосты. 




БАҚ үшін байланыстар:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!