Freedom Holding Corp. және оның еншілес компанияларының рейтингтері расталды

Фридом жаңалықтары

1 қараша 2023, 12:44

2023 жылғы 1 қараша, Алматы қ.

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Freedom Holding Corp. ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «B-» деңгейінде, «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Europe Ltd., Freedom Finance Global PLC және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «B/B» деңгейінде растады. «Фридом Финанс» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ рейтингтері ұлттық шкала бойынша «kzBB+» деңгейінде расталды.

Freedom Holding Corp. және оның еншілес компанияларының рейтингтері 2023 жылдың 24 тамызында орналастырылған CreditWatch Negative («жағымсыз күтулермен қайта қаралған рейтингтер») тізімінен шығарылды. 

«Біздің Freedom Holding Corp. және топтың негізгі еншілес компанияларына тағайындаған рейтингтер, бір жағынан, оның бизнесі өсіп келе жатқан, пайда әкелетін, қаржы қызметін көрсететін ұйым ретінде мықты тұстарын, ал екінші жағынан – ол жұмыс істейтін нарықтармен және оның ұйымдық құрылымымен байланысты компанияға тән жоғары тәуекелдерді көрсетеді», – делінген S&P Global Ratings есебінде.

Нарық қатысушылары, оның ішінде брокерлер, клирингтік палаталар мен қор биржалары соңғы үш ай ішінде топпен іскерлік қарым-қатынастарын сақтап қалды. Бұдан басқа, FRHC клиенттік базасы негізінен санкциялар қолданылмайтын Қазақстан, Украина, Ресей азаматтарынан және Ресей диаспорасынан, сондай-ақ ЕО азаматтарының өсіп келе жатқан санынан тұрады. 2023 жылдың тамызы мен қазаны аралығында «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-дағы бөлшек және корпоративтік депозиттер тұрақты болып қалды.

Агенттік алдағы 24 айда Freedom Holding Corp. Қазақстандағы қызметтен түсетін табыстың басым бөлігіне қол жеткізуді жалғастырады деп күтуде. Қазақстандағы бизнеске 2023 жылдың 30 маусымында аяқталған соңғы 15 айдағы топтың жалпы табысының жартысынан астамы тиесілі. Сонымен қатар кипрлік Freedom Finance Europe Ltd. үлесі сол кезеңдегі жалпы табыстың шамамен 15%-ына дейін қысқарды.

Сондықтан енді холдингке Қазақстанда қызмет ететін банктер рейтингінің базалық деңгейінен екі сатыға төмен бағалы қағаздармен операциялармен айналысатын қазақстандық компаниялар үшін рейтингтің базалық деңгейі қолданылатын болады. Топ комиссияларының жалпы сомасындағы Белиздегі құрылым комиссияларының үлесі (брокерлік, банктік және инвестициялық-банктік қызметтерді қоса алғанда) 2021 жылғы 60%-дан 8%-ға (2023 жылдың 30 маусымында аяқталған тоқсанда) дейін біртіндеп төмендеді.

Егер S&P Global Ratings корпоративтік басқару және топтың тәуекелдерін басқару практикасын нығайту жөніндегі шаралар ұзақ мерзімді болатынына көз жеткізсе, алдағы 12 айда Холдингтің және оның еншілес компанияларының рейтингі бойынша болжамды «Терістен» «Тұрақтыға» қарай қайта қаралатын болады. Сонымен қатар RAC коэффициенті ағымдағы деңгейде тұрақтануға тиіс, оған пайданың күшті көрсеткіштері және активтерді сатып алу бойынша мәмілелердің шектеулі саны ықпал ететін болады.

Анықтама:
Freedom Holding Corp. – қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, инвестициялар мәселелері бойынша кеңес беруді, бағалы қағаздар саудасын, өзінің еншілес Freedom компаниялары арқылы инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Компания – Қазақстан (KASE), Республикалық «Тошкент» (UZSE), Украина қор биржаларының (UX), Astana International Exchange (AIX) кәсіби қатысушысы. Оның бас кеңсесі Қазақстанда Алматы қаласында, ал әкімшілік кеңсесі АҚШ-та орналасқан. Бүгінгі таңда холдингтің қарапайым акциялары Nasdaq Capital Market, KASE-де саудаланады.

БАҚ үшін байланыс деректері: 
Рамина Фахрутдинова - «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының PR жөніндегі кеңесшісі 
E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!