BlackBerry автокөліктерге арналған бағдарламалық жасақтама туралы екі жаңалық жариялады

Биржалық жаңалықтар

11 қаңтар 2024, 14:03

BlackBerry Limited (NYSE: BB) технологиялық компаниясы кеше автомобильдерге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мен сатуға қатысты екі жаңалық жариялады. BlackBerry үшін бұл енді ұзақ мерзімді өсу әлеуеті бар негізгі бағыттардың бірі, себебі қосылған автомобильдер барған сайын танымал болып келеді.

Кеше BlackBerry QNX Everywhere бастамасын іске қосты, ол енгізілетін жүйелерді әзірлеу бойынша жоғары білікті мамандардың тапшылығы проблемасын шешуге арналған. Ең алдымен, әңгіме робототехника, автомобильдер, медициналық жабдықтар мен өндірістік автоматтандырылған желілер үшін сапалы софт жаза алатын бағдарламашылар туралы болып отыр.
 
BlackBerry бастамасы пойыздарда, өнеркәсіптік автоматтандыруда, ауа баптау жүйелерінде, медициналық роботтарда және т.б. пайдалану үшін сертификатталған QNX операциялық жүйесімен жұмыс істеуге мамандарды тартуға бағытталған.
Ең алдымен BlackBerry басшылығы студенттерді тартуға үміт артады, бұл болашақта QNX-ті кеңінен таратуға көмектесетін мамандар базасын құрады.

Сондай-ақ, кеше BlackBerry өзінің автомобильдерге арналған BB IVY платформасын Project X. деп аталатын жаңа жобада MIH консорциумы пайдаланатынын хабарлады.
 
Жалпы алғанда, MIH бастамасын автомобильдерге, оның ішінде электр автомобильдеріне арналған құрамдас бөліктердің ірі өндірушісі болып табылатын Foxconn компаниясы іске қосты.
Өткен жылы MIH Project X. электр көліктерінің жаңа буыны жобасы шеңберінде BlackBerry бағдарламалық жасақтамасы мен сервистерінің бірнеше үлгілерін пайдаланған болатын, Енді автомобильдердің қауіпсіздігінің алдыңғы қатарлы жүйелері үшін IVY платформасын қосу туралы шешім қабылданды. Бұл BlackBerry-дің Project X-ке қатысуын едәуір кеңейтеді.
10 қаңтардағы сауда-саттықта BB акциясы $3,45 болды. Нарықтық капиталдандыру $2,02 млрд. болды


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!