S&P Global Ratings Freedom Holding Corp. және оның еншілес компанияларының рейтингтерін растады

Фридом жаңалықтары

24 тамыз 2023, 15:38

24 тамыз, Алматы қ.

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Freedom Holding Corp. ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «B-» деңгейінде, «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Europe Ltd., Freedom Finance Global PLC және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «B/B» деңгейінде растады. «Фридом Финанс» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ рейтингтері ұлттық шкала бойынша «kzBB+» деңгейінде расталды.

«Freedom тобына берілген «B» деңгейі, бір жағынан, бизнесі өсіп келе жатқан, пайда әкелуші, қаржылық қызмет көрсететін ұйымның күшті жақтарын көрсетсе, ал екінші жағынан – ол жұмыс істейтін нарықтармен және оның ұйымдық құрылымымен байланысты компанияға тән жоғары тәуекелді көрсетеді. Біздің ойымызша Freedom – күрделі құрылымы бар және тәуекелді қабылдауға жоғары дайындығы бар топ, бұл өткен жылдары оның бизнесінің тез өсуімен және осы үрдісті, оның ішінде активтерді сатып алу есебінен жалғастыруға ниетті екендігімен расталады», – делінген S&P Global Ratings ресми хабарламасында.

Рейтингтердің сақталуына қарамастан, олар CreditWatch ықтимал қайта қарау тізіміне енгізілген. Бұл заңдық және комплаенс-тәуекелдердің айтарлықтай жоғарылауы жағдайында немесе теріс нарықтық көңіл-күй топтың бизнесіне теріс әсер еткен жағдайда агенттік келесі 90 күн ішінде осы субъектілердің рейтингтерін төмендетуі мүмкін деген тәуекелді көрсетеді. Бұл ретте S&P Global Ratings. егер аталған төмендеу тәуекелдерін шектеулі деп есептесе, рейтингтерді растауға және оларды CreditWatch тізімінен алып тастауға дайын.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Hindenburg Research компаниясы Freedom Holding Corp. туралы есеп жариялаған болатын. Материал шын мәнінде сенімсіз жасырын көздерден, жалған ақпараттан, расталмаған қорытындылар мен алыпсатарлардан холдингтің беделіне нұқсан келтіру және халықаралық қаржы нарығындағы FRHC акцияларының жағдайына теріс әсер етуге ниеттелген өтініштер жинағын білдіреді. 

Бұл ретте холдинг өз бизнесінің тұрақтылығын, команданың кәсібилігін, сондай-ақ өз клиенттерінің, акционерлері мен серіктестерінің сенімін көрсетті. Соның салдарынан бүгінгі таңда Freedom Holding Corp. және оның еншілес компанияларының S&P Global тобына кіретін жетекші халықаралық S&P Global Ratings компаниясының рейтингтері өзгеріссіз қалып отыр. Холдингтің 2023 фискалдық жылдағы есебі «үлкен төрттікке» кіретін Deloitte тәуелсіз аудиторлық компаниясының тексеруінен өтті. Құжатпен АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (SEC) сайтында танысуға болады.

Анықтама:

Freedom Holding Corp – бұл қаржы қызметін, бөлшек делдалдық операцияларды, инвестициялар мәселелері бойынша кеңес беруді, бағалы қағаздар саудасын, өзінің еншілес Freedom компаниялары арқылы инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Компания Қазақстан қор биржасының (KASE), «Тошкент» республикалық қор биржасының (UZSE), Украина қор биржасының (UX), Astana International Exchange (AIX) кәсіби қатысушысы болып табылады. Оның бас кеңсесі Қазақстан, Алматы қаласында, ал әкімшілік кеңсесі АҚШ-та орналасқан. Бүгінгі таңда холдингтің қарапайым акциялары Nasdaq Capital Market, KASE-де саудаланады.


БАҚ үшін байланыстар:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!